Среда
15.05.2024
14:17
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Каталог статей »
Меню сайта

Категории раздела
Мои статьи [12]

Главная » Статьи » Мои статьи

Қап!.. немесе неке шарты туралы

Бүгінде заңды некеге отыру кезінде жас жұбайлардың алдына неке шартына отыру туралы ұсыныстар айтылып жатады. Бұған біреулер күле қараса, енді біреулер «шаңырақ құрмай жатып, бұл неғылған құжат» деп таңданысады. Иә, үстінде үйі, банкіде салып тастаған ақшасы, астына мінген машинасы немесе жайқалып жеміс беріп тұрған саяжайы жоқ жастарға бұл қызық сұрақ болып көрінуі әбден мүмкін. Бірақ бұған тап осылай немғұрайлы қарау дұрыс еместігін бүгінгі таңда өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Мәселен, қырық жыл отасқан Самал мен Сағидың қалған ғұмырға дәмдері жараспай қалды. Екеуі бір шаңырақтың астында тұруға мінездері шәлкем шалыс келе берді. Еркек тіпті, үй ішіндегі балаларына қол жұмсауға дейін барды. Отбасы мүшелерінің арасында қылдың жуандығындай да сыйластық қалмады. Ақыры екеуі ажырасуға бел буды. Ашу жоқ, араздық жоқ бөлек тұру керектігіне көздері жетті. Енді не істеу керек деген сауал өзінен өзі туындады. Осы арада жедел сотқа жүгініс басталды. Сот не айтты. Қарсы емес, қырық жыл бойғы жинаған тергендері қылдай, қақ бөліске түсетінін айтып кеңес етіп, көңіл жұбатты. Бұған қуану дұрыс па, әлде жеке өз аттарында бір-бір үйі бар еркек пен әйел жылауы тиіс пе? Сірә, соңғысы... Себебі, екеуі де үй алған кезде неке шарты деген мәселені ұмыт қалдырған еді. Бірінің үйінде бірінің шатағы жоқтығын айтып, қалай қарғанса да, екеуі де бір біріне сенбейтін болып шықты. Себебі, түбінде сол екі үйге екеуінің де ортақ үлесі барлығы алдарынан тосып алатыны белгілі тін. Өздері болмаса, балаларының әкемнің әйтпесе шешемнің үлесін бер, үйдің жартысын сатамын десе, кім оның құлағын кеседі. Талап орынды, әуелде басы ашылмай қалған дүние бәрі бір күндердің күнінде солай дауға айналуы заңды. Неке шарты сіз кез келген жылжымайтын мүлік сатып алған кезде көмекке келетін төбе биіңіз болмақ. Ендеше, нотариус әйтпесе заң кеңесшісі өзіңізге неке шарты туралы еске салғанда күле қарамай, алынатын мүлікке түбінде кім иешілік жасайтынын айқындап алыңыз. Бұл өмір заңы. Біз мысалға келтірген кейіпкерлерге де дау кезінде тек әділ заң ғана көмекке келді.

Бәтира Қарағұлова.

Категория: Мои статьи | Добавил: Sakura (08.05.2014)
Просмотров: 547 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі