<
 
Пятница
26.04.2024
03:34
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Ғылыми-тәжірибелік конференция »
Меню сайта

      2014 жылғы 9 қазанда Шымкент қаласында «Педиатрия және балалар хирургиясындағы инновациялық технологиялар, олардың өңірлерде даму перспективалары»

 атты ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.

     Конференцияны ұйымдастырушы: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, Қазақстанның педиаторлар одағы.

Конференцияға еліміздің және шетелдерден келген жетекші ғалымдар, өңірлердегі медициналық ұйымдар өкілдері, ТМД елдерінің ғылым және тәжірибелік денсаулық сақтау саласының белгілі мамандары қатысып, баяндама жасайды. Конференцияны өткізудегі мақсат – республиканың денсаулық сақтау ұйымдарында балалар ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи жоғары технологиялық әдістерін трансферттеу, түрлі бейін мамандары арасында тәжірибе алмасу. 

       

Соңғы жылдары еліміздің денсаулық сақтау саласында технологиялық жабдықтау бойынша ауқымды өзгерістер жасалуда. Әлемдік стандарттарға сай жоғары технологиялар, балалар ауруларын емдеудің жаңа әдістері енгізілуде. Балалар онкологиясы және гематология, кардиохирургия және өзге де салалар дамып келеді. Балалардың онкогематологиялық ауруларын емдеудің қазіргі заманғы бағдарламалары енгізіліп, олардың аман қалу көрсеткішін 75% дейін арттыруға мүмкіндік берді. Гемопоэтикалық дің жасушаларының трансплантациясы енгізіліп, өмірлеріне қатер төндіретін дерттерге шалдыққан балалардың сауығу мүмкіндігін арттырды. Жүрек қан тамырлары жүйесінің туа біткен даму ақауларын түзетуге бағытталған хирургиялық оталар жасала бастады. Қазіргі таңда Астана мен Алматының ғылыми орталықтарында ашық жүрекке операциялар, жүрек ауруларын интервенциялық, кіші инвазивті әдістермен емдеу атқарыла бастады. 2012-2014 жылдары республикада балаларға осындай 6180 ота жасалды. Республикалық бюджеттен сирек кездесетін, тұқым қуалайтын ауруы бар балаларды ферментті-алмастырушы терапиямен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Балалар денсаулығын сақтаудағы жетістіктердің бірі – неонатологияда жоғары мамандандырылған көмекті дамыту. 2010 жылмен салыстырғанда қазір 1000 граммнан төмен салмақпен дүниеге келген нәрестелердің аман қалу көрсеткіштері 1,8 есеге артты. Зертханалық база желітдірілуде. Молекулярлық-генетикалық бірегей зерттеулер, гемопоэтикалық дің жасушаларын сақтау, болашақта донорлардың мәлімет қорын жасауға мүмкіндік беретін HLA-типтеу жүйелері енгізіліп, іске асырыла бастады. Айта кету керек, осындай инновацияларды енгізу нәтижесінде жағдайлары ауыр науқастарды шетелдерге жіберу қажеттілігі азайып, балалардың көпшілігі өз елімізде жоғары мамандандырылған көмек ала бастады. Нәрестелер өлім-жітімі 2008-2013 жылдар аралығында 2 есеге азайды. Әлемнің озық клиникаларында оқып, білім алған жоғары білікті жас мамандар даярлықтан өтті. Біліктілікті арттыру курстары, «шеберлік-сыныптары», қашықтықтан жүргізілетін «теледәрістер» арқылы дәрігерлерге дипломнан кейін кәсіби білім беру жүйесі жолға қойылды. Республиканың педиатриялық қызметінің көшбасшысы ретінде Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының қызметі әлемдік педиатрия жетістіктерін насихаттауға және өңірлердегі медициналық ұйымдардың педиатриялық қызметіне қолдау көрсетуге бағытталған. Сондықтан, бұл жолғы конференция Оңтүстік Қазақстан облысында өткізілуде. Бұл өңірде балалар саны ең көп, тиісінше республикалық демографиялық, статистикалық көрсеткіштерге әсер етеді. Соңғы жылдары мұнда көп бейніді облыстық балалар ауруханасы ашылып, соның базасында онкогематология, нейро және неонатальды хирургия бөлімдері жұмыс істей бастады, туа біткен жүрек ақаулары бар балаларды хирургиялық жолмен емдеудің заманауи технологиялары енгізілді. Конференция ертең де жұмысын жалғастырады.

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Архив записей