Четверг
28.03.2024
18:22
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Октябрь » 23 » АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛАМЫН ДЕСЕҢІЗ, ГАУХАРДЫҢ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛІҢІЗ
15:05
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛАМЫН ДЕСЕҢІЗ, ГАУХАРДЫҢ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛІҢІЗ

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛАМЫН ДЕСЕҢІЗ, ГАУХАРДЫҢ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛІҢІЗ

          Бұл орталық қайда?

   Бұл орталық – Алматыдағы Қарғалы мөлтек ауданы Новая көшесіндегі №7 үйде.

       Гаухар кім?

Гаухар Отарбаева осы сауықтыру орталығының бас директоры, ресми медицина мен дәстүрлі медицинаның сауықтыру әрі емдеу тәсілдерін қатар меңгерген, қазақша айтқанда, екі енені тел емген бес аспап маман. Ол Асфендияров атындағы Алматы медицина университетін бітірген терапевт-дәрігер, кәсіби халық емшісі. Қазақстанның құрметті халық емшісі, Қазақстанның жұлдызды емшісі, Қазақстанның үздік емшісі атақтарының иегері, медициналық және космоэнергетикалық экология халықаралық академиясының академигі.

       Емшілік тұқым қуалайтын, қанмен берілетін қасиет. Гаухарға ол анасы жағынан дарыған. Гаухардың анасы Тұрсынбала Хамидоллақызы Қоңыратбаева да кәсіби құрметті халық емшісі болған. Қазақстанда дәстүрлі халық медицинасының «Тәнді тазалау мен сауықтыру» аталатын саласын қалыптастырып, осы бағыттағы баға жетпес дәстүрлі ем-домға жол ашқан да сол кісі.

       Аналарының бастаған ісін қазір балалары жалғастыруда. Гаухардың сауықтыру-емдеу орталығы бүгінде өз елімізді былай қойғанда, бүкіл постсоветтік кеңістік жұртына кеңінен таныс. Мұнда емделушілер ауыл-аймақты айтпағанда Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд, Тәжікстанның Душанбе, Қызғызстанның Бішкек, Ош сияқты медицинасы дамыған ірі қалаларынан да келеді.

 

Орталықта олардың сауығуы мен емделуіне неғұрлым қолайлы жағдай жасалған. Жататын орын да, емделетін құрал-жабдық, дәрі-дәрмек те сайлы. Енді «мың сіз-бізден бір шыз-быж» демекші, Гаухардың осы әйгілі сауықтыру мекемесі алдын алатын және емдеп айықтыратын кеселдермен таныстырайық.

 

ҚАНДАЙ СЫРҚАТТЫ ЕМДЕЙДІ?

 

1. ТЕРІ АУРУЛАРЫ

• Нейродермит

• Экзема

• Псориаз

• Безеу мен бөрткен

2. ІШКІ АҒЗАЛАРДЫҢ АУРУЛАРЫ

* Тыныс алу ағзаларының кеселдері

* Асқазан-ішек сырқаттары

* Зат алмасуға байланысты дерттер

3. МҰРЫН КЕҢСІРІК КЕСЕЛДЕРІ

* Гайморит

* Синусит

 

ҚАЛАЙ ЕМДЕЛЕДІ?

• Қолмен үгу-үзу (массаж)

• Биоқуатпен емдеу

• Дәрігер-емшінің өз рецептімен әзірленген тұнбалар мен қайнатпаларды қолдану.

• Бауыр мен бүйректі тазалау шаралары.

АЖАЛ ІШЕКТЕН БАСТАЛАДЫ

       

   Швейцар дәрігері, доктор КЕЛЛЕРДІҢ тұжырымдары:

 

    ІШ ҚАТУЫ ҚАЙДА АПАРЫП СОҒАДЫ?

   Асқазанға әсері:  асқазан жұмысының бұзылуы, асқазан жарасы, асқазанның төмен түсуі, асқазанда қатерлі ісіктің пайда болуы, іштен сасық иістің шығуы.

   Бүйрекке әсері:  бүйрекке тас байлануы, бүйректің шаншуы.

  Жүйкеге әсері: ұйқының қашуы, торығуға ұшырау, ашушаңдық, көкайылдыққа шалдығу.

  Аяққа әсері: аяқтағы көктамыр бойында қанның ұйып қалуы, аяқтағы көктамырдың варикоздық кеңеюі.

  Тоқ ішекке әсері:  тоқ ішектегі геморойттық кеселдер, тоқ ішектің қатерлі ісікке шалдығуы.

   Бауырға әсері: бауыр қызметінің бұзылуы, өт қабында тастың түзілуі, бауырдағы кесел салдарынан улану.

   Соқырішекке әсері: созылмалы немесе жедел соқырішекке ұшырау.

   Қанға әсері: қан аздығы сырқатына, қан құрамының патологиялық бұзылуына шалдығу. Осылардың салдарынан дененің барлық торшаларында сырқат туындайды. 

  Іштің төменгі бөлігіне әсері: ішкі ағзалардағы түрлі іркілістер. Осының салдарынан жатырдың, аналық бездердің, фаллопиев түтікшелерінің, бір сөзбен жыныс мүшелерінің созылмалы сырқаттары пайда болады.

   Теріге әсері: денеде әртүрлі бөртпелер қаптап кетеді.

 

   «ТӘНДІ – СУ, АҚЫЛ-ОЙДЫ – БІЛІМ,  ЖАНДЫ – КӨЗ ЖАСЫ ТАЗАЛАЙДЫ»

 

 

Көне заман кемеңгерлері

 

АСҚАЗАН МЕН ІШЕКТІ ШАЮ

• Бұл сауықтырушылық шара – асқазан мен ішектің шырышты қабығындағы бөгіп жатқан зиянды қалдықтарды сыртқа айдап шығады. Ас қорыту жүйесінің қалпына келтіреді.

• Бауырдың, өт қалтасы мен ұйқы безінің жұмысын жақсартады. Сусамыр сырқатының жеңіл түрлерінен айықтырады.

• Тәндегі зат алмасуды дұрыстайды. Асқазан - ішек жүйесіндегі созылмалы соқырішек, созылмалы шаншу кеселдерінен, жыныстық жүйедегі кеселдерден, бедеулік сырқатының кейбір түрлерінен айықтырады.

• Иммундық жағдайға байланысты туындайтын барлық дерттерге қарсы мықты иммунитет қалыптастырады

. • Сондай-ақ асқазан мен ішек жолын тазалау адамның өңіне де өзгеріс әкеледі.

• Бетке қан жүгіріп, тері жаңғырып-жасарады. Бет-әлпет те, дене де бөрткеннен арылады. Бастың, көздің, кеңсіріктің, тістің ауруларын, созылмалы тонзилит тиылып, сауығады. Ұйқы жақсарып, дем түрлі иістерден арылады.

• Сондай-ақ, ішекті тазалау дәреттің жүйелі жүруін қамтамасыз етеді. Іш қатпайтын болады.

 

БАУЫРДЫ ТАЗАЛАУ

Осы заманғы жасанды тағамдар бауырға үлкен салмақ түсіреді, оның ластану қарқынын жеделдетеді. Оның үстіне тоқ ішектен келетін уыт, лас заттар және бар. Алайда, бауырдың мүмкіндігі аса зор. Ол бәріне төтеп береді. Дегенмен, зерттеулерге қарағанда, адамның бауыры 30-40 жастың маңайында ластанып, жұмысы нашарлай бастайды. Кісі былайша, сырттай қарағанда сап-сау көрінгенмен, оның ішінде бұғып жатқан кесел қалай да денсаулығына зардабын тигізеді. Ондай адам тез шаршайды, ауруға ұшырауы да қазір, созылмалы кеселдер бірінен соң бірі айналдырады. Бауырды тазалаған кезде билирубиндік тастар, сап-сары, қоймалжың холестерин ұлпалары шығады. Өңі қап-қара өт ағады. Бауыры шанышатындар мен жамбас ағзалары қабынғандардан тазалау кезінде жабысқақ, қоңыр шырыш көп бөлінеді. Ішкі ағзаларыңыздан шыққан қалдық заттарды көргенде сізді денеңізде тұнып қалған осы «жарылғыш бомбалардан» құтылғаныңызға деген қуаныш билейді! Бауыр тазаланғаннан кейін тәніңіздегі бүкіл зат алмасу үдерісі жақсарады. Соның нәтижесінде мүсініңіздің сымбаты артып, теріңіз мап-майда, жұп-жұмсақ күйге енеді. Жұмысқа қабылетіңіз артады. Ұйқыңыз жақсарады. Ұшы-қиырсыз шаршауды, үнемі қажып жүруді артта қалдырасыз. «Ауырмайын десең, ауырудың алдын ал», - деп өте орынды айтылған. Іштің тазалығы, ішкі ағзаларды тазалау, сіздің сау-сәлемат, бақытты да, нәтижелі ғұмыр кешуіңіздің басты шарты, ең жақсы кепілі.

 

ІШТІ ТАЗАЛАҒАННАН КЕЙІНГІ ЕМ-ДӘМ МӘЗІРІ

Сауықтыру шараларынан кейінгі алғашқы үш күнде тек мына төмендегідеі ас-су түрлерімен қоректенесіз.

1. Етін қуырмай әзірлеген борщ

Дайындау тәсілі: 300 г ет. Бұл қойдың, шошқаның еті емес, тек сиырдың, жылқының, әйтпесе тауықтың майсыз еті болуға тиіс. Оны суға салып, піскенше қайнатасыз да, сорпаға орамжапырақ, сәбіз, қызылша, жуа, картоп, аскөк, тұз, қажет етсеңіз өз қалауыңызша қант саласыз.

2. Суға пісірілген бөкпен (каша). Мұны күріштен, қарақұмықтан, сұлыдан, тарыдан, арпадан және басқа жармалардан әзірлейді. Дайындау тәсілі. 3-4 ас қасық - жарманы суға салып, қашан дайын болғанша, пісіру керек. Содан кейін үстіне әркімнің өз қалауынша тұз бен қант салынады. Аздап сары май қосылады.

3. БУҒА ПІСІРІЛГЕН, БҰҚТЫРЫЛҒАН НЕМЕСЕ ҚУЫРЫЛҒАН КӨКӨНІС

Бұларды іш тазартылған алғашқы екі күнде емес, тек үшінші күні ғана жеуге болады. Сауықтыру шарасынан соң, үш күн бойы сүт ішуге, сүттен жасалған, сүттен ашытылған тағамдарды пайдалануға болмайды. Ал төртінші күннен бастап, сүтті де, айранды да, қымыз бен шұбатты да емін-еркін ішіп, ірімшікті, сүттен жасалған және басқа тағамдарды жей беруіңізге болады. Іш тазартылған алғашқы үш күнде жаңа пісірілген нан жеуге де болмайды. Күніне тек үш-төрт кесек қуырылған немесе кептірілген нан ғана жеу керек. Ал сусыннан қара шай, қайнаған су, газдалмаған минералды су, кептірілген жемістен қайнатылған компот, қайнатылған итмұрын тұнбасын ғана ішесіз. Шай ішкенде карамель кәмпит (бір-екі дана), крекер және балаларға арналған күлшелерді жеуге болады. Сондай-ақ, кептірілген сары өрік пен жүзімді де пайдалана аласыз.

 

ІШ ТАЗАРТЫЛҒАННАН КЕЙІН ОН КҮН БОЙЫ МЫНА АС-СУ ТҮРЛЕРІНЕ ЖОЛАМАЙСЫЗ:

Бұршақ, арпа, манный жармасы, ірі бұршақ өнімдерінен әзірленген тағамдар.

Қой мен шошқаның еті, қуырылған, қақталған және ащы тағамдар.

Алкогольді ішімдіктер.

Үш күн бойы денеге күш түсіретін қара жұмыс атқармайсыз.

ҚАНАДАН АСЫРЫП ТАМАҚТАНБАЙСЫЗ!

Бұл ретте сауықтыру саласындағы зерттеуші маман Г. С. Шаталованың мына сөзін басшылыққа алған жөн: «Бір тамақтанғанда қанша мөлшерде тамақ ішуге болатынын білгіңіз келсе, екі алақаныңызды бір-біріне қосып, ожау құсатып ұстаңыз да, үстіне су құйыңыз. Содан кейін оны ыдысқа құйыңыз. Сол судың көлемі қанша болса, созылмай қалпында тұрған асқазаныңызға сиятындай астың көлемі сондай». Мұны ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистерінде айтылған тұжырымның ғылыми дәлелі десек те болады.

ІШТІ ТАЗАРТУҒА КЕДЕРГІ БОЛАТЫН ЖАҒДАЙЛАР:

Асқазандағы немесе ұлтабардағы жара, эрозивті гастродуоденит (ФГДС-тің көрсеткішін міндетті түрде әкелу керек), іш қуысына жасалған операция, геморройдың жедел түрі, сусамыр кеселі, реактивті панкреатит, өттегі немесе бүйректегі тас (УЗИ-дің көрсеткішін міндетті түрде әкелу керек), күретамырлық гипертензия, гипотония, қан аздық ( қанның биохимиялық сараптамасын міндетті түрде әкелу керек), бауыр шемені, жүрек қан тамыры сырқаттары (ЖИС, жүректің ақауы, аритмия) – бұларға міндетті түрде ЭКГ көрсеткішін әкелу керек, цитрус тұқымды жемістерге аллергия, жүктілік, лактация, подагра, бауырдың жұқпалы аурулары (эхинококкоз, лямблиоз, описторхоз), бүйрек қызметінің созылмалы жетіспеушілігі, туберкулез, диспансерлік есепте тұру.

ІШ ТАЗАРТТЫРУҒА КЕЛГЕНДЕ ӨЗІҢІЗБЕН БІРГЕ МЫНАЛАРДЫ ӘКЕЛУГЕ ТИІССІЗ:

ЭКГ, ФГДС, УЗИ көрсеткіштері, қанның биохимиялық сараптамасы (бір айдан аспау керек). Сондай-ақ мынадай төсек-орын жабдықтарын әкелесіз: ақ жайма, көрпе тыс, жастық қап, қол сүртетін с үлгі, бөлмеге киетін тәпішке, дәретхана қағазы, 6 лимон, 250 г зәйтүн майы. Киіміңіз маусымға лайық болуы керек: спорт костюмі, әйелдерге халат.

 

Сауықтыру орталығының мекен-жайы: Алматы қаласы, Қарғалы кооператив техникумы, Новая көшесі, №7 үй, №119 автобустың соңғы аялдамасы. Телефондары: 8(727)2 999-119, 8 702 677 79 72, 8 777 692 73 80. Алдын ала жазылу, телефон арқылы кеңес беру күн сайын сағат 14. 00-ден 19. 00-ге дейін жүргізіледі. Демалыс күндері: сейсенбі, сәрсенбі. Бұл күндері орталыққа телефон шалуға болмайды. Жұмыс күндері: дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Просмотров: 2601 | Добавил: Sakura | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Октябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Архив записей