<
 
Пятница
29.03.2024
19:54
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Баймолла ЗҮРИХАН, дәрігер-емші »
Меню сайта

ҚЫЗМЕТТЕРІҢІЗГЕ ӘЗІРМІН

 

             Мен 1948 жылы 20 шілдеде Қытайдың Шыңжан өлкесі Құттыби аулында дүниеге келдім. 1955 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1964 жылы аяқтадым. 1964 жылдан 1968 жылға дейін жоғары медициналық мектепті ( институт) бітірдім. 1968 жылдан дәрігерлік қызмет атқардым. 1993 жылы денсаулығыма байланысты қызметтен босап, жеке емшілік кәсіпке ауыстым.

           2006 жылы өз Отаныма - Қазақстан Республикасына келдім. Сол жылдан бері халық медицинасы саласында қызмет етіп келемін. Осы сапарда айта кететінім - мен «Қазақстан Республикасы халық және рухани емшілері» мекемесінің мүшесі болып қабылданып, құжаттарын алдым. Содан бері шамам келгенше халқымды сауықтыру жолында күш салып жатырмын.

           Менің емдеу тәсілдерім: тамыр ұстаймын, қай жері ауырады соны алақан арқылы ажырата аламын, ары қарай нүкте арқылы уқалап, үзіп – үгіп бел омыртқаға, мойын омыртқаға өскен шеміршекті, тауық көз соқырды, ер азаматтардың қара қапталдығын, әйелдердің бала көтермегенін емдеймін. Келіп емделген науқастардың ризашылықтарын алып , оларға көмегімнің, аз да болса шипамның тигеніне қуаныштымын. Сонымен қатар тіршілік құбылысында бір өзгеріс болатынын алдын ала болжай аламын. Түбіміз бір туысқан түрік жұтының халық емшілігіне көптен қызығатынмын. Әсіресе, теңіз құрттарына, олардан алынған шипалы дәрулерді пайдалану тәжірибелеріне құштар едім. Биыл Қазақстан емшілері ұжымымен түрік еліне баруға жолым түсті. Арманыма қолым жетіп, шипалық әдістерімнің өрісі ұлғайды. Қазақ халық емшілігі қайта жаңғыруының көшбасшысы Шәкен қажы Мұқанұлы іргесін қалап отырған ынтымақтастықтың игілігін көре беретінімізге сенімдімін. Ресми медицина мен халық медицинасының тұнығынан қанып ішу қай шипагердің де өнерін өрге жүздірері анық. Сөзімнің соңында айтарым, Шәкен ағаның мектебінен өтіп, емшілік пен дәрігерлікті егіз ұштатырып жүрген мен де қызметтеріңізге әзірмін. Емдеу барысында қазақтың да, қытайдың да, түріктің де дәстүрлі емдік тәсілдерін кеңінен қолданамын.    Алматының бір шетіндегі «Жетіген» ауылында тұрамын. Қалта телефоным: 8 702 436 8289. 

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Архив записей