Четверг
25.04.2024
14:10
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июль » 7 » СЕМІЗДІК
19:46
СЕМІЗДІК

 

СЕМІЗДІК

 

Майдың денеге шамадан тыс жиналуы. Бұл кеселдiң себептерiне шамадан тыс тамақтану, қимыл-қозғалыс, жүрiс-тұрыстың аздығы, тұқым қуалаушылық, нейроэндокриндiк ақаулар жатады. Бұған кортикостероид дәрiлер қабылдау да себепшi болуы ықтимал. Науқастың шағымына тоқтала кететін болсақ,  әлсiрейді, салмағы  өседi, ентiгедi, жүрегi жиi соғады, тамақты көп iшедi,  шөлдей бередi, басы, жүрек тұсы ауырады.

 

 

 

АРТЫҚ САЛМАҚТЫҢ ЗИЯНЫ

 

Семiру көптеген қолайсыздық әкеледi. Ол жүректiң ишемиялық ауруын, атеросклерозды, күретамырлық  гипертонияны, сусамырды (диабет), т.б. кеселдi  туғызатын қауiптi  фактор, алғышарт болып есептеледi. Майдың артық жиналуы  тiршiлiк үшiн  маңызды көптеген мүшелердiң қызметінің бұзылуына әкеледi.  Мысалы, жүректе май  жиналуы оның жиырылуын әлсiретедi, ˜өкпеде ауа алмасуы нашарлайды, алқыну пайда болады, дене  мүшелерiнде  тынысты гипоксия дамиды.

 

ҚАЛАЙ САҚТАНҒАН ДҰРЫС?

Семiруден сақтану,  емделiп-жазылуда қоректену тәртiбiн  сақтаудың маңызы ерекше. Тәттi және тұзды тағам iшiп-жеудi шектеп, күнiне 5-6 рет жеңіл қоректену қажет. Тамақ әкелетiн қуаттың (энергияның) 70%-ы күннiң бiрiншi жартысына тиесілі болуы керек, (яғни, ертеңгi және түскi  ас), қалған 30%-ын  түстен кейiнгi  ас-су  қамтамасыз етедi. Түнгi ұйқы алдында екi сағат бұрын ғана тамақтанған жөн.

Тағамда ˜өсiмдiк майы мен  жануар  майының ара қатынасы 1:2 мөлшерiнде, ал жеңiл қорытылатын көмiрсуы аз болуы керек. Алкогольдi  iшiмдiктi мүлдем  пайдаланбаған дұрыс.

Көп қимылдау, дене  шынықтырумен,  спортпен шұғылдану да денеге артық  май жолатпайды.

Толық адамдарда май  алмасуын  жөнге келтiруге қолданылатын  препараттың бiрi – «Эйконол» балық майы. Ол қандағы майдың  мөлшерiн азайтады, күретамырлық қысымды төмендетедi, қанның ұюын  кемiтедi.

 Семiздiктен сауығуға  емдiк гимнастика мен  массаж да көмектеседi.

 Салауатты өмiр  салтын сақтай отырып, дене салмағын бiр қалыпта сақтауға ұмтылған жөн.

 Кейде  семiздiк басқа  аурудың  салдарынан да пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайда  сол сырқатты анықтап, емделу қажеттігі туады.

Бір сөзбен айтқанда, шамадан тыс семiру, кiсiнi аурушаң етеді, мүгедектiкке әкеледі, мұның мезгiлсiз өлiмге соқтыруы да ғажап емес. Тілге тиек етілген iндеттен  аулақ  болғыңыз келсе, тамақтануда тәртiп (режим) сақтап,  қимыл-қозғалыстың парқын бағалай білген абзал.

 

С. Каримова

Просмотров: 1487 | Добавил: Sakura | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июль 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Архив записей