Пятница
29.03.2024
12:17
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Блог »
Меню сайта

Главная » 2014 » Май » 8 » Мең, мінез және тағдыр
10:42
Мең, мінез және тағдыр

Көп халықтың ежелгі таным-түсінігі мен наным-сенімі бойынша, адам денесіндегі қал – Жаратушы Иеміздің салған белгісі, ал бет, мойын, иықтағы мең – сұлулықтың нышаны. Ақындар арулардың әдемі меңін жырға қосып, сазгерлер оған ән шығарған. Меңді сұлулықтың белгісі деп санаған әйелдер орта ғасырларда беттерінде мең болмаса, оны бояулар арқылы жүздеріне салып, сәндеген.

Адам денесіндегі мең мен қалдың 300-ден астам түрі бар екен. Бұлар туа біткен  немесе жүре пайда болатын екі түрге жатады. Бұл адам денсаулығы үшін қатерлі емес. Тек ісік түріндегі кішігірім ақау. Ал туа біткен меңнің адам денсаулығына ешқандай кері әсері жоқ деуге болады.

Әйел денесіндегі қал

1. Көздің айналасында қал болса, бұл әйел адамның байсалдылығын білдіреді.

2. Ерінде болса мінезі ақжарқын, сезімтал болады. Байлыққа бас имейді, өзіне артық жауапкершілік арқалауды ұнатпайды. Мең үстіңгі ерінде болса нәзіктіктің белгісі, астыңғы ерінде болса махаббат жағында өзімшіл болғаны.

3.Қолда болса бақыт пен байлықа бастайтын тамаша дарынды көрсетеді.

4. Екі қасының ортасында қалы бар болса, оның таным-түйсігі жоғары, зерделі, ой-өрісі дамыған.

5. Оң жақ қабақтағы қал нәзік жанды, интеллектуалдық мамандықты меңгеруге бейім әйелдерге тән.

6. Мұрынының ұшында қалы бар әйел қиын мінезді, барлық нәрсені қиындатқыш, түймедейді түйедей етіп көрсетуші.

7. Оң жақ бет сүйегінде қалы бар әйелдердің жан дүниесін ешкім де түсінбейді, олар тұйық мінезді. Өмірі де сондай.

8. Белдегі қал - баласының көп болатындығынан хабар береді.

9. Иығында қалы бар әйел - ырысты да берекелі.

Ерлер денесіндегі қал

1. Мең оң маңдайда болса - елге сыйлы, іскер, мәртебелі болады. Мең сол маңдайда болса, сезімге бай болып, бақытты махаббатқа да кенеледі.

2. Мең құлақта болса, сабырлы да салмақты, ешнәрсені қаперіне алмай қамсыз өмір өткізеді.

3. Мең иекте болса, айналасының сый-құрметіне бөленеді, елден ерек дарынды болады.

4. Мең аяқта болса өздігінен ештеңе тындыра алмайтын жасқаншақ, әлжуаз келеді.

5. Арқасы мен белінде қалы барлар ашық мінезді және адал адамдар

6. Иығында қалы бар еркектер – еңбекқор, өмірі ауырдың астымен жүреді.

7. Мең сол жақ табанда болса ақылды, арманшыл келеді дейді.

Сіз білесіз бе?

Ал шығыс халықтарында адамның мінез-құлқын, денсаулығын меңіне қарап білетін дәстүр бар. Жас баланың денесіндегі мең оның болашағын да болжайтын көрінеді. Басында мең болса басшылық жасауға бейім тұлға екендігін білдіреді. Осы пікірді көптеген зерттеушілер қолдайды. Себебі, көп патшалардың басында қалы болғаны белгілі. Кеңес одағындағы Горбачев мырзаның басында алақандай қалы болғанын жұрт біледі.

Маңдайда мең болса, ақыл мен көрегендіктің белгісі.

Бетінде меңі болса ол ерекше мейірімділікті білдіреді. Үнді жұртында беті мен маңдайында меңі бар қыз болса, кез-келген жігіт оған үйлену туралы ұсыныс айтуға тырысады екен.

Кеудеге біткен мең нәзік жанды, мейірбан, ақ-жарқын мінездің иесі.

Мең арқада, жауырында орналасса ең мықты адамдар қатарында аты аталады. Тарихта мұндай кісілерден Әмір-Темір, Бонапарт, Сталиндердің атауға болады.

Қал арқылы адамның мінезі мен қасиетін анықтау – адам табиғатын зерттеуші кейбір мамандардың жеке пікірі. Ол дұрыс па, бұрыс па, байқап көруіңізге болады. Тек зерттеушілердің болжамы дәлме-дәл келмей жатса, айыпқа бұйырмаңыз. Себебі, адам табиғатын зерттеу ғылымы әлі де даму үстінде. 

                                                                              Айсулу Тәжібаева

Просмотров: 3845 | Добавил: Sakura | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей