Понедельник
29.04.2024
03:27
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Каталог статей »
Меню сайта

Категории раздела
Мои статьи [12]

Главная » Статьи » Мои статьи

АЗАМАТТЫҚ НЕКЕГЕ ҚАРСЫМЫН

Соңғы уақытта әжептеуір ажар-көркі, жоғары білімі, қомақты жалақысы бар жігіттер мен бойжеткендер заңды некеге отырып, бала, отбасы бақытын аялап, ардақтағаннан гөрі, азаматтық неке деген жұғымсыз бір әрекеттің жағына шықты. Бұл мұсылман баласы үшін барып тұрған масқараның өзі емес пе? Бұндайлар, сөз жоқ, өздерін ақтап, тілге тиек ететіндей, үйлі-жайлы болатындай, жағдайлары дұрысталғанға дейін осылай заңды некеге тұруды сәл шегере тұру үшін емес, жалғызбасты адамның басына түсетін ауыртпалықты көтеру қиындығына төзе алмайтындықтан, беттің арын белге түйіп, осы «азаматтық неке» деген ақытша некені өмірге әкелгендер. О заманда бұ заман қазақ атамның қай қызы мен ұлы осындай ұятсыз қадамға барған еді? Тұрмыс құрмай бірге тұрмақ түгілі, сонау Қыз Жібектеріміз, Баян Сұлуларымыз жігіттің бетіне тура қарап па екен? Одан беріде де қыз балаларды аналары ер баламен бостекі ыржақтасуға жібермей, мұндай еркіндіктің түбі жақсылыққа апармайтынын айтып, тиым салып отырмаушы ма еді. Мына заман неткен имансыз заман еді, бұл заманның жастары неткен бетімен кеткен жандар еді. Мұның ақыры қайда апарып соғады. Түбінде мұндайлар өмірге әкелетін ұрпақ қандай болып өседі. Осы бетімен кеткендік әрекеттерге тиым болмаған жағдайда, келешек ұрпағымыздың адамгершілік сапасы қандай болмақ. Осы көріністер кемел еліміздің келешегіне кесірін тигізбейді деп айта аламыз ба? Қорытып айтқанда, өз басым азаматтық неке дегенге үзілді кесілді қарсымын. Бұл бетке шіркеу құбылыс. Ағайын-туыс, бауырлар ел бетіне қалай қарайды? Қызының немесе ұлының азаматтық некеде біреумен күні үшін тұрып жатқанын ата-ана, жақын-жуықтарына қалай сүйіншілей алады?

 Жас отау, жаңа шаңырақ - Отанымыздың бір бөлшегі. Ол осындай бақай есепке құрылған болса, мұның көзге күйік, көңілге қаяу түсіргеннен басқаға пайдасы қайсы? Қарындастарымыз бен інілеріміз бұл жайында мықтап ойлануы тиіс. Кейбіреулердің пікірінше, «азаматтық неке» кезінде жастар бірін- бірі таниды, болашақта бірге тұру-тұрмау сияқты келелі тауқыметтерді шешеді дегісі келеді. Құдай-ау, бірімен бірі жараса ма, жараспай ма, осыны тексеріп, зерттеуге қыз бен жігіттің танысып, бірге жүретін бір-екі жылы да жетпейтін бе еді? Көрпе астына жатып, масқара болып, ажырасу не үшін керек, кімге керек? Ендеше ойланайық, бауырлар! Өзімізді-өзіміз мазақ қылмайық! Әлде кімдерге еліктеп, ар-ұяттан жұрдай болмайық.

                                                                                                                                                                              Мақсат ТҰРАШ

Категория: Мои статьи | Добавил: Sakura (08.05.2014)
Просмотров: 969 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі