Вторник
14.05.2024
18:30
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Каталог статей »
Меню сайта

Категории раздела
Мои статьи [12]

Главная » Статьи » Мои статьи

БАЙҒҰС

Түн ортасы ғой шамасы. Соңғы кезде ˜өзiнен-өзi бiреу түрткендей, оянып кететiн болып жүр. Көзiн ашты болды, ойына ұлы түседi. "Жарығым, қайда жүр екен? Өлi-тiрiсiн бiлдiрмегелi алты айдан асты... Елдiң шырт ұйқыда екенiнде Райхан Сәлiмовнаның жұмысы жоқ, дәлiздес құмалақшы кемпiрдiң есiгiн қағып оятып алды. 

- Әй, подруга, — дедi оған, — Сен ренжiме ендi, әлгi баланы "босағаға" келiп тұр, ертең-ақ жетедi, — деп едiң ˜өткен құмалақ ашуыңда. Ендi қашанғы күтемiн?.. Сен сол тастарыңмен тағы да "сөйлесiп" көршi, ˜өткенде мүмкiн бiрдемесiн көрмей... байқамай қалған шығарсың... Райханның дегбiрi қашып, шыдамсыз күйге түсiп тұрғанын сезгенмен, түнгi ұйқысының бөлiнгенiн құмалақшы ауыр қабылдады.

- Өй, сен де бiр, сол сенiң жаман ұлыңның келген, келмегенi едi, менiң бар жұмысым. Босағаңнан енiп тұр десем, тап ертең жетiп келедi, - деп кiм айтты саған, әйтеуiр бiр жолы түсер, дегендiк емес пе менiкi.

- Балың ˜өтiрiк болса, маған неменеге ақша төлетiп, құнданып жүрсiң? Жайшылықта момақан кемпiрдiң соншама шүйлiгiп, қазымырланғанынан құмалақшы да сасайын дедi. Бiр шатақ шығып кетпесiн деп алдын орай:

- Жарайды, ашсам, ашып берейiн, бiрақ қазiр мезгiлсiз уақыт екенiн ескерiп, бағасын да ˜өсiремiн. Үш жүз теңгеге келiсесiң бе? - дедi.

Тап қазiр Райханға керегi ақша, дүниенiң түгелдiгi емес, жалғыз ұлының атын ауызға алып айтқан, көңѓiл жұбатар бiр ауыз жорамал едi.

- Жарайды, жарайды, - дедi жүзiне ендi ғана қан жүгiрiп, - тек тезiрек аша ғой балыңды. Обалы не, құмалақшы мұны қуантар болжамын бұл жолы да бұрынғыдан бiр мысқал кемiткен жоқ. Ана үйiне тағы да үмiтiн жалғап, көңiлiн демдеп оралды. Содан көзi iлiнiп кеткен. Түсiнде ұлын көрдi. Үй толы адам екен дейдi. Көптiң iшiнде ол да жүр. Бұған ˜өкпелi ме, қырын қарап, бiрдеңе деген болады. Бұл оның даусын ести алмай, не дейсiң, құлыным, деп ұмсына берiп оянып кеттi. Түсiне қарағанда аман-есен жүрген сияқты-ақ. Райхан ендi ұлының осы сапарға қалай кеткенiн еске ала бастады. Алматыда еш жер мамандығы бойынша жұмысқа алмаған соң, амалсыз ел асып, жұрт асып жүрген жоқ па ол?! Шетелдiктердiң қарамағына қызметке бiрнеше рет кiрдi. Ендi қатарға қосыла бастағанда қысқартып жiбередi бәрi де. Конкурстан ˜өтiп, жұрттан озып кiредi-ау және соларға. Жұмыстан қысқарып, сенделiп жүрген сондай күндердiң бiрiнде ұлы үйге Грецияға барып, Қазақстанға мандарин арттырамыз, жалақыны доллармен төлейдi, --деп келген. Бұл әуелде жiбергiсi келмеген. Кейiн "бағын байлап жүрермiн" деген қауiппен — жұмыссыз ұлы күнде мас болып ˜өзiнiң де, көршiлерiнiң де берекесiн алып бiткесiн амалсыз келiскен. Жол қаражатын әкететiндер ˜өздерi төледi ме, әлде ұлы ˜өзi бiрдеме қылып тапты ма, ол жағы Райханға беймәлiм.

Содан берi, мiне, жарты жылдан асты. Шындығына келсе, ұлының осылай сорлап жүргенiне бұл алдымен ˜өзiн кiнәлайды. Бұл ақша жасай алса, жалғыз ұлы жоқшылықтың қамытын кимей, шалқып ˜өмiр сүрмес пе едi? Бұны кезiнде совет ˜өкiметi жарылқап тастамағанымен — жұмыс, жүрек жалғайтын жалақы бердi. Бұлар кейiсе — табыстарының тамақтан ˜өзгеге артылмайтынына кейитiн. Ендiгiлерге ол да жоқ, жұмыс iздеп сандалумен отызға келесiң бе, қырыққа келесiң бе, сенiң ит тiрлiгiңе ешкiмнiң сирағы сылқ етiп, бүйрегi бүлк етпейдi, ˜өз күнiңдi ˜өзiң көр... Райханның ата-анасы да бұған - жалғыз қызына ештеме қалдыра алмады. Өмiрi мал соңында ˜өткенiмен, әкесi етi тiрi, дiндар жан едi. «Күнiне неше пәле көрсеңдағы, сонда да күдер үзбе бiр Алладан»,- деп отыратын. Не десем де, қалай ренжiсем де, менiң ˜өмiрiм де, үмiтiм де Асанжан ғой. Алланың рахымынан күдер үзбей, мiнеки, алпысқа келдiм, жаратушы ием, жалғызымды да желеп-жебеп жүргей.

Райханның күйеуi, Асанның әкесi Жасан марқұм осыдан жиырма бес жыл бұрын кездейсоқ, жол апатынан қаза тапты. Алматыда жол құрылысын жобалау мекемесiнде кiшi ғылыми қызметкер болып жұмыс iстейтiн, тұңғыш қыздары шетiнеп кеттi де, Асанды араға оншақты жыл салып, кенжелеп барып көтердi. Жасан қайтыс болғанда бұл айы-күнi тақап, перзентханаға түсуге әне-мiне деп жүрген. Өлiмi кiсiден болды деп ойлайды әлi күнге Райхан жұбайы туралы. Тамыздың шыжыған күндерiнiң бiрiнде Алматы төңірегiнде iссапарда жүрiп, ажалын тапты жарықтық. Үйіне асығып келе жатып, рульде ұйықтап кеткен десті, апттың анығын тергегендер... Жолдастары естiрткен мезетте әуелi түсiнбей, ұққан бойда: "Менi кiмге тастап кеттiң?" деп жер тырнап, ұшып көкке, ұшып жерге түскенi ғана есiнде. Содан кейiнгiсiн бiлмейдi, көзiн ауруханада ашты. - Өлiмнен қалдыңыз, — дедi есiн жиған бұған маңайындағы дәрiгерлердiң бiрi, — ұлыңыз ˜өмiрге келдi. Көзiнен сорғалаған ащы тамшыларды үнсiз жұта берген бұл сонда. Жасанның ˜өлiмi сол жұмбақ күйiнде қалды. Жалғызілiктi әйел қайда барып, кiмге не дәлелдей алмақ. Омбы жақта жетiмдер үйiнде ˜өскен Жасанда туыс-туған ежелден жоқ болатын. Мұның ˜өзi де ет-жақын ағайынсыз-тын. Дүние есiгiн осылай әкесiн аттандырып барып ашып едi Асанжан. Күйеуiнiң жерлеуiне де қатыса алмаған Райхан содан берi ұлын алданыш етiп келедi. Осы көзтүрткi болмасын деп, қайтып тұрмысқа да шыққан жоқ. Асан бұл сабақ беретiн орыс орта мектебiн бiтiрдi. Райхан араға әркiмдердi салып дыңдай институтқа түсiрдi, инженерлiк мамандық әпердi. Бiрақ, сол екi ортада заман ˜өзгерiп, ешкiм ештеңеге жауапты емес кезең туды. Оқу бiтiргендердiң жұмысқа орналасуы ендi ˜өзiнiң мiндетiнде қалды. Райханның арқа сүйер көз таныстарының бiреулерi зейнетке кеттi, бiреулерi жұмыстан босады. Не ақшасы, не ықпалды танысы жоқ жас маман кiмге керек?.. Сонымен аяғы Грецияға кетумен тынған осы сенделiс басталды. Айтпақшы, шешесi зейнеткерлiкке шыққалы Асанның Райханға деген перзенттiк сезiмiн әлде бiр ˜өшпендiлiк басып бара жатқандай. Күнi-түнi көше кезiп келедi де, үйге кiрген бойда бiрiншi қабаттағы бiржарым бөлмелiк пәтерде ˜өзiнiң жолына қарап үрпиiп отырған шешесiне тиiседi. Менiң болашағымды қамтамасыз ететiн ақша жинамай, алпысқа дейiн не˜ бiтiрдiң, ˜өсiрiп, қатарға қоса алмайтының бар, неге тудың? — деп салады қиғылықты. Райхан ондайда есiктi сыртынан кiлттеп көршiлерге, көбiне дәлiздес әлгi құмалақшы кемпiрге барып жан сақтайды. Өзi жұмысқа кiрiп, отбасын асырайтындай тұрақты жалақы алса, үйленер, содан соң арақ та, маған ˜өмiрге әкелгенiм үшiн ренiшi де жайына қалар деп ойлайтын. Осы Грецияға кетуiнiң алдында ұлы тағы да мұнымен қатты сөзге келген.

-Ты, старая дура, — деген ұлы соңғы күндердегi үздiксiз iшiстен қанталап кеткен көзiмен сүзеген бұқадай сүзiле қарап — раз не смогла обеспечить мне нормальную жизнь, давай, до моего приезда освободи квартиру, я хату продам, и машина, и работа будет. Если не хочешь освободить хату, онда өлтiремiн мен сенi. Райхан мұндайда орысша ˜өскен, бетiң бар, жүзiң бар демей, дүңк ете қалатын жазған -қанына қарайса, қойып қалып, майып қылып жүрер деп, қарсы дауға бармайтын. Бұл жолы да сол әдетiне бағып үндемей, есiктi сыртынан құлыптап, көршiлерге кетiп, құтылды. Ертесiне келгенде ұлы кетiп, орнында арақтың босаған бөтелкесi ғана қалыпты. Жол дорбасы мен киiм-кешектерiн әкеткенiне қарап, бұл оны ˜өзi айтып жүрген Грецияға кеттi деп бiлдi.

      * * *

Райхан тағы да түн ортасынан ауа оянып кеткен. Кенет әр жерден шәуілдей үрген иттер үнi ауланы азан-қазан қылды. Бұның: "Не болып қалды, жаным-ау?", — деп терезеден сыртқа үңiле бергенi сол едi, қарақұстан тиген ауыр соққыдан сыртқа қарай аударыла құлағанын сездi. Бiрiншi қабатқа жер алыс па, iле-шала денесi асфальтқа тидi. Шалқалай құлаған қалпы көзiн ашқан. ..О, тоба, үстiне төнiп, қалбиып тұрған ұлын көрдi. "Ұлы... ˜өзi хабарын зарыға күтiп жүрген Асаны". Райхан Сәлiмовна баласын иiскеп, мауқын басайын дегендей, құшағын жаза берген, бiрақ қақ маңдайдан тиген алапат соққы көзiнiң отын бiр жарқ еткiздi де, тылсым қараңғылыққа сүңги жөнелдi... 

Райхан Сәлiмовнаның қанар қапқа тығулы денесiн көршiлерi ағып-тамған қанға, қан iзiне қарап, таң атысымен-ақ, қоқыс салған жәшiктен тауып алды. Қылмыскер резеңке қолғап кигендiктен, полиция саусақтарының iзiн ала алмады. Жалғызiлiк зейнеткердi ақтық сапарға құмалақшы мен құдайына қараған тағы бiр-екi көршiлес кемпiр-шал жөнелттi. Қарт ұстазға қабiрлiк жер бөлуге аудан әкiмшiлiгi көмектестi. Осы оқиғадан кейiн арада екi-үш күн ˜өткенде Асан да үйiне оралды. Анасының қазасына "аһ" ұра қайғырған ол пәтерiн сатып, көп ұзамай көзден бiржола таса болды.

                                                                       БӘТИРА ҚАРАҒҰЛОВА

Категория: Мои статьи | Добавил: Sakura (08.05.2014)
Просмотров: 429 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі