<
 
Суббота
20.04.2024
05:53
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
АЙЖАМАЛ ЕМШІ »
Меню сайта

АЙЖАМАЛ ЕМШI

Бiлдей банк қызметкерi Айжамал Файзоллақызы ө˜зi туып ө˜скен Қызылорда өңiрiнде емшiлiк қызметiн бастаған алғашқы жылдары оны бiлетiн үлкен-кiшi, ағайын-тума арасында таң қалмаған адам аз болды. Бiрақ ол үшiн ө˜мiрдiң ˜өзi жасаған ө˜згерiске ешкiм қарсылық бiлдiре алмады. Бар-жоғы жиырма беске ендi ғана толған бойжеткен бойында ерекше қабылеттiң барына әуелгiде ө˜зi де жан-тәнiмен сене қалған жоқ.

Атасы Серiкбай ежелден дiндар, к˜өрiпкел кiсi болған екен. Сол кiсiнiң қасиетi қонды, – дестi қарияны бiлетiндер. Файзолланың осы бiр қызының мiнезiнде ерекшелiк барын ерте байқағандар о деп, бұ деп онша таң қалмаған да сияқты. Айжамал адам емдей бастапты-ау, деген сыбыс ер арасына лезде тарап, әркiмдер алыс-жақын тұстан ат сабылтып келе бастады. Бұл 1980 жылдың қоңыр күзi едi. Малы жоғалған да, адамы алыс жол шығып, кешiгiп келмей жатқандар да Айжамалдың к˜өрiпкелдiгiне жүгiне бастады. Айтқандары дәл келiп, атағы Атырау Алтай арасын шарлады. Жерлестерi ендiгi жерде бастарына iс түсе қалса, әуелi осы екi жұртынан қасиет дарыған Айжамалды iздейтiн болды.

Екi жұрт дегеннен шығады-ау, емшiнiң нағашы атасы Рахат Кәдiрұлы аруақты сынықшы, кө˜рiпкел екен. Өз алдына мешiт ұстап, арабша кiтаптар аударып, ел санасын оятқан атасы Серiкбай да дiни сауатты кiсi-дi. Мiне, сол аталарының қасиетi бойына қатар дарыған Айжамалдың да қиналған жанға ұсынар шипасы мол. Айжамал бүгiнде қазақстан халық емшiлерi қауымдастығының мүшесi. Арнайы мектеп бiтiрген кәсiби халық емшiсi. Қазiр рухани сауықтырушы Айжамал Файзоллақызының кө˜рiпкелдiк, құмалақ ашу, болжам айту қасиетiнiң кемел ашылған тұсы. Оның қызметiне емделушiлер дән риза. Айжамал шипаны, дұғамен, биоө˜рiс әсерiмен, нүктелi үгу арқылы жасайды.

– Кө˜пшiлiк жағдайда емдi қайырымдылық мақсатта тегiн жүргiземiн, - дейдi емшiнiң ˜өзi, бiзбен әңгiмесiнде ағынан жарылып. - ʘөп адамдар қазiр жұмыс атқарып, еңбек ақы алу мүмкiндiгiнен ажырап қалған. Бiрақ ауру-сырқау ақшаңның бар-жоғына қарамайды. Сондай жағдайда дерттi адамды кө˜рiп тұрып, ақшаң жоқ, емдемеймiн, - деген емеспiн. Мүмкiндiгiнше кө˜мектесуге пейiлдiмiн.

Иә, тiрлiкте қолыңнан келiп жатса, бiреуге жақсылық жасап, к˜өмегiңдi тигiзгенге не жетсiн! Кө˜пшiлiктiң ықыласына бө˜ленген қызылордалық Айжамал емшiге бiз де қанға бiткен қасиетiңiз ел кәдесiне аса берсiн дегiмiз келедi. 

                                                                                                                                                                                                                                  Б.ШАКИНА

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Архив записей