<
 
Вторник
23.04.2024
13:03
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Медициналық форум өткізуді ұсынды »
Меню сайта

ҚР Денсаулық сақтау министрімен кездесуде жапондықтар медициналық форум өткізуді ұсынды

    

2014 жылғы 23 шілдеде ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова Халықаралық достық алмасу кеңесінің Орталық Азия елдерімен мәдени және экономикалық алмасу жөніндегі комитетінің жетекшісі, «Сакура Глобал Холдингс» компаниясының басқарма төрағасы Кеничи Мацумото бастаған жапондық делегациямен кездесті. Министр екі елдің денсаулық сақтау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту ісіне қызығушылық танытқаны үшін алғасын білдірді. Салидат Қайырбекова Қазақстан мен Жапония арасында берік серіктестік байланыс орнағынын атап өтті.

   

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтар арасында достық қалыптастыруда Халықаралық кеңес жүргізіп жатқан жұмысқа қолдау білдіретінін жеткізді. Министр сондай-ақ, қонақтарды «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы хабардар етті. Бағдарлама іске асырыла бастағалы аурулар ерте кезеңде анықталып, диагностикалау мен емдеудің жоғары технрологиялық әдістерін қолдану аясын кеңейту арқасында өлім-жітімге негізгі себеп боп отырған қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіші 2 есеге азайды. Отандық және шетелдің білім және ғылым орталықтары базасында еліміздің медициналық және фармацевтикалық мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру бағытында шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар, қан айналымы жүй есі, онкологиялық аурулардың алдын алу, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту сияқты мәселелердің маңызды екенін атап өтті. 

   

Осыған орай, ол Қазақстанның денсаулық сақтау саласында қазақстан-жапон ынтымақтастығын күшейтуге, оның ішінде елімізге инновациялар мен инвестиициялар тартуға, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласында жобаларды іске асыруға мүдделі екенін алға тартты. Өз кезегінде жапон делегациясының басшысы Мацумото Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды зерттеуге, ана мен бала денсаулығын сақтау, медициналық қондырғыларға қызмет көрсететін операторды даярлауға, сондай-ақ, болашақта «Медициналық форум» өткізу туралы жоспарын ұсынды. Мацумото мырза екі ел арасында қарым-қатынасты дамыту мақсатында ынтымақтастық аясы кеңейетініне үміт білдірді. Қорытындысында Министр қонақтарға алғысын білдіріп, Қазақстан мен Жапония арасында екі жаққа да тиімді жемісті ынтымақтастықтың дамитынына сенім білдірді.

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Архив записей