Пятница
26.04.2024
02:26
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Апрель » 11 » КIНӘМШIЛ ҚЫРЫҚ КҮН
21:08
КIНӘМШIЛ ҚЫРЫҚ КҮН

Тоғыз ай, тоғыз күн құрсақта көтерген шаранаңыз дүние есiгiн ашып ˜өмірге келдi. Ендiгi жүк, ендiгi iс көздi қуантып, көңiлдi көктем еткен құп-құйттай, нәп-нәзiк нәрестенi желге, күнге тигiзбей, ауыртпай-сырқатпай, “қабырғасын қатырып, бұғанасын бекiтiп”, қаз тұрған қарақұлақ күйге жеткiзу. Бұл мiндет қалай жүзеге асады, бөбек күтiмiнiң жөн-жосығы қалай? 

Дүние есiгiн ашқанда

Сонымен көптен күткен нәрестеңiз шыр етiп жарық дүниенiң табалдырығынан аттады. Өзiңiздiң аман-сау босанып, қатарларына жаңа бiр мүше қосқаныңызға отағасыңыз да, отбасыңыз да дән риза. Сiз ендi құндақта тырбаңдап жатқан қызыл шақа тiршiлiк иесiн бағып-қағып, өз аяғына мiнгiзудiң қамына кiрiсесiз. Ал бұл дегенiңiз түн ұйқыны төрт бөлiп, кейде көрер таңды көзбен атқызуды, белгiлi бiр әзiрлiктi, бiлiктiлiктi қажет ететiн үлкен еңбек. Өмірге әп деп қадам басқан алғашқы ай бөбек тiршiлiгiнiң аса жауапты кезеңi саналады. Өйткенi оның өзiн қоршаған ортаға, жаңа жағдайға бейiмделуi осы бастапқы отыз-қырық күннiң iшiнде жүзеге асады. Сондықтан қазақ баланың туғанына 40 күн толуын, “қырқынан шығару” атты рәсiм жасап, дастарқан жайып, атап ˜өтетiн болған. Бұл нәрестенiң құрсақтан кейiнгi жағдайға үйренiсу кезеңiн артқа салғанын, бастапқы “асудан” асқанын көрсетедi. Қырқынан шыққанша шарананы қазақ желге-күнге тигiзбей, аса сақтықпен бағады, маңайға мейiлiнше бiртiндеп үйретіп, ауыртып, шетiнетiп алмауға тырысады.

     Қырқынан шықпаған, яғни, туғанына әлi қырық күн толмаған нәрестенiң жай-күйiн медициналық тұрғыдан саралау бұл кезеңнiң не себептi айырықша жауапты екенiне нақты көз жеткiзедi. Шарананың бүкiл ағзасы алғашқы айда ˜өз мiндетiн атқарып кетуге жеткiлiктi күйде, лайықты қалыпта болмайды. Бiрдеңе қолайсыз әсер еттi дегенше, нәресте ағзасының кез-келгенiнiң қызметi бұзылуы, ақауға ұшырауы кәдік. Жаңа туған баланың терiсi де ˜те нәзiк, жұқа, құндақтап, жуындырып-шайындырғанда қол қаттырақ тиiп кетсе болды, жарақаттанып шыға келедi. Сүйектiң осалдығы да терiден кем түспейдi.

Нәрестенiң бас сүйегi әлсiз келедi, еңбегi былқылдап тұрады. Бұл оның құрсақтан шығуын жеңiлдетедi әрi бас сүйек пен мыйдың бiр жасқа дейiнгi дамып, жетiлуiне көмектеседi.

Сондай-ақ 40 күнге дейiн шарананың ас қорыту жүйесi де қалыпты күйге түспейдi. Ішек қабырғалары бұл кезде аса жұқа, оған микроб оңай түседi, уытты заттар тез әсер етедi, газ оңай жиналады (емшектi артықтау емсе). Мұның бәрi нәрестенiң iшiн ауыртып, мазасын алады. Жаңа туған баланың нәжiсi де 4 күннен кейiн барып түзелiп, сарғыш түске енедi. Оған дейiн одан түр-түсi ˜өзгешелеу, меконии нәжiсi аталатын нәжiс бөлiнедi.

Бастапқы айда нәрестенiң жанары да толыққанды қызмет атқармайды. Бұл кезде ол жиырма сантиметрден әрi қарайғыны көрмейдi, тек жарық пен қараңғыны ажыратады, қызыл түстi және жалтырауық заттар ғана назарын аударады. Анасын да жұрт ойлайтындай түр-түсiнен емес, иiсiнен таниды (туғасын үш күннен кейiн-ақ).

Бастапқы жөн-жосық

Қырқынан шықпаған нәрестенi бағып күту оның дене құрылысындағы, ағзаларындағы осындай ерекшелiктер ескерiле отырып, соған сәйкес жүзеге асырылады. Мәселен, терiсi де сүйегi де, әлгiнде айтып ˜өткенiмiздей, ˜те нәзiк болғандықтан, оны құндақтағанда, құндақтан босатқанда, шешiндiрiп-киiндiргенде, жуындырып-шомылдырғанда, көтерiп, қозғағанда мейлiнше абай болу, артық қимылға бармау керек. Олақ қимылдадым, салақ қарадым дегенше, бөбектiң бiр жерiне зақым келтiруiңiз оп-оңай, тiптi кемiс қылып тастауыңыз да ғажап емес. Жуындырып, шомылдыратын суыңыз да дене тiтiркенiп, шошынатындай тым салқын әйтпесе тым ыстық болмауға тиiс.

Нәрестенiң ас қорыту, шек жүйесiнiң әлсiздiгi, қалыптасып үлгiрмегенi оны емшек сүтiмен ғана қоректендiрудi керек етедi. Бұл ретте, әсiресе, босанғаннан кейiнгi алғашқы екi күнгi сүттiң маңызы ерекше. Мұны уыз сүт дейдi. Жарық дүниеге жаңа келген нәрестеге табиғаттың ˜өзi лайықтаған бұл сүттiң құрамында ауруға қарсы тұратын антител көп. Осы антителдер бөбектiң жұп-жұқа шек қабырғаларын түрлi зиянды микроорганизмдерден болат қалқандай берiспей қорғайды.

Жалпы, емшек сүтiнiң балаға қаншалық қажеттiгiн жер бетiндегi адамнан басқа бiр де бiр тiршiлiк иесiнiң төлiн өзгенiң сүтiмен қоректендiрмейтiнiнен-ақ аңғаруға болады. Қазiргi қаптап бара жатқан аллергиялық аурулардың бiздiң сәбиге туған бойда сиыр сүтiн емiзуге ұмтылуымыздың салдары емесiне кiм кепiл? Бөбектiң өсiп-жетiлуiне не керектiң бәрi ана сүтiнiң бiр ˜өзiнiң бойынан табылады. Емшек еметiн баламен, емшек ембейтiн баланың денсаулығын салыстыра алмайсыз. Өкпенiң қабынуы да, жұқпалы ішек аурулары да, вирустық-бактериялық кеселдер де емшек ембейтiндердiң арасында бәленбай есе жиi кездеседi.

Өмiрiнiң алғашқы айында, бiздіңше, қазақтарша айтқанда, қырқынан шыққанша нәрестенiң тәнi үлкен өзгерiстi, қайта құрылуды бастан кешiредi. Сырт көзге бұл “қайыра жасақталудың” ауру сияқты көрiнетiн кезi аз емес. Бiрақ оның бәрi ˜өткiншi нәрсе, ешқандай ем-домның қажетi жоқ. Тек емiзiп, күтiп-баптаудан жаңылмаңыз.

                                                                                                          Гүлжан СЕЙТҚАЗИНА

                                                                                         педиатр-дәрiгер

Просмотров: 673 | Добавил: Sakura | Теги: педиатр-дәрiгер, бөбек күтiмi, жүктілік, 40-ынан шыққанға дейiнгi, нәресте күтiмi, нәресте | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Архив записей