<
 
Среда
16.01.2019
09:16
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Қайролла Абдоллаұлы, Қазақстан Республикасының Құрметті кәсіби халық емшісі »
Меню сайта

Қазақстан Республикасының Құрметті кәсіби халық емшісі Қайролла Абдоллаұлы: "Ауруды берген Алла, оның емін де берген"

Қазақстан Республикасының Құрметті кәсіби халық емшісі Қайролла Абдоллаұлының еңбек жолы осының бір мысалы іспетті.

 

ӨМІРДЕРЕК:

Қайролла Абдоллаұлы 1966 – жылдың шілде айында Алматы облысы, Панфилов ауданындағы «Қоңыр өлең» ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының Құрметті кәсіби халық емшісі, «Қазақстанның жұлдызды емшісі» орденінің иегері. Құртқа тәуіп атындағы Проскопиялық академияның, дәрігерлер, психолгтар, рухани және халық емшілері Дүниежүзілік қауымдастығының толық мүшесі.

 

 

СӨЗ БАСЫ

Биылғы Наурыз мерекесінің қарсаңы болатын. Әлде бір жұмыстармен Қазақстан Республикасы халық және рухани емшілер мекемесінің Бас директоры, профессор Шәкен Мұқанұлы Шынтаевтың қабылдауында отырдық. Бір мезет кабинеттің есігі қағылды да ішке ұзын бойлы, қапсағай денелі жігіт ағасы келіп кірді. Төрде отырған Шәкен Мұқанұлына өтінішті жүзбен қарап уақытым тығыз еді, Шығыс Қазақстаннан келдім, бір –екі минөт уақытыңызды бөлсеңіз өзіңізден кеңес сұрайын деп едім,-деді. Профессор қарсы болған жоқ. Сөйтсек, бұл келіп тұрған кісінің он үш он - төртке келіп қалған ер баласы кейінгі жылдары көтеріліп ауыратын дертке душар болыпты. Сіздің қарамағыңызда Қайролла Абдоллаұлы деген әрі тәуіп, әрі экстрасенс - емші жұмыс істей ме?- деп сұрады ол Шәкен Мұқанұлына ақылдасқандай, көмек сұрағандай кейіпте қарап. Бас директор бірден алдында жатқан тізімге қол созды. Қайролла бізде көптен жұмыс істейді,-деді содан кейін қағазына бір көз жүгіртіп.

- Ол жігітті іздеп келсеңіз, қателескен жоқсыз. Осындағы маңдай алды тәуібіміздің бірі. Өзі Алматы түбіндегі Әлмерек ата ауылында тұрады. Одан әрі телефоны мынадай, -  деп, Қайролла емшінің қалта телефонының да, үйдегі телефонының да нөмірін берді. Осы әңгімеден кейін біз де іздегенімізді тапқандай күйге түстік. Қайролла Абдоллаұлы деген тәуіптің бар екенін және анау – мынау емес, ең мықты, ең арқалы емқостардың сапынан екенін бұрын да естігенбіз. Бірақ соны індетіп, нақтылап білудің сәті түспей жүр еді. Келген кісі кеткеннен кейін Шәкен ағамыздан Қайролланың жөн – жобасын анықтап сұрай бастадық.

- Осы уақытқа дейін Қайролланы білмей, Қайролланы журналдарыңа жазбай қалай жүрсіңдер? - деді бас директор күле сөйлеп.

–Қайролла өзі менімен жерлес болып келеді. Ол да «Қоңыр өлеңнің» тумасы. Ата-бабаларынан келе жатқан аруақты емшілердің әулеті бұлар. Арғы аталары Пірнияз Жаркент аймағына кеңінен танымал болған әулие кісі. Нағашы әжесі Зағипа да әруақты тәуіп болған. Көз көргендердің айтуынша, босана алмай қатты қиналып жатқан әйелді киімінің етегімен желпісе, ем болады екен. Сөйтіп, профессор Шынтаевтан ел мақтаған Қайролла тәуіптің телефондарын біз де алдық. Бірақ айтулы емшімен хабарласудың сәті сәл ұзаңқырап барып түсті.

 

ЖҮЗДЕСУ

Қайролламен алғаш рет биылғы тамыз айында емшілердің Алматы қаласында Қазақстан халық медицинасының көшбасшысы, профессор Шәкен Мұқанұлы Шынтаевтың өзінің 75 жасқа, денсаулық сақтау саласындағы қызметінің 50 жылға толуына арналып өткен Халықаралық конгресінде жолықтық. Қайролла шынында да бойынан бір тылсым қабілеттің лебі есіп тұрғандай, жүзі соншалық жайдары, қасындағы кісіге сөзінің, даусының өзі емдей әсер ететін орта бойлы, қағылез денелі жігіт екен. Сол жолы біз ел таныған тәуіппен өзін журналға жазып, насихаттау жөнінде сөйлестік. Қайролла бізге қазан айының басында кездесіп, әңгімелесуге уәде берді. Қазан айы туысымен Қайроллаға сол уәдеге сәйкес қайтадан хабарластық. Алайда емші өзінің таяу бір аптаның ішінде уақыты болмайтынын айтып, кейінірек хабарласуды өтінді. Қазанның тоғызы күні тәуіпке тағы да телефон шалдық. Бұл жолы бесін намазынан кейін келе беріңіздер, үйдемін,-деді Қайролла арқасын кеңге салып.

 

БАБАДАН ҚОНҒАН ҚАСИЕТ

Емшінің Әлмерек ата ауылының бір жақ шетіндегі мекен-жайын көп қиналмай-ақ таптық. Сұрай-сұрай Меккеге барасың демекші, бұл ретте емшіні ауыл-аймақ, сол төңірек түгел білетінінің көмегі тиді. Біз келгенде отбасы мүшелерінің бәрі дерлік үйде екен. Қайролланың өзі де, зайыбы Гүлжанат та табалдықтан аттағаннан бастап «төрлетіңіздер, төрлетіңіздер»,- деп, жік-жапар болып,  алдымызға түсті.  Төр үйге енгенімізде алдымыздан балабақша жасындағы қыз бала мен әлі мұрты тебіндеп үлгермеген бозбала шықты. Бұлар Қайролланың балалары екен. Мынау Мадияр, өздеріңіз сияқты журналист болмақшы,- деп таныстырды ол әлгі бозбаланы. 

-Қазір Абай атындағы Алматы университетінде оқып жүр. Мына кішкентай - Жансая деген сұлуымыз. Сонымен кең бөлмедегі жайпақ үстелдің басына жайғасып, тәуіппен әңгімеге кірістік. Бойыңдағы қабылетіңді қайтіп таныдың, емшілікке қалай келдің? – деп бастадық сөзіміздің әлқиссасын. Тәуіптік жолға түсуім оңай болған жоқ,- деп сабақтады әңгімені Қайролла. –Мұндай қасиет менің өз ата-бабаларымда да, нағашы жұртым жағынан анамның арғы аналарында да болса керек. Әкем Абдолланың әкесі Анарбектің бабасы Пірниязды біздің Жаркент өңірінде осы күнге дейін ауызға алып, айтып отырады. Ол кісі де құран сүрелерімен дем салып, науқас емдейді екен. Ал анамның үлкен әжесі Зағипа босана алмай қиналған әйелді үстіндегі киімінің етегімен желпіп-ақ босандыратын тылсым қасиеттің иесі болыпты.

- Бұл кісілердің қасиеттері өзіңе қонғанын қалай білгеніңді айта кетсең,- дедік біз, көкейге келіп қалған сауалды алға тартып.  

- Емшілікке келуім оңай болған жоқ деп отырғаным да осыған байланысты,- деп бастады Қайролла жауабын. Сәби күнімнен қатты ауыратынмын. Тіпті, тыныс ала алмай қалатын кездерім болатын. Мектепте де денсаулығым оңалып кеткен жоқ. Дәрігерлерге талай көріндім. Бірақ олардың белгілеген емдерінен, берген дәрі-дәрмектерінен пайда болмады. Есейіп, ересек тартқан сайын бабаларымның түсіме кіруі, әртүрлі сауалдар қойып, қыспаққа алуы жиілей берді. Кейінірек, тіпті, ауруды берген Алла, оның емін де берген, сен адам емде, әйтпесе ауруыңнан айықпайсың,-деп кәдімгі өңімдегідей қасыма келіп, ап - айқын аян беретін болды. Бірақ ол аянға қатысты не істеуім керегі, қалай, неден бастауым керегі мен үшін жұмбақ болатын. Біреудің ауруын анықтаудың да, емдеудің де боса – болмаса ешқандай жолын, ретін білмеймін. Ақыры үйдегі, ауылдағы үлкендер Ермек Мырзалы деген арқалы емшіге бар, кеңес ал,- десті. Мен Ермек ағаны іздеп бардым. Жай-күйімді, не себепті келгенімді білгеннен кейін ол кісі бабаң Пірнияздың қабіріне барып, басына түне, маған тілекші бол,- деп жалбарын,- деді. Одан кейін Арыстанбаб әулиенің мазарына зиярат етуді тапсырды. Намазға жығыл,- деп жол нұсқады. Бұл кеңестердің бәрін бұлжытпай орындадым. Жағдайым бұрынғыдан көп жеңілдеді. Бірақ айналдырған ауру біржола айығып кеткен жоқ. Ермек ағай да, өз ағайындарым да емшілікке бел буып, сырқат емдемесең, кеселің кетпейтін шығар,- десті. Аруақтардың түсіме кіріп, мазалауы тиылмағандықтан, әрі ауру-сырқау халден біржола айығып кете алмағандықтан, ақыры адам емдеп көрсем, көрейін деген шешімге келдім. Бірақ емдік тәсілден мүлдем бейхабармын. Менен қандай емші шықпақ? Солай толғанып жүргенімде әлде бір газеттен Алматыдағы Халық медицинасы Республикалық орталығы туралы мақала оқыдым. Онда бойыңдағы қабілетіңді анықтап қана қоймай, сол қабілетіңді қайтіп сыртқа шығаратыныңды, қалай кәдеге жарататыныңды да үйрететінін білдім. Сөйтіп, көктен іздегенім, жерден табылды. Алматыға баруға бел будым. 2000-жылы Алматыға келіп, сол кездегі мамандығым электрмен дәнекерлеушілік бойынша Құрылыс академиясы оқу орнына жұмысқа кірдім. Мақсатым – боса-болмаса өзіме аян. Осылай жұмыс істеп жүріп, әлгі өзім іздеп келген Орталыққа барып, тексеруден өту, шамамнан келсе адам емдеп, бабаларым түсімде аян беріп жүргендей, өзімді де, өзгелерді де аурудан айықтыру. Ақыры жұмыстан қолым қалт еткен бір күні Халық медицинасы республикалық орталығына соқтым. Орталықтың бас дәрігері профессор Шәкен қажы Шынтаевқа өзімнің жағдайымды айтып, емшілік қабілетті анықтайтын тексеруден өтуге тілек білдірдім. Тұқымымда аруақты адамдар барын білетін, өзі де «Қоңыр өлеңде» болған, Жаркенттен түлеп ұшқан дәрігер-ғалым менің бұл тілегімді құптады. Тұқым қуалайтын қасиеттің қонуы көбіне-көп осылай ауру-сырқаумен, қиямет-қысталаңмен жүзеге асатынын, осылай жарыққа шығатынын айтты. Бір жеті - он күндей жүргізілген сол тексерістің барысында менің бойымда тәуіптік қасиет пен экстрасенсорлық биотоктың бары анықталды. Аппараттың және тиісті мамандардың тексеру қорытындыларын саралай келіп, профессор Шәкен қажы Мұқанұлы менің халық медицинасымен айналысуыма болады деген шешімге келді. Сараптау комиссиясының алдынан өткізіп, солардың мақұлдауымен кәсіби халық емшісі деген рұқсат қағаз – сертификат берді. Сөйтіп, 36 жасымнан бастап, халық медицинасы өкілдерінің, кәсіби емшілердің қатарына қосылдым. Тәуіптік қасиетім мен бойымдағы биотокты науқас емдеуге қолданудың тәсілдерін Халық медицинасы Орталығының жанындағы әзірлік мектебінде үйретті. Адам ағзалары, жалпы тән құрылысы туралы білім берді. Сырқат қабылдауға білікті емші-тәуіптердің қасында жаттықтым. Айта кетейін, жолымның ашылуына 2005-жылы Алматы облысы Жамбыл ауданындағы абыз ағамыз Қыдырәлі Момбаевтан бата алуымның да зор көмегі тиді. Ол кісіге жетелеп апарған Нұрлан аға мен Шәкен апаға дән ризамын. - Тәуіптікке келуің денсаулығыңа қалай әсер етті?- деп сауал тастадық біз осы тұста емшіге. Зират басына түнеп, аруақтардан медет-жәрдем тілеуім жағдайымды жақсартқанмен, ауру-сырқаудан үзілді-кесілді айықтыра алмаған болатын,-деді ол. Емшілікпен айналысып, сырқаттарға дем салғанда жанымның да, тәнімнің де соншалық жеңілдегенін, көңілім көтеріліп, өзімді бейне қалықтап ұшып жүргендей сезіне бастағанымды аңғардым. Бұрынғы жанымды қинаған ауру да, шым-шытырық түс те пышақпен кескендей сап тиылды.

 

ҰШҚАН ҰЯ, ӨСКЕН ОРТА

Осы мақалаға ойылып беріліп отырған өмірдеректе көрсетілгендей, бүгінгі айтулы емші, әйгілі тәуіп Қайролла Абдоллаұлы 1966-жылдың шілде айының 15-жұлдызында Жаркент өңіріндегі «Қоңыр өлең» ауылында дүние есігін ашты. Жоңғар және Хату тауларының аралығындағы бұл жазық алқаптың табиғаты келісті, жаратылысы өзгеше. - Әкем Абдолла Анарбекұлы сол Жаркент өңірінде 1939 –жылы туып, былтыр - 2013 –жылы қайтыс болды. Ал анам Ханымай 1982 - жылы 37 жасында өмірден өтті,- деп еске алады Қайролла тәуіп,- Біз бір үйдегі жеті бала атамыз Анарбек пен әжеміз Күлиланың тәрбиесін көп көрдік. Анамыз қайтыс болғаннан кейін осы үйелмелі-сүйелмелі жетеуміздің де бағым-күтіміміз, бар тауқыметіміз әжеміздің мойнына ауыды. Абдолла ағамыз бен Ханымай анаңыз не кәсіппен айналысты?- деп сұрадық біз әңгімеміздің бір тұсында. Әкеміз совхоздың қара жұмысымен, одан қалды атбегілігімен, ат баптаумен айналысты, - деп жауап қайтарды бұл сұрағымызға емші, - ал анамыз Ханымай біздерді туып, тәрбиеледі, үй шаруашылығында болды. Көп ауыратын. Көз көргендері шешеміздің денсаулығының нашар болғанын, өмірден ерте кеткенін, оның бойына тұқым қуалап қонған тәуіптік қасиетпен байланыстырады. Заманның ырқына көніп, емшілікпен айналыса алмаған соң, бойындағы қуаты сол сыртқа шыға алмаған күйі ішіне түскен шығар деседі. Менің өзім де солай ойлаймын. Өйткені, ондай жағдайдың шет-жағасын бастан өткердім. Халық медицинасының орталығына келіп, емшілікке бет бұрмағанда менің жай-күйімнің де не боларын кім білген? !.. Ел таныған емші өзіне «Қоңыр өлең» ауылындағы орта мектепте сабақ берген ұстаздарын да соншалықты ілтипатпен еске алады. Емшілік, жыршылық (осы топтамада Қайролла тәуіп пен оның шәкірті Жансаяның өлеңдерін де назарларыңызға ұсынып отырмыз) қабілеттерінің қалыптасып, ашылуына сол кісілердің де әсері мол болғанын айтады. Әсіресе, қазақ әдебиеті пәнінен сабақ берген Әлтен Имансейітованың, физика пәнінен сабақ берген, әрі сынып жетекшісі болған Бәтима Сейітқалиеваның, бастауыш сыныптарда оқытқан, кейін жоғары сыныптарда тарих пәнінен сабақ берген Ханшайым апайларының есімін ерекше құрметпен ауызға алады. Менің өзгелерден ерекшелеу қалпымды ескере отырып, жөн сілтеген әуелі бір Алла, содан кейін осы кісілер,- дейді ол. Байқап отырғанымыздай, тәуіптің туып-өскен, тәрбие алған ортасы олқы емес. Қайролланы «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілгендердің» қатарына қосуымызға әбден болады.

 

БІР АЛЛАҒА СЫЙЫНЫП...

Емші туралы айтқасын, әрине, оның емдеу тәсіліне де соғу ләзім. Өйткені, халық медицинасында ресми медицинадағыдай емнің белгіленіп берілген ортақ айла-амалдары жоқ. Қалай емдейтінін айтпасаң, емші туралы әңгімең де жартыкеш болып қалады. Бір сөзбен тәуіп аталғанмен, менің емдеу әдісім әркелкі,-дейді осы орайда Қайролла тәуіп. - Оның негізгісі, әрине, Құран көтеріп, Алланың хикметті сөздерімен емдеу. Ауруды берген Алла, оның емін де берген. Құран ашқанда әлде бір тылсым жағдайда ауру кісі мен оның дертіне қатысты көптеген жайлар өзінен-өзі санаңа құйылып, белгілі бола бастайды. Тәуіп не айтса да, сол айтқандарының негізінде нендей шара қолданса да, оны Құран сөзіндегі тылсым қуат жетелейді. Бәріне бір Алла көмектеседі. Сондай-ақ мен ем барысында қамышы, асатаяқ қолданамын. Науқастың төбесіне қорықтық құямын. Қажет деп тапсам, жаңа сойылған малдың қанымен ұшықтаймын. Шипа бір Алладан, әрине. Емші деген, тәуіп деген тек - себепкер.

Сырымбет КӘРІМҰЛЫ

 

P.S.   Емшімен 87771394396 телефоны арқылы хабарласа аласыздар!

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Январь 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Архив записей