<
 
Вторник
19.03.2019
01:14
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісі »
Меню сайта

   2014 жылғы 24 шілдеде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісі өтіп, ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығында республикалық бюджеттің және ҚР Есеп комитетінің ұсыныстары мен кеңестерінің орындалу барысы қаралды.

     

  Жиынға облыстар, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, Комитеттердің өңірлік департаменттерінің және министрлікке қарасты ұйымдардың жетекшілері қатысты. 2014 жылдың 1 жарты жылдығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы 330,7 млрд. теңге, оның ішінде 149,9 млрд. теңге - ағымдағы бюджеттік бағдарламалар, 180,8 млрд. теңге - нысаналы трансферттер бойынша қарастырылған. Жиында өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары ағымдағы жылдың соңына дейін бөлінген қаражатты толық көлемде игеру бағытында қолға алынып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Өз кезегінде министр Салидат Қайырбекова ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану және заңдылықты сақтау бойынша жүйелі іс-шараларды жалғастыратынын атап көрсетті. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардан денсаулық сақтау нысандары құрылысына бақылауды күшейтуді талап етті. 

  Атап өтетін жайт, орталық мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын басқару бойынша қызмет тиімділігін бағалау нәтижесінде 2013 жылдың қорытындысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 23 мемлекеттік орган ішінде 2 орынды алды. Бағаланған 26 бюджеттік бағдарламалардың 24-і бойынша нәтижеге толықтай қол жеткізілді. Бұл көрсеткіш Министрлік жұмысының тұрақтылығын көрсетеді. Дебиторлық қарыз көлемі азайып, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауға жол берілген жоқ. Сондай-ақ, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысына қатысты ҚР Есеп комитеті жүргізген кешенді бақылау нәтижесінде ұрлау, заңсыз шығын жұмсау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бюджет қаражатын уақытында игеру, тікелей және ақырғы нәтижеге қол жеткізу, мемлекеттік сатып алу жоспарын орындау бағытында жұмыстарды жалғастыра береді.

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Март 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Архив записей