<
 
Среда
24.04.2024
02:27
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
АЛИЯ СМАҒҰЛОВА »
Меню сайта

АЛИЯ СЫБАНҚЫЗЫ СМАҒҰЛОВА, педагог-психолог, халық емшісі: «ЖАСТАР АРАҚҚА, ТЕМЕКІГЕ, НАРКОТИККЕ ҮЙІР БОЛМАСА ЕКЕН»

 

Мен Алия Сыбанқызымен әңгіме барысында, әу баста емшілікке қалай келгендігі жөнінде сұрадым. Ол былай деді:

- Емшілік маған он екі жасымда қонды ма екен, деп ойлаймын. Бұлай дейтін себебім, осы жасқа келгенде маған айрықша бірдеңелер көрініп, айрықша бірдеңелер бір белгі беретіндей сезіне беретін болдым.

Бірде мен көршілерге олармен болатын бір оқыс оқиға туралы айтып қалдым. Әрине, олар менің бұл сөзімді құлаққа ілгісі келмей, «қайдағыны айтпай отыр, балам» ,- деп жаратпай қалды. Сол күні шешемнен ұрыс та естідім. Бірақ, көп ұзамай, олармен мен айтқан оқиға болып қалды.

Ол кезде ауыл балалары бүгінгі балалар секілді селтеңдеп, бос жүру дегенді білмейміз ғой. Мен де жазғы каникулды пайдаланып, трактордың соңына тіркелген соқаны басқарып отыратын жұмысқа іліккен едім. Жұмысты жақсы істеп, тракторшы ағадан мақтау да ала бастағанмын. Содан бір күні ұйықтап жатып, аян-түс көрдім. Маған түсімде біреу: «Тыңдамай қойдың, бүгін апатқа ұшырайсың»,- деді. Ораққа кетерде әке-шешеме: «Мен бүгін жарақат аламын, бір өлімнен қалатын сияқтымын»,- дедім. Ата-анам тағы да: «Қой, қайдағыны айтпай, онда үйде отыр, саған жұмыс істе, мал тап деп отырған біреу бар ма?»,- деп тағы да кейіп берді. Бірақ, мен үйде қалмай, жұмысқа кеттім. Содан орақ мүлт кетіп, сол аяғымның жартысын алып түсті. Бұл оқиға он екінші маусым күні болды. Емделіп, жазылдым. Бірақ, аяғымның басы сол жарты қалпында қалды. Бұл бір.

Екінші жылы, бұл енді он үш жасқа толғанда болған оқиға. Тағы да сол он екінші маусым күні түсімде аян берілді. «Тыңдамай қойдың, бүгін саған жай оғы түседі»,- деді біреу. Бұл сөзді кім айтып тұр, неге айтып тұр, білмеймін. Содан тағы да ата-анама: «Бүгін маған жай түседі, дайын болыңдар»,-дедім. «Қой, тәйірі, қайдағыны айтпай, әбден зәре-құтымызды қашырып болдың ғой, байқа енді, бәлкім жұмысқа бармассың»,- деп жатыр тағы да. Кеттім. Күн ыстық, аспан айналып, жерге түсердей, қапырық еді. Маңай жанып бара жатқандай, сонадайда сағым көшіп жатыр. Айтқанындай, түс ауа бір қара бұлт өзінен-өзі үстіме төніп келді де, мені соншама алыс жерге лақтырып жіберді. Маған, шынымен де, жай түсті. Тұла-бойымда саутамтық жер қалмады, бәрі күйіп кетті. Шашым, денем, аяқ-қолым... Ауруханада бірнеше ай жатып, сауығып шықтым. Кейін шашым өсті, бәрі қалпына келгендей болды. Сөйтсем, шашым ағарып кетіпті. Бетім де қатты күйген еді. Қазір қалпына келді. Анда-санда күйген жерлерім білініп қалады. Бірақ, Құдайға шүкір, денсаулығым жақсы. Енді ақыл тоқтатып байқасам, сірә, маған біреу «емші бол, ем жасаумен айналыс»,-деген болуы керек, сол жылдары, мен соны ұқпағанмын-ау деймін, шамасы.

Кейін байқап отырсам, адамның ішкі құрылысын, болайын деп тұрған апатты жағдайларды сезінетінімді бажайлай бастадым. Баяғы көршілеріме көргенімді айтып, анамнан таяқ жейтін шағым да, осы ерекше қабылетім байқала бастаған кез бе деймін.

-Бүгінде адам емдейсіз бе?

- Емдеймін деуім артықтау болар, көңіл-күй ауаны бұзылғандарға демеу боламын. Адамға психологиялық жағынан жәрдем беремін. Дұға оқу арқылы пәленің бетін қайтарамын. Менің алдыма көбіне жас адамдар келеді. Оларға арақтан, темекіден, наркотиктен аулақ болуға кеңес беріп, дұға жасаймын. Сөйтіп, асқынудың алдын аламын. Торығудан құтқарамын.

- Емші ретінде сізді не толғандырады?

- Көбіне жастармен жұмыс істейтін болғандықтан, олардың бойында ауытқулардың барын байқап отырамын. Әке-шешені тыңдамайтын ұрпақ көбейіп барады. «Мынау керемет, бәрі бар, бай-бақуатты» деген отбастарының өздерінің денінің тауқыметтері осы бала тәрбиесінде кеткен кемшілік екенін мойындамасқа шара жоқ. Жұмыс-жұмыс,- деп жанұшырып жүрген әке-шешелердің ұрпақтары мүлде қараусыз қалғаны байқалады.

- Тұрмыс құрған боларсыз?

- Әрине, он тоғыз жасымда келін атандым. Төрт балам бар. Үш ұл, бір қыздың анасымын. Балаларымның бірі оқиды, енді бірі жұмыс істейді.

Емшілікпен 1990 жылдан бері ресми айналысамын. Еңбегім атаусыз қалып жатқан жоқ. Осы биылғы жыл басында Мәскеуде өткен Халықаралық емшілер съезіне қатысып қайттым. Сол жиында маған «Голубь мира» медалі берілді. Халықаралық кәсіби медицина Ассоциациясының мүшесімін. Алда да, осы Алла берген қасиетімді халқымның игілігіне пайдаламын. Жастардың дұрыс жолда болуына жәрдем етемін. Халқымыз аман, еліміз тыныш болса, басқа арман жоқ менде.

- Әңгімеңізге рахмет, ойға алған ізгі ниеттеріңіздің жүзеге асуына біз де тілектеспіз.

Емшімен кейін де хабарласып тұруды мақсат еткен біз, одан мынадай телефондарды сұрап, жазып алдық: 3837826, 87014222302, 87052191087, 87072951964

Сүмбіл АРЫН

Редакциядан: Халық емшісі, педагог-психолог маман Алия Сыбанқызы Смағұлова қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Тарбақатай ауданындағы Қабанбай селосында 1964 жылдың 29 мамырында дүниеге келген. Алия ханым осы жылы ердің жасы 50 –ге толады. Біз де Алияның жүздеген әріптестерінің, туған-туыстарының, бала-шағасының игі тілектеріне қосыла отырып, оған мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Архив записей