<
 
Пятница
26.04.2024
01:19
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Қазақстанда Ұлттық телемедицина желісін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде »
Меню сайта

Қазақстанда Ұлттық телемедицина желісін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде

    Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде мемлекеттік органның Жауапты хатшысы С.Р.Мусиновтың төрағалығымен селекторлық режимде ведомстволық бағынысты ұйымдардың, өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді.

       Кеңесте электрондық денсаулық сақтау кеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздік, Ұлттық телемедицина желісін дамыту және Қазақстанда «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» халықаралық қозғалысының 21-Дүниежүзілік конгресін өткізу мәселелері қаралды.

     ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтауды ақпараттандыру саласындағы қауіпсіздік жағдайының деңгейін арттыруға бағытталған денсаулық сақтау саласында бірқатар стандарттар мен регламенттерді бекітті. ҚР электрондық денсаулық сақтау саласын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі регламенттің талаптарын ескере отырып, техникалық құжаттама әзірленді. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы пайдаланушылар мен қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру жөніндегі іс-шаралар жүргізілуде. Нормативтік техникалық құжаттамаға қойылатын барлық талаптарының орындалуына бақылау жүргізіледі және жүйені құрудағы осалдықтарды айқындау кезінде аудит жасалынады.

    Қазақстанда 2004 жылдан бастап Ұлттық телемедицина желісін құру және дамыту жөніндегі бағдарлама іске асырылуда. Бүгінгі таңда оның құрамына 190-нан астам объект кіреді. Бұл – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, облыстық, қалалық ауруханалар, аудандық орталықтар, республикалық клиникалар, медициналық ЖОО-дары, өңірлік басқармалар, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы.

    Ұлттық телемедицина желісі сондай-ақ бейне-конференц-байланысты жүргізу үшін пайдаланылады. 2014 жылдың 7 айында 160-тан астам сеанс өткізілді. Республикалық клиникалар бейінді аурулар бойынша облыстық, аудандық ауруханалар үшін теледәрістер мен телесеминарларды өткізеді.

   Қазіргі уақытта 2016-2018 жылдарға арналған Ұлттық телемедицина желісін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл – жабдықтарды, серверлерді жаңғырту, «АЖ-Телемедицина» бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту және өзге жұмыстар.

    Осыған байланысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына денсаулық сақтау ұйымының бейінін ескере отырып, медициналық жабдықтар бөлігінде қолданыстағы телемедициналық орталықтарды жаңғырту және жаңаларды құру жөніндегі ұсыныстарды енгізу ұсынылды.

    Кеңестің барысында 2014 жылғы 25-29 тамыз аралығында Астана, Семей, Курчатов қалаларында Қазақстанда «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» халықаралық қозғалысының 21-Дүниежүзілік конгресін өткізу мәселелері айтылды. Конгресстің жұмысына 300-ден астам делегаттардың қатысуы күтулуде, соның ішінде 270 шетелдік қонақ: Ресей, АҚШ, Австрия, Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Филиппин, Жапония, Нигерия сияқты 43 мемлекеттен көрнекті қайраткерлер, ғалымдар, саясаткерлер, жас ғалымдар, студенттер келетін болады.

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Архив записей