Пятница
26.04.2024
03:20
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июль » 7 » Маман
20:29
Маман

ҚАЗАҚСТАН ШЫҒЫС МЕДИЦИНАСЫ ОРТАЛЫҒЫ Хирургиялық урология бөлімінің бас дәрігері, Ершат АХМЕТБЕКҰЛЫ және оның айырықша емдеу тәсілдері туралы деректер.

 

    Қытай Синьцзян медициналық университетін 1989 жылы бітірген. Сол жылдың шілде айында Синьцзян медициналық университі жанындағы №1клиникалық ауруханасының хирургиялық урология бөлімінде еңбек жолын бастаған. Қытай медицина ассоциациясы жанындағы Синьцзян урология хиругиясы және Синьцзян андрологиялық ассоциацияларының мүшесі.

   Маман клиникалық урология және андрология саласы бойынша 22 жылдан бері еңбек етіп келеді. Хирургиялық урология саласындағы жазылуы қиын, күрделі және созылмалы ауруларды емдеу мен анықтауда үлкен тәжірибе жинақтаған. Бүйректі алмастыру, қуыққа ота жасау, қуықты ауыстырып салу, бүйрек обырын радикалды емдеу, простат обырын толық емдеу, бүйрек безінің әртүрлі ісігіне ота жасау, қуық жолындағы мүйізденген тастарды алу, жыныс мүшелерінің пластикасын реттеу және қайта қалпына келтіру, урологиялық жүйедегі ісіктер мен тастарды (бүйрек обыры, қуық обыры, еркектік без обыры) инвазиялық әдісті қолдана отырып, хирургиялық жолмен емдеуге машықтанған.

 

   Ол, әсіресе, еркектік без ауруларын емдеу мен жыныс мүшелерінің қалыптан тыс немесе бұрыс бітімін қалпына келтіру ісімен айналысатын білікті маман. Оның есімі осы сала мамандарының қатарында ауызға жиі алынады. Мысалы, несеп жолы, қынап ақаулары, жасырын жыныс мүшесі, жыныс мүшесінің сколиозы, қысқа жыныс мүшесін қалпына келтіру оталарын сәтті жасауымен ерекшеленген. Сонымен қатар ол жыныс мүшесі протезі отасын меңгерген. Жыныс мүшелері күре тамырларын қалпына келтіру, бедеулік және өзге де микрографикалық хирургиялық ауруларды емдеп, жазады. Бүгінде еркектік бездің қалыптан тыс орналасуы мен еркектік бездің обырын емдеу жолында өз біліктілігін жетілдіріп, мамандануда. Маман еркектік бездің қалыптан тыс орналасуының зарарсыз түрін арнайы отаның көмегімен емдеуді және простатэктомияны толық емдеуді жүзеге асырып келеді. Ол бүгінде осы саладағы ең білікті мамандардың сапында.

   Маман-хирург жылдар бойы урология саласын жетілдіру мақсатын көздейтін бірнеше оқулықтар жазып, зерттеу ісінде жауапты қызметтер атқарған. Елімізде және Синьцзянда оннан аса ғылыми жұмыстарын жариялап, ғылым мен техника саласының көптеген сыйлықтарына ие болған. Төменде білікті маман өзі көз жеткізген жәйттерді назарларыңызға ұсынып отыр.

Мақала авторымен мына телефондар арқылы хабарласуларыңызға болады: 8 701 1760900, 8 701 2231972, 8 (727) 3164599

Просмотров: 651 | Добавил: Sakura | Теги: урологтың кеңесі, аденома простаты, простатит, Ершат Ахметбекұлы, андрологтың кеңесі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июль 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Архив записей