Вторник
23.04.2024
18:22
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Доска объявлений »
Меню сайта

Главная » Доска объявлений (1)

"Отбасы және Денсаулық" журналы [1]
Адамның сау-саламат, мағыналы ғұмыр кешуi отбасындағы жай-күйге, тұрмысқа тәуелдi екенi ақиқат. Ауру-сырқау атаулы көбiне күнделiктi тiршiлiктi дұрыс ұйымдастыра алмаудан, өзiңе-өзiң жағдай жасап, күтiне бiлмеуден туындап жататыны баршаға белгiлi. Мiне, елiмiздiң денсаулық сақтау, дене шынықтыру, бой-бас күтiмi, отбасы және әйелдер iстерi, тәлiм-тәрбие саласындағы жетекшi мамандарының тiкелей қатысуымен – 2002 жылдан берi жарық көре бастаған «Отбасы және Денсаулық» ғылыми-көпшiлiк журналының дiттеген мақсаты – осы олқылықтың орнын толтыру. Ол аурудың алдын алудың, одан емделiп, сауығудың, денсаулықты сақтап, нығайтудың жайын отбасылық жалпы қоғамдық-әлеуметтiк жағдай, тәлiм-тәрбие, салауатты өмiр, ас-су, бой-бас күтiмi мәселелерiмен қатарластыра, ұштастыра алып жүрудi көздейдi. Бұл ретте журнал өзi шыққаннан берi береке-бiрлiк, сыйластық, ұрпақ тәрбиесi, салт-дәстүр сияқты ұлт үшiн, ұлттың болашағы үшiн маңызды жәйт-жа...

              

Адамның  сау-саламат, мағыналы  ғұмыр кешуi отбасындағы  жай-күйге, тұрмысқа  тәуелдi екенi ақиқат.  Ауру-сырқау атаулы  көбiне  күнделiктi  тiршiлiктi  дұрыс  ұйымдастыра  алмаудан,  өзiңе-өзiң  жағдай жасап,  күтiне  бiлмеуден туындап жататыны  баршаға белгiлi. Мiне, елiмiздiң денсаулық   сақтау,  дене  шынықтыру,  бой-бас күтiмi, отбасы және  әйелдер iстерi,  тәлiм-тәрбие  саласындағы  жетекшi  мамандарының тiкелей   қатысуымен  – 2002 жылдан  берi жарық  көре бастаған «Отбасы және Денсаулық»   ғылыми-көпшiлiк  журналының  дiттеген  мақсаты –  осы   олқылықтың орнын  толтыру.  Ол аурудың  алдын алудың,  одан емделiп, сауығудың, денсаулықты сақтап, нығайтудың  жайын  отбасылық  жалпы   қоғамдық-әлеуметтiк  жағдай,  тәлiм-тәрбие,   салауатты  өмiр, ас-су,  бой-бас күтiмi  мәселелерiмен  қатарластыра,  ұштастыра  алып жүрудi   көздейдi. Бұл ретте  журнал  өзi шыққаннан  берi   береке-бiрлiк,   сыйластық,  ұрпақ  тәрбиесi,  салт-дәстүр сияқты   ұлт   үшiн,  ұлттың  болашағы  үшiн  маңызды  жәйт-жағдаяттарды  жан-жақты  әңгiмелеп  келедi.

Аурудан  сақтанып, емделiп,  жазылу  жөнiнен  кеңес  беруде   журнал жаңа - 2014  жылда да  негiзiнен   кешендi бағыт ұстанады. Әр ағзаға  тән сырқат  түрлерiнiң  (жүрек аурулары,  өкпе  аурулары,  көз аурулары, т.б.)   пайда болу   себептерiнен   бастап белгiлерiне,  анықталу, емделу  тәсiлдерiне  дейiн қамтып   көрсетуге тырысады. Бұл ретте  ғылыми  медицина  мен халық  емшiлiгiнiң,  шөппен, сумен,  балшықпен  емдеудiң,  гомеопатиялық  ем-домның   мүмкiндiктерi  оның   бетiнде  қазiр де   нақты түрде  баяндалып келедi. Осы  орайда журнал  медицина  оқу  орындары  қазақ  бөлiмiнiң  студенттерi  үшiн де  көмекшiлiк  қызмет  атқара  бастады.

Аурудың  алдын  алуда да,  емделiп-жазылуда   да  жұғымды  тамақтана  бiлудiң  жөнi бөлек. Осыны  ескере  отырып  журнал  «Салауаттылық сабақтары»  айдарымен  ем-домдық  және әдеттегi   ас-судың  пайдасы  мен  зияны,  ұлттық  шығыстық   және  еуропалық  негiзгi  тағам  түрлерi мен  олардың  дайындау  тәсiлдерi   тұрғысында  келелi сөз  қозғап жүр. Осыған  байланысты   айта кетер  жәйт - алда  нәрестенi  емiзу  мен қолдан  тамақтандырудың   ретi, жай-жапсары,  жалпы  ана мен  бала  күтiмi  «Отбасы және Денсаулық»  жазатын негiзгi мәселенiң  бiрi болмақ. Журнал  редакциясы  осы ретте   қазақ  Тағамтану академиясымен бiрлесiп,  алдағы 2014  жылға арнайы   iс-шаралар   белгiлеп отыр.

Қолы  шипалы   дәрiгерлер  мен халық   емшiлерiн, олардың  емдейтiн  сырқат   түрлерiн  жұртшылыққа   таныстырып, хабарлап   отыруды да  журнал  ұдайы  назарда  ұстайды. Ал жаңа  емдiк  тәсiлдер  мен дәрi-дәрмектi,  емдеу  iсiндегi, медициналық  сақтандырудағы  озат   тәжiрибенi, шипалы   балшық пен  судың  қасиетiн, қолдану  әдiстерiн  беру арқылы  алдағы  уақытта  басылым   дәрiгерлердiң,  денсаулық сақтау  саласындағы   басқа да   қызметкерлердiң  кәдесiн  өтемек. Сондай-ақ  журналдың  емдеу   мекемелерi   мен медицина  оқу  орындарында  қазақ тiлiн  қолданысқа   кiргiзудегi, маман  даярлаудағы  оңды  бастамалар  мен кемшiлiк,  кедергiлерге  көңiл  бөлуi  дәрiгер-педагог  қауымға  көмегiн  тигiзерi анық.

Денсаулық  сақтаудың әлеуметтiк  тiндерi  тұрғысында  келер жылы  «Отбасы және Денсаулық»  елдi   мекендердiң,  аурухана,  емхана,  шипажайлық   емдеу-сауықтыру   мекемелерiнiң,  тұрмыстық  қызмет,  сауда-саттық  орындараның  тазалығына,  гигиеналық  жай-күйiне  назар  аударады. Сырттан  келiп жатқан  дәрi-дәрмек, азық-түлiк, киiм-кешек, ойыншық,  басқа да  бұйымдардың залалды-залалсыздығы  жөнiнде  тиiстi  сараптамалық  тексеру   қорытындыларын  жүйелi  жариялауға  күш салады. Ауаның, судың,  топырақтың  ластануы  мен жер  сiлкiнуi,  қар   көшкiнi, су тасқыны сияқты   төтенше  апаттардан сақтану, қорғану  жөнiнде   әңгiмелейдi.

Жастардың, жеткіншектер мен  бөбектердің тәрбиесіне  қатысты   материалдар  берiп тұру да  басылымның   отбасылық  мән-маңызын  арттыра  түседi деген  ойдамыз. Шығын  әңгiме,  өлеңдер,  өткiр  әзiл-сықақтар, дайджестiк  материалдар  жариялау  алда да назарда   ұсталады.

Отбасылық кеңесшi  мiндетiн атқаратын   журналдың   жоспарында   жаңа отбастарының  құрылуына  дәнекер  болу да  бар. Осы мақсатта  2014 жылы онда  қыз-жiгiттердiң  танысуына  арналып,  арнайы  бөлiм  жарық көрiп тұрмақ.

Тоқсан ауыз  сөздiң  тобықтай  түйiнiне келсек, «Отбасы және Денсаулықты»  қолдағаныңыз, түптеп келгенде  ұлттың  тұрмысы  мен   саулығын  қолдағаныңыз. Оның жан  салып  айтатыны,  жар салып  насихаттайтыны -  сол. Әр адамға,  әр үйге   пайдалы  отбасылық  басылымды  жаздырып  алыңыз. Оған  «Казпочта», «Евразия пресс», «Эврика пресс», «Ернур  пресс», "Дуыс" баспасөз тарату  жүйелерінің кез-келген  бөлімшесінен  жазыла аласыз. Жазылу  бағасы мекеме,  кәсіпорын үшін де, жеке  адам үшін де бірдей.

 

      «Отбасы  және  Денсаулық»  журналының редакциялық алқасы

 

 

 ЖУРНАЛҒА  2014  ЖЫЛҒА  ЖАЗЫЛУ БАҒАСЫ

 

       

         1 айға

 6 айға                       

           12 айға

    Алматыда       

228 теңге 31 тиын

1369 теңге  86 тиын  

 

2739 теңге 72  тиын

 

        Басқа

      қалаларда

232 теңге 65  тиын     

1395 теңге 90 тиын        

 

 

2791 теңге 80 тиын

 

 

      Ауылда             

 236 теңге 27  тиын    

   1417 теңге 62    тиын          

2835 теңге 24 тиын

 

Индекс: 75621.

"Отбасы және Денсаулық" журналы | Просмотров: 903 | Дата: 11.05.2014 | Комментарии (0)

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі