Суббота
20.04.2024
07:35
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Май » 6 » ГАЛАКТОЗЕМИЯ
16:28
ГАЛАКТОЗЕМИЯ

ГАЛАКТОЗЕМИЯ - тұқым қуалайтын ауру. Оның негізінде галактозаның глюкозаға айналу кезеңіндегі зат алмасулардың бұзылыстары жатады. Тамақпен бірге түсетін сүт қанты, лактозаның, құрамындағы галактозаның глюкозаға айналу реакциясы, негізгі ферменттің тұқым қуалайтын деффектінің әсерінен, аяқталмайды. Галактоза және оның өнімдері қан мен тіндердерде жиналып, орталық жүйке жүйесін, бауырға және көзбұршаққа (хрусталикке) улы әсерін тигізеді. Аурудың көріністері осыған байланысты болады. Дерт, туғаннан кейінгі алғашқы күндерінде және апталарында, айқын сарғаюмен, бауырдың үлкеюімен, неврологиялық көріністермен (сіресу, бұлшық еттердің гипотониясымен, нистагммен), құсумен көрініс береді. Кейін физикалық және жүйке-психикалық дамудағы артта қалып қою, катаракта байқалады. Дерттің ауырлығы әртүрлі. Кейде галактоземия бір-ақ көрінісімен - катарактамен немесе сүттің қорытылмауымен байқалады. Лабораториялық зерттеу кезінде қанда, сол секілді, зәрде галактоза анықталады. Сарғаю байқалғанда тура және тура емес, билирубиндердің мөлшері жоғарлайды. Ағзаның инфекцияларға қарсыласу әрекеті төмендейді. Өмірдің алғашқы күндерінде зәрде галактозаның анықталуы және оның қандағы деңгейінің 0,2 г/л-ден жоғары болуы нәрестені галактоземияға тексерілуін  қажет етеді. Галактозаға айналатын ферменттердің белсенділігін анықтайтын арнайы лабораториялық әдістер бар. Аурудың ауыр түрлері өмірдің ілкі кезеңдеріндегі өліммен аяқталады. Басқа жағдайларда созылмалы бауыр жеткіліксіздігі немесе орталық жүйке жүйесінің зақымдануы бірінші орынға шығады.

ЕМІ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ

Диагноз дәлелденген жағдайда, баланы емшекпен емізуге болмайды. Бұл дертке шалдыққан сәбилерге арнайы тағамдар қарастырылған. Қан құю, плазма құю көрсетілген. Дәрілік препараттардан калий оротат, АТФ, кокарбоксилаза, дәрумендер комплексі тағайындалады. Жоғары қаупі бар отбасыларындағы жүкті әйелдерді ерте анықтап, жатырішілік профилактиканы жүргізудің әсері жоғары. Жатырішілік алдын алуға жүкті әйелдің ас мәзірінен сүтті алып тастауы жатады. Қауіп бар отбасыларды есепке қою - нәрестені арнайы зерттеуден өткізіп, сол сияқты, диагноз қойылған жағдайда, оны лактозасыз емізуге ауыстыруға мүмкіндік береді.

С. Каримова

Просмотров: 2045 | Добавил: Sakura | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей