<
 
Пятница
29.03.2024
10:18
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Қазақстанда эндохирургиялық сала дамуда »
Меню сайта

Қазақстанда эндохирургиялық сала дамуда 

 

  2014 жылғы 19 маусымда «Астана медициналық университеті» АҚ базасында халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Қазақстан эндохирургиясының жетістіктері мен мәселелері» тақырыбында қазақстандық эндоскопиялық хирургтер қауымдастығының IV Конгресі өтті.

  Іс-шара Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды. Конгресс жұмысына Ресей, Украина, Үндістан, Әзірбайджан, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген сарапшылар, сондай-ақ отандық мамандар қатысты.

   Эндоскопиялық хирургия – бұл заманауи хиругия, оның көмегімен кез келген күндері оталар, мысалға, ішперде немесе кеуде қуысы тіліктері арқылы жасауға болады. Мұнда, хирург үшін жабық қуыстағы операциялық алаңның жоғары сапалы бейнесі мониторға жіңішке түтік іспетті эндоскоп арқылы беріледі.

  Соңғы 20 жылда әлемде үлкен тілікті, науқастарға елеулі операциялық жарақаттар салатын, олардың жазылуы мен қайта қалпына келу мерзімі ұзақ ескі технологиялар қарқынды түрде ығыстырылуда. Конгресстің ғылыми бағдарламасы шеңберінде 19-20 маусым күндері бірқатар кеңестер өтіп, эндохирургиялық технологияларды пайдалану арқылы клиникалық хаттамалар таныстырылды. Сонымен қатар, жаңа клиникалық хаттамалар қаралып бекітілді. Эндобиллиарлық хирургия, эндовидеохирургиялық гастроэнтерология, герниология, ішкі жарықты эндоскопия және аралас мүшелердегі эндохирургия мәселелері қаралды. 17-18 маусымда халықаралық деңгейдегі аса ауқымды іс-шара барысында шетелдік және отандық мамандардың шеберлік-сабақтары өткізілді. Конгресс жұмысының қорытындысында Қазақстанда эндохирургияның әрі қарай дамуына ықпал ететін қарар қабылданды.

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Архив записей