<
 
Четверг
18.04.2024
22:20
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Қазақстанда донорлық органдарды алмастыру бойынша жасалған операциялардың саны артуда »
Меню сайта

Қазақстанда донорлық органдарды алмастыру бойынша жасалған операциялардың саны артуда

         2014 жылғы 8-9 тамыз аралығында Ұлттық кардиохирургия орталығының базасында республикада тұңғыш рет органдар донорлығы және трансплантацияға арналған Халықаралық ғылыми - практикалық конференция өтеді.

      Конференцияға органдар және тіндер трансплантациясы саласының мамандары, түрлі мемлекеттік органдардың, діни және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, психологтар, заңгерлер мен органдар салынған реципиенттер қатысады.

      Қонақтар және спикерлер арасында Чехия, Хорватия, Ресей, Беларусия елдерінің мамандары бар. Конференция шеңберінде Жапония және Оңтүстік Кореяның алдыңғы қатарлы трансплантолог-мамандары Ұлттық ғылыми медициналық орталықта және Астана қаласының №1 қалалық емханасында туыстық трансплантация саласында инновациялық технологияларды енгізу мәселесі бойынша мастер-кластар өткізіледі.

      Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұзақ мерзімді Қазақстан 2050 жылға дейін дамыту стратегиясында, адамдардың өмірін ұзарту үшін жасанды жүрек және тіндердің жасушаларын қолдануда, транплантологияны дамытуда әлемнің үздік ғылыми орталықтарымен бірлесіп зерделеуді және енгізуді талап ететін отандық медицинаның басым бағыттары ретінде көрсетілген.

      Қазіргі уақытта еліміздің, алдыңғы қатарлы трансплантациялық технологиялар әлемдік стандарттар деңгейінде ғылыми орталықтарында ғана емес, сонымен бірге өңірлік клиникаларда енгізіліп келеді, оның ішінде, түрлі модификациядағы қосалқы қан айналымы құрылғыларын имплантациялау бойынша технологиялар. Донорлық жүректі ауыстырып салу үшін Organ Care system аппараты қолданылады. Органдарды тасымалдау уақытын қысқарту үшін Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктері және азаматтық авиацияның санитарлық авиациясы пайдаланылады.

      Мемлекет органдарды трансплантациялау бойынша жоғары технологиялық операциялардың және реципиенттерді одан әрі оңалтуға барлық шығынды қаржыландырады.

     Денсаулық сақтау министрлігі үшін халықтың органдарын транплантациялау қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету басты мақсат болып табылады. Донорлық органдарды ауыстырып салу бойынша операциялардың саны жыл сайын артып келеді. Осыдан тура бір жыл бұрын 8 тамызда осы орталықта елімізде алғаш рет жүрек трансплантациясы операциясы жасалған болатын. Бүгінде 8 реципиент донорлық жүрекпен өмір сүруге мүмкіндік алды.

    Жалпы, өткен жылы республикада 163 донорлық органдардың трансплантациясы жасалды. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде – 116 түрлі органдардың трансплантациясы жасалды.

    Конференцияның шеңберінде Қазақстан өңірлерінің мамандары трансплантацияға мұқтаж науқастардың өмірін сақтап қалуы үшін үздік трансплантациялық үйлестіру және трансплатациялық қызметті ұйымдастыру жүйесімен таныса алады.

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Архив записей