<
 
Пятница
29.03.2024
02:52
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Бала дамуының жеке карточкасы »
Меню сайта

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ЮНИСЕФ ұйымымен бірге әзірлеген «0-ден 5 жасқа дейінгі бала дамуының жеке карточкасы» перзентханаларда таратылатын болады

          Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) ұсыныстарын ескере отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «0-ден 5 жасқа дейінгі бала дамуының жеке карточкасын» әзірледі. Кітапшадан ата-аналар дәрігерлердің кеңестерімен танысып, сонымен қатар сәбидің бойы мен даму барысына қадағалау бойынша күнделік жүргізе алады.

          «0-ден 5 жасқа дейінгі бала дамуының жеке карточкасы» перзентханаларда босанған әйелдерге таратылып, отбасы үшін баланың қалыпты дамуы бойынша нұсқаулыққа айналады. Мұндай кітапшамен әрбір ананы қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

          «0-ден 5 жасқа дейінгі бала дамуының жеке карточкасын» әзірлеудегі мақсат – нәрестенің бойы, дамуы және денсаулығы туралы мәліметтерді ескеріп, сақтау болып табылады.

          Сондай-ақ, кітапшада нәрестені қалай дұрыс емізу, қай кезде және қандай қосымша тамақ беру, психикалық және физикалық қалыпты дамуы үшін қалайша уқалау және гимнастика жасау туралы мамандардың кеңестері берілген.

          Карточка әрбір отбасында болып, ата-аналар мамандардың кеңестеріне сай толтыруы керек. Ол ата-аналар мен медицина қызметкерлеріне бала денсаулығын, бойы мен дамуын мониторингілеуге, ауытқуларды ерте байқауға және уақытында түзетуге мүмкіндік береді.

          Кітапшадағы мамандардың кеңестерін орындау дені сау бала өсіруде ата-аналар үшін өте маңызды.

         Айта кету керек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін де БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесе отырып, ерте жастағы баланың дұрыс дамуы мәселелері бойынша ата-аналар мен тәрбиешілерге арнап «Қуан сәби» атты кәітіпша шығарып, ол 2013 жылы босанған әйелдерге таратылған болатын.

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Архив записей