<
 
Четверг
28.03.2024
22:53
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Психиатрлардың, наркологтардың, психотерапевтердің және медициналық психологтардың IV съезі »
Меню сайта

21-22 тамыз 2014 ж.

Астанада «Медициналық-санитарлық алғашқы көмекке психикалық денсаулық қызметін ықпалдастыру» атты психиатрлардың, наркологтардың,

психотерапевтердің және медициналық психологтардың IV съезі өз жұмысын бастады.

         Іс-шараны ұйымдастырушы: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі. Съезге қатысушылар алдында сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Мусинов қазіргі уақытта Қазақстан психикалық денсаулықты сақтау саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізгенін атап көрсетті. Республикада психикалық денсаулық сақтау қызметі үшін басты міндеттердің бірі жалпы медицинамен, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек буынымен ықпалдастыру және қоғамға бағдарланған психиатрия саласын дамыту болып табылады. Психикалық денсаулық қызметін ықпалдастыру қызмет тиімділігін арттыруға, психикалық және мінез-құлық ауытқушылықтары бар тұлғаларды стигматизациялау және кемсітушілікті азайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, республика халқының психикалық қызметінің қолжетімділігі деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Ауқымды жиында Қазақстан Республикасында психикалық денсаулық қызметін дамыту және реформалау тұжырымдамасы жобасы талқыланды.

        

    Съезге қатысушылар жобаға қатысты сараптамалық қорытындыларын берді. Жиында талқыға салынған көптеген мәселелер 2016-2020 жылдарға арнап әзірленетін «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көрініс табатын болады. Съезд шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Орталық Азия және Ресей Федерациясы елдерінде психикалық денсаулықты дамыту бойынша Еуропалық өңірлік бюросының екінші жұмыс кеңесі, сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымына мүше елдердің бас наркологтарының IV кездесуі ұйымдастырылды. Психикалық денсаулықты сақтау саласының халықаралық мамандары съезді ұйымдастыруға және өткізуге қатысты өз пікірлерін білдірді. Matt Muijen (Мэтт Юджин), ДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының инфекциялық емес аурулар және өмірлік цикл бөлімінің жетекшісі: «Қазақстан мақсатты және дәйекті түрде психикалық денсаулықты реформалау және қайта ұйымдастыру саясатын жүргізеді. 

    Психикалық денсаулық қызметін медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде ықпалдастыру озық халықаралық тәжірибелерге сай келеді. Барлық өткізілетін іс-шаралар жоғары мемлекеттік деңгейде қолдау табуда. Джун Кукита, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілі: «Қазақстанда суицидтің алдын алу саласында жұмыстар әлемнің жетекші сарапшыларымен тығыз қарым-қатынас жағдайында жүргізіледі. Көптеген тәжірибелік қадамдар Қызылорда облысында сәтті іске асырылып, аталған бағытта бірқатар аралық табыстарға қол жеткізілді».

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Архив записей