Суббота
20.04.2024
10:15
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Май » 6 » ЕРІН
16:39
ЕРІН

      Ерін терісі жұмсақ болғандықтан, ол қосымша күтімді қажет етеді. Әйелдер балауызды, әртүрлі өсімдік және жануар майларын ерте заманнан бастап, еріннің терісін жұмсарту үшін және сыртқы зиянды әсерлерден қорғау үшін пайдаланған. Қазіргі кездегі косметикалық құралдардың құрамындағы компоненттер кеңейіп, еріннің әдемі қалпын сақтауға көмектеседі. Ерін терісі арнайы тазалауды қажет етпейді. Бүгінде пайдаланып жүрген ерін далаптары теріні қорғап, ылғалдандырып, жұмсартады. Егер сіз декоративті косметиканы пайдаланбасаңыз, ерініңізді түссіз далаппен қорғаңыз.

 

ЕРІНДЕГІ ЖАРЫҚТАР

Ерінде жарықтардың пайда болуы - ерінді жалай беретін жаман әдеттермен байланысты. Әсіресе, ауа райының салқын және желді күндерінде кейбір адамдардың еріндері кеуіп, жарылып кетеді. Дәрумендердің жетіспеушілігі де (әсіресе А,  В, С) осы  секілді жағымсыз жағдайлардың пайда болуының бір себебі болып табылады.

ХАЛЫҚТЫҚ ЕМІ

* Сары майды, сол секілді, үй құсының ерітілген майын күніне үш-төрт рет жағу.

* Бір шай қасық сүзбені сәбіздің бір шай қасық шырынымен араластырып, осы масканы еріннің жарақатты жеріне 10-15 минут жағып, жапсырып қою.

* Түнге қарай ерінге балды, қияр немесе сәбіз шырынын жағу.

 

ЕЗУДЕГІ ЖАРЫҚТАР (заеды)

Езулердегі жарықтар қызарудан басталады, кейін қызарған ошақта іріңге толы кішкентай көпіршік шығады. Ол ашылып, сызықты жарықша пайда болады. Бөлінген сұйық, қабыршықтанып, кебеді. Ауызды ашқан кезде қабыршық жыртылып, қайтадан сұйық шығады, кейде қан аралас. Мұндай ауыздық ағзада В тобы дәрумендерінің жеткіліксіздігінен пайда болуы мүмкін.

ЕМІ:

Бұл  сырқаттың емін  дәрігер  жүргізуі  керек.  Ауырып  ем  қабылдаған  кезде ешқандай косметикалық әрекеттерді жасауға болмайды.

 

ХЕЙЛИТ

Еріннің қызыл жиегінің шырышты қабығының немесе терісінің қабынуы. Мұны саңырауқұлақ (кандидоз) немесе вирустар (герпес) шақыруы мүмкін. Жарақаттың, сол сияқты жарықтардың химиялық, әйтпесе, термиялық күю кезінде пайда болады. Хейлиттер әртүрлі тері ауруларының нәтижесінде дамуы ғажап емес. Сол секілді бұл дерт өзіндік жеке ауру түрінде де дамиды. Көбінесе, төменгі ерін немесе екі ерін де зақымдануы мүмкін. Ұсақ түйінді бөртпелердің пайда болуынан ерін ісінеді. Шырышты қабатты басқан кезде іріңді сұйық бөлінеді. Хейлиттің басқа түрінде ақшыл-сұр қабыршықтар пайда болады. Дерттің бұл түрі сапасыз далабты пайдаланғаннан немесе күн сәулесі әсерінің (оған жоғары сезімталдық болғанда) нәтижесінде өршиді.

ЕМІ:

Емдеу шарасы дәрігердің қадағалауымен жүргізілуі тиіс, өйткені, хейлиттің обыр ісігіне айналып кету қаупі осындайдан туады. Сырқат дендеген тұста косметикалық әрекеттерге бой ұруға болмайды. Хейлиттердің алдын алу үшін ерін жарақаттанған кезде зақымданған жерді калий перманганат ерітіндісімен немесе фурациллин ерітіндісімен шылап, сүрту керек. Ерін күнге күйгенде немесе желге тигенде оны А дәруменінің майлы ерітіндісімен сүрту керек.

 

ГЕРПЕС (ұшық)

Бұл ауру вирусты болғандықтан, өте жұқпалы. Алдында қышыған, қызарған дақ пайда болып, кейін мөлдір сұйықтыққа толған көпіршік шығады. Тез арада осы көпіршікте ірің пайда болып, сұйық сарғыш немесе қарақошқыл қабық болып кебеді. Бірнеше күннен кейін қабық түсіп, орны тыртықсыз бітеді.

ЕМІ:

Герпеске қарсы арнайы кремдер бар. Ұшықтың алғашқы белгілері, қызару мен қышу, пайда болғанда-ақ, оларды қолдана бастау керек.

С. Каримова

 

Просмотров: 995 | Добавил: Sakura | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей