Вторник
23.04.2024
22:27
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Блог »
Меню сайта

Главная » 2014 » Май » 8 » АЯҚ КИІМІҢІЗ ҚАНДАЙ?
10:29
АЯҚ КИІМІҢІЗ ҚАНДАЙ?

Өкшелі туфли

Өкшелі аяқ киімді көбіне өзгеден биік тұрғысы келетін бикештер киетінге ұқсайды. Бір қызығы бұл өзін өзгелерден төмен санайтын жандарға да тән дағды екен. Осы әдетімен олар өз кемшілігінің орнын толтыруға ұмтылатын көрінеді. Сол секілді, өз сұлулығын паш еткісі келетін, өзіне маңайындағылардың көңілін аударуға құштар бикештер де биік өкшелі туфлимен қаздаңдап жүруді ұнататыны белгілі. Бұлар ешқандай тәртіпке де, кімнің не айтатынынан да қаймықпайтын, үйреншікті тәртіпке қарсы жандар мыс.

Біз өкше туфли

Биіктігі таңдай қақтырмай қоймайтын туфлиді әдетте өзіне өзі сенімді, кезбез қыздардың аяғынан көруге болады. Олар өздерінің әдемілігіне сенімді, кездескен сері жігіттермен де оңай таныса кетеді. Мұндай бойжеткендерге бозбалалар да бірден үйіріліп түсетінге ұқсайды.

Биік әрі табанды туфли

Табаны қалың әрі биік, мұндай айрықша сәнді туфлилерге өзінің мінсіз мінезді, әрі көркем келбетті екендігіне әбден сенімді бикештер үйір келетін көрінеді. Мұндай бойжеткендер өзгелерден өз айтқандарынан қайтпайтын, бірбеткейлігімен ерекшеленеді.

Платформалы аяқ киім

Қиялшыл, сондай-ақ ұсынықты қыздар ұнататынға ұқсайды. Мұндай бикештер әдетте мақсатшыл, ойға алған армандарына жетпей қоймайтын жандар.

Жайпақ өкшелі, ашық аяқ киім

Бұл секілді аяқ киім киген бойжеткендер өзгенің көңілін өздеріне орнықты мінезімен аударады. Айтқанға көнгіш, пікірлесінің ауанына қарай аяқ алатын, икемді де түсінігі мол жандар. Олармен оңай тіл табысып, уақытты көңілді өткізудің өзі бір ғанибет.

Өкшесіз аяқ киім

Мұндай киімді көбіне ерік күші мықты бикештер таңдайды. Олар өздеріне ненің қажет екенін жақсы ажыратады. Соған қарамай, тез жабығып, жиі торығады.

Спорттық аяқ киімдер

Осындай аяқ киімді өздері жолыққан жанмен тез тіл табыса алатын қыздар таңдайды. Дегенмен, олар дағдылы тұрмыстарының өзгеруін қаламайды.

Әрине, аяқ киімі әдемі, әйтпесе биік, не аласа екен деп, жар таңдауға болмайтыны түсінікті.

                                                                                        Әзірлеген Әйгерім Жұманай

Просмотров: 610 | Добавил: Sakura | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей