Среда
24.04.2024
03:39
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июль » 7 » ҚУЫҚ ТҮБІ БЕЗІ АУРУЫ
20:03
ҚУЫҚ ТҮБІ БЕЗІ АУРУЫ

   ҚУЫҚ ТҮБІ БЕЗІ (ПРОСТАТА) АУРУЫ

     Бұл дертке шалдыққандар күтініп, дұрыс тамақтанып жүруі тиіс.  Қуық түбі безі ауруы ерлерде жиі кездесетін дерт. Статистика мәліметтеріне сенсек, ер азаматтардың 65 пайыздан көбі аурудың осы түріне шалдығып, денсаулығы нашарлайды екен.

     Негізінде, қуық түбі безі ауруының алдын алуға болады. Ол үшін ер адамдар денсаулығына ерекше көңіл бөлгені дұрыс. Созылмалы қуық түбі безі ауруына шалдыққандардың көпшілігі қандай да бір тексерулерден жиі өтіп тұру - ауруды асқындырып немесе жыныс мүшелерінің рөліне зиян келтіреді деген пікірде. Іс жүзінде олай емес. Денсаулық күтіміне байланысты лайықты әрекет ету - дененің қарсылық қуатын арттырып, қан айналамын жақсартады.

     Қуық түбі безі - сұйықтықты бөліп шығаруымен бірге, қуық түбі безінің қабынуын қайтарып, оның созылмалы сырқатқа айналу әсерін төмендетеді. Бұдан өзге, адам шынығу жаттығуларын жиі жасап тұрса, дәрі-дәрмектің қуық түбі безіне сіңуі тездетіліп, дәрінің тиімділігі артады.  Аталмыш без ауруының қайталап сыр беру қаупі азаяды.

    Қуық түбі безін қорғау үшін дене шынықтыру мақсатында жаттығулар жасағанда ер адам өзінің жасына, дене қуатына, әуестігіне мән бере отырып – жаяу жүру, жылдам жүру, ақырын жүгіру, суда жүзуді таңдағаны дұрыс. Бұл – шат және білек бұлшық еттерінің жұмысын жақсартып, қуық түбі безінің қан айналысын күшейтеді. Қуық түбі безі ауруына шалдыққан орта жастағы ер азаматтар мен қарттар қимылды қажет ететін жаттығу түрлерін таңдағандары дұрыс. Жаттығу үшін күніне 30-40 минут уақыт бөлінуі тиіс.

   Бір ескерте кететін жайт, қуық түбі безі ауруына шалдыққан науқастар қатты жүгіру, атқа міну, машинаны жылдам жүргізу сияқты әрекеттерге бармағаны жөн. Әйтпесе, қуық түбі безіне қан толып, сулы ісік пайда болады. Ол аталмыш бездің сұйықтық бөліп шығаруына кедергі келтіреді, науқастың дерті асқына түседі.

Қуық түбі безі ауруына шалдыққан жағдайда мынаны ескерген абзал:

* Біріншіден, ұзақ уақыт қозғалмай отыруға болмайды. Бұл сырқатқа шалдыққандар, дұрыс әрі жиі қимылдап тұрмаса, қуық түбі безіне қан толып, кіші дәретке отыра алмай қалу қаупі туады. Тіпті болмаса, кіші дәреті қан аралас келеді. Көбіне кеңсе қызметкерлері ұзақ уақыт қозғалмай, жұмыс үстінде отырады. Мұндай жағдайда, ең болмаса, мүмкіндігінше бір немесе екі сағат дене қимылына уақыт бөлінуі тиіс. Қимыл-қозғалыстан кейін қан айналымы жақсарып, қуық түбі безіне қан толуы азаяды.

* Екіншіден, кіші дәретке уақытымен отырған дұрыс. Кіші дәретке уақытында отырмаған жағдайда, қуық білеуленіп, бұлшық ет серпімділігі әлсірейді, тіпті, несепті сыртқа шығару қиындайды.

*Үшіншіден ащы, қышқыл азық-түлік өнімдерін тұтынбаған жөн. Мысалы, сарымсақ, у сарымсақ, қызыл бұрыш, қара бұрыш сынды ащы тағамдар қан тамырларын кеңейтіп, қуық түбі безі ауруына шалдыққындардың ауруын асқындыра түседі.

*Төртіншіден, сырқаттың бұл түріне шалдыққандар асқабақ, қызанақ, алма сынды қуық түбі безіне пайдалы азықтарды жиі пайдаланғандары дұрыс. Әсіресе, қызанақтың құрамында ликопин бар, бұл пигмент – тамаша антитұтықтырғыш. Ликопин адамның иммунитетін жоғарылатып, қуық безін қорғайды және қуық түбі безінің сақайып, жазылуын жеделдетеді.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               Ершат Ахметбекұлы,                                                               

                                                                                                                                                                     Қазақстан Шығыс медицинасы орталығы,

                                                                                                                                                                    хирургиялық урология бөлімінің бас дәрігері,

                                                                                                                                                                     тел.: 8 7011760900,  8 701 2231972, 8 727 3164599 

Просмотров: 2551 | Добавил: Sakura | Теги: уролог-андрологтың кеңесі, простатит, белсіздік, аденома простаты, уролог Ершат Ахметбекұлы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июль 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Архив записей