Суббота
20.04.2024
18:34
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Август » 2 » ЗАҚЫМ КЕЗIНДЕГI ШҰҒЫЛ КӨМЕК
15:50
ЗАҚЫМ КЕЗIНДЕГI ШҰҒЫЛ КӨМЕК

ЗАҚЫМ  КЕЗIНДЕГI  ШҰҒЫЛ КӨМЕК

 

Аяқ-қолдың сынуы мен шығуы жиi кездесетін жағдай. Ондайда зақымданған  жанға көрген жан қандай көмек көрсетуге тиіс?

 

Ең басты  есте сақтайтын  нәрсе жарақат  алғаннан кейiн жарты тәулiктен асырмай сынықшы дәрiгерге (травматолог) көрiну қажет. Одан кейiнге қалса, сынған  сүйектiң ара-жiгi  қосылып кетедi де, сынықшыға оны  қайтадан  сындыруға тура келедi.

Сүйек  сыртындағы терiнiң  сыртына шығып  та, шықпай да майып бола бередi. Негiзгi белгiлерi сынған  тұс  қатты  аурады. Үстiндегi терi қызарып,  талаурайды, iсiнедi, сынған  мүшенi  қимылдату қиынға  түседi. Сүйегi  сынып,  зақымға  ұшыраған  адамға алғашқы  көрсетiлетiн көмек мынадай.

*  Сынық ашық түрде болса, қанды тоқтату  керек.

*  Ауруды басу үшiн анальгин, баралгин секiлдi  анальгетиктер iшу қажет.

* Тақтай немесе басқа да тегiс нәрсе тауып сынған аяқ-қолды  қозғалмайтындай  етіп дәкемен  шандып, таңып  тастау шарт. Егер басқа  ештеңе қолға түспесе  сынаған  аяқты екiншi сау аяқпен  қосып,  ал сынған қолды денеге жапсырып тапжылмайтындай жағдайда таңып тастауға болады.

*  Егер  омыртқа  сынса, жарақат алған адамды үстелдiң беткi тақтайына, тiптi  болмаса есiктiң  тақтайына  шалқасынан  таңып тастау жөн.

* Тез жедел  жәрдем  шақыртқан жөн. Ол келгенше  зақымға  ұшыраған адамды орынынан  қозғауға болмайды.

Сүйектiң шығуы сынуға қарағанда  көп жеңiл. Шыққан сүйек  орнынан тайып, әдеттегi қалпын  ˜өзгертедi. Шығу да  сыну тәрiздi терiнiң қызарып, қатты iсуiмен, ауыруымен қабаттаса  жүреді.

 Сүйек  шыққанда жасалатын алғашқы көмек мынадай:

*  Шыққан сүйектi ˜өзiмiз саламыз, ˜өзiм саламын деп  талаптанудан аулақ  болу шарт.

*  Сүйектiң тайған  тұсына полиэтилен қалтаға орап мұз немесе  бөтелкеге  құйып мұздай су басу керек.

*  Қолдың буыны тайса  бiлектi  сүлгiмен, белбеумен,  шалмамен  мойынға  нығыздап асып қою керек.

*  Ауру  сезiмi  анальгетик  дәрiлердiң бiрiн  iшкенде, бірден басылады. 

Просмотров: 922 | Добавил: Sakura | Теги: жарақаттар, зақымдар, аяқ-қолдың сынуы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Август 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Архив записей