Пятница
29.03.2024
14:50
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Апрель » 10 » МҮЙІЗДЕНУ (мозоль)
22:11
МҮЙІЗДЕНУ (мозоль)

Мүйіздену -  терінің  мүйіз  қабатының  шектелген  қалыңдауы.  Ол  ұдайы  механикалық  тітіркенетін  жерлерде  пайда  болады. 

Терінің  шектелген  аймағындағы   ысылу  және  үйкелу  жергілікті  қан  айналымының  бұзылыстарына  әкеліп,  кератинизацияның  күшеюіне  (мүйізделуіне)  әкеліп  соғады.

Мүйіздену  көбінесе,  алақан  мен  өкшеде  пайда  болады.  Мұның  дамуына  ыңғайсыз,  тар  аяқ  киім  және  кәсіптік  ерекшеліктер  әсер  етеді. 

Ағаш  шеберлерінде  (плотник),  дәнекерлеушілерде  (сварщик)  мүйіздену  алақан  мен  саусақ  ұштарында  (солақайларда - оң  жақ)  пайда  болады.  Мүйізденудің  өршуіне  жалпақтабандық  пен  тершеңдікке  де  әкеліп  соғуы  ғажап  емес.

КӨРІНІСІ

Мүйізденудің,  көбінесе,  айқын  шеттері  болмайды,  оның  беті  тегіс  немесе кедір – бұдыр  сарғыш-  қоңырқай  түсті  келеді.  Мүйізденген  аймақтың  сыртқы  әсерге  сезімталдығы  төмендейді.  Ауру  сезімі  қысыммен,  залалданумен,  жарықтардың  пайда  болуына  тікелей  байланысты. 

ЕМІ:  Қазіргі  заманғы  дәрі-дәрмектік  өндіріс  кератолитикалық  құралдардың  кең  спектрін  ұсынады.  Олардың  көбісі  мүйізденген  жерді   жылы-ыстық   жергілікті  ванналармен  жұмсартқаннан кейін  қолданылады. 

 АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ:

*   Теріні  күнделікті  тиянақты  күту  (әсіресе  табан  терісін)

*   Аяқ  киімді  дұрыс  таңдау

*   Жалпақ  табан  мен  тершеңдікті  емдеу

*   Терінің  үнемі  зақымдануының  алдын  алу

*   Мүйізденудің  дамуына   бейім  адамдарға  А  дәруменін  ішке  қабылдау  курстары  көрсетілген.

С. Каримова

 

Просмотров: 786 | Добавил: Sakura | Теги: тері аурулары, мозоли, мүйіздену, терінің құрғақтығы, сұлулық, тері күтімі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Архив записей