Четверг
25.04.2024
12:09
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июнь » 10 » ЖЕТI АЙДАН ӘРI АСҚАНДА
19:29
ЖЕТI АЙДАН ӘРI АСҚАНДА

       Жетi айды толтырып, сегiзiншi айға аяқ басқан бөбектiң қимыл, қылығы күннен күнге емес сағаттан сағатқа дерлiк ширап, сүйкiмдiлiгi сәт сайын арта түседi. Ол бұл кезде төңiрегiндегiлермен күлiп, былдырлап “тiлдесуден” жалықпайды, үй-iшiндегiлердi таниды, оларды сырттан келген бейтаныс кiсiден жақсы ажыратады. Жетi айға толған сәби сондай-ақ ересектердiң “сұрауы”, өтiнiшi бойынша да қылық көрсете бастайды. Мысалы, отыршы десең отырады, жатшы десең жатады, Қолыңды бершi десең қолын бередi, қасынан кетiп бара жатып, қолыңды бұлғасаң, қолын бұлғайды, қалауыңызға қарай басқа да iс-әрекеттер жасайды.

      Бұл айда, жетiншi айда нәресте тiреу-сүйеусiз, қоршау-ораусыз-ақ ˜өздiгiмен отыратын, жататын күйге жетедi. Өзiнiң күйме-керуетiнiң жақтауына сүйенiп ˜өз аяғымен тұруға талпынады, емiн-еркiн еңбектейтiн болады.

      Сегiзiншi айға толық толуңа айналғанда бөбектiң бойы 18-20 сантиметр шамасында ˜өседi, салмағы 9 келiге жуықтайды.

      Нәрестенiң денесiн ширатып, қимыл-қозғалысын пысыта түсу үшiн 6-7 айлық кезден бастап оған арнайы массаж жасау, гимнастикалық жаттығу жасату ұсынылады. Бұл реттегi ұсыныс-нұсқаулар 6 айдан 10 айға дейiнгiлер үшiн бiр бөлек, 10 айдан 1 жасқа дейiнгiлер үшiн бiр бөлек. Ендi осының 10 айға дейiнгiлерге арналған бөлiгiне тоқталайық. Алдымен ескертетiн жағдай – алақанның ұсақ бұлшық еттерi мен аяқ-қолдың iрi бұлшық еттерiн дамытатын, жасалуы бөбекке қиындық келтiрмейтiн дене қимылдарын қорықпай-үрiкпей 6-7 айлық кезден жүзеге асыра беруге болады. Бұл кезде оған ал, бер, отыр, жат, мықтап ұста дегендей сөздердi, сол сияқты ымдап, нұсқап ұғындыруды да кеңiнен қолдану артық емес.

Массаж бен гимнастиканың жасалу ретi:

1) Сөзбен “нұсқау” бере отырып, баланы екi қолмен “сақиналап”, шығыршықтай сылап-сипау;

2) Сөзбен “нұсқау” бере отырып, аяқ-қолды жазып-бүгу, тұла бойды сылап-сипау, ысып-сүрту;

3) Шалқадан жатқан күйден оң жамбаспен аударылып, етпеден түсiп (iштi жерге төсеп) жату;

4) Арқаға массаж жасау;

5) Түрегеп тұрған күйден, сөзбен нұсқау бере отырып, екi қолынан демеп, құйырығынан отырғызу;

6) Қолды айналдыра қимылдату;

7) Сөзбен “нұсқау” бере отырып, аяқты жоғары қарай тiк көтерту;

8) Омыртқаның ұзына бойын сипау;

9) Шалқалап жатқан қалыптан сол жақ жамбаспен аударылып, етпесiнен түсiп (iштi жерге төсеп) жату;

10) Iштi жерге төсеп етпелеп жатқан күйден, сөзбен “нұсқау” бере отырып, қолынан демеп көтерiп алу.

11) Қолды бүгiп-жазып жаттықтыру;

12) Төске, iшке массаж жасау;

13) Бiр бүйiрiмен жатып, тыныс алу.

Гүлжан СЕЙIТҚАЗИНА

Просмотров: 613 | Добавил: Sakura | Теги: нәрестенің күтімі, массаж | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Архив записей