<
 
Пятница
26.04.2024
18:37
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
ҚР Денсаулық сақтау министрінің Ақмола облысына жұмыс сапары »
Меню сайта

    ҚР Денсаулық сақтау министрінің Ақмола облысына жұмыс сапары

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова Ақмола облысына жұмыс сапары барысында бірқатар денсаулық сақтау ұйымдарында: Астрахань аудандық ауруханасында, Атбасар ауданындағы Мариновка ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханасында, Сандықтау аудандық ауруханасында, Шағалалы дәрігерлік амбулаториясында және облыстық онкологиялық диспансердің оңалту бөлімінде болды.

    Медициналық мекемелерде аралау барасында Салидат Қайырбекова медицина қызметкерлерімен және науқастармен әңгімелесіп, еліміздің денсаулық сақтау саласында, оның ішінде ауыл халқына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Министр медициналық көмек ең алдымен науқастың қажеттілігіне бағдарлануы тиістігін атап көрсетті. Салидат Қайырбекова ағымдағы жылдың 1 шілдесінде ауыл тұрғындарына арнап, еліміздің барлық өңірінде «Денсаулық жолы» атты кең ауқымды акция басталғанын еске салып өтті.

    Биылғы шара барасында қан айналымы жүйесі, қант диабеті, онкологиялық аурулардың алдын алуға және тәуекел факторларына баса назар аударылатын болады. Акция шеңберінде құрамында терапевт, кардиолог, эндокринолог және онкологиялық қызмет мамандары кіретін мобильдік дәрігерлер бригадалары шалғайдағы ауылдарға барады. Ауыл тұрғындары профилактикалық тексеруден, зертханалық-диагнотикалық зерттеулерден өтіп, дәрігер мамандардың кеңестерін алады. Бүгінгі күнге дейін мұндай шаралар Ақмола облысының Бурабай, Еңбекшілдер ауданында өткізілді. Салидат Қайырбекова дәрігерлер бригадасы енді облыстың басқа да аудандары халқына қызмет көрсететініне сенім білдірді. Сондай-ақ, ауылдарға жұмыс істеуге барған жас мамандардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын сұрады.  

   Министр жергілікті атқарушы органдар Министрлік жіберетін жас дәрігерлерге тиісті жағдай жасап, оларды тұрақтандыруға күш салуы тиістігін атап көрсетті. Туберкулезге қарсы диспансерге барған кезінде Салидат Қайырбекова науқастарға дер кезінде көмек көрсету мәселесін алға тартты. Және қазіргі уақытта мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралардың арқасында туберкузелге қарсы күресте елеулі жетістіктерге қол жеткізілгенін айтты. Соңғы 10 жылда республикада туберкулезге шалдығушылық 2,1 есе, ал қайтыс болғандар саны 3,7 есеге азайған. Бұл салада Ақмола олблысында да жағдай жаман емес. Облыста 2014 жылдың 1 жартысында туберкулезге шалдығушылық көрсеткіші 9% төмендеді.

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Архив записей