Понедельник
29.04.2024
09:27
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Каталог статей »
Меню сайта

Категории раздела
Мои статьи [12]

Главная » Статьи » Мои статьи

НЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ немесе О, ШІРКІН, МАХАББАТ!

НЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ немесе О, ШІРКІН, МАХАББАТ!

Әйел әртүрлі себептермен күйеуге шығады. Шартты түрде бұл себептердің бәрін үш тарапқа бөлуге болады: махаббатпен, ақымақтықпен, сол секілді нақты есеппен.

ЕСЕПТІ НЕКЕ

Қалай қызық көрінгенімен, мұндай некелер ең ғұмыры ұзақ некелер болып табылады. Бірақ, есеп дұрыс болмай шықты ма, әйтпесе, бір жақтың тым жоғары есепшілігіне байланысты, неке керек болмай қалды ма? Мұндай некенің ажырасумен аяқталуы ғажап емес. Мысалы, Қарлығаш ешкімнен ешқандай артықшылығы жоқ, әншейін бір еркекпен тұрмыс құрды. Оның есебі бойынша, ол оны өмір бойы сүйіп өтуі керек еді. Немесе Света болашақ жарының көзіне шөп салуынан қорқып, өзінен бірнеше ондаған жас үлкен адамға күйеуге шықты. Нәтижесінде біреуі жұбайымен бірнеше жыл өмір сүріп, оның қалпы ғана бей-жай емес, махаббатта да айта қаларлықтай жалындап, жанып тұрған жан еместігіне көзі жетті. Ал екіншісі, өзінің жыл өткен сайын жоғарылап, күшіне енген сексуальді қажеттігін оның кәрі күйеуінің қанағаттандыра алмайтындығын түсінді. Бірақ кейде, кезінде " кейіпсіз" көрінген күйеудің уақыт өте келе керемет жетістіктерге қол жеткізген тұлға болып шығуы мүмкін. Ондай кезде керісінше, ол еркектің өзін шынайы жақсы көретін әйелге кетуі ғажап емес. Ал кәрі күйеу "сақалын ақ шалғанда сайтан азғырды" дегендей, өзінің жас жұбайына қарамай, оңды-солды жүріс жүре бастайды. Күйеуге есеппен шыққан әйелдер, күйеуімен сандаған жыл тату-тәтті өмір сүріп, бір кезде өзінің нағыз сүйікті жанын кездестіреді. Мұндай кездерде есептер мен міндеттердің сынған шөлмек іспеттес, быт-шыты шығады. Бірақ бұл жағдайлардың бәрі өте сирек кездеседі. Бұл секілді секілді некелер бұзылмай, берік шығады да.

АҚЫМАҚТЫҚПЕН ТҰРМЫС ҚҰРУ

Мұндай некеге көбінесе, "ғашық болып қалдық" деп ойлаған жастар отырады. Махаббат пен ғашықтық - әртүрлі ұғымдар. Алғашында оларды бір-бірінен ажырату қиынға соғады, мүмкін де емес шығар. Бірақ, ғашықтық тез кетеді, бір кезде жас жұбайлар, әйтпесе, олардың біреуі қасындағы адамның мүлде бөтен кісі екені көзге ұрады. Бірге өмір сүруге ешқандай себептердің табылмауы, отбасын сақтауға ешқандай қызығушылықтың жоқтығы байқалады. Бірақ кейде ғашықтықтың әсері жойылғанда, отбасында екеуіне ортақ бала өсіп келе жатады. Баланың кінәсі жоқ қой, оған әке де, шеше де керек қой деп, жұбайлар бүкіл күш-жігерін, ең болмағанда отбасылық өмірдің көрінісін жасауға жұмсайды. Сөйтіп, олар ұзақ жыл өмір сүріп, уақыт өте келе бір-бірін жек көріп, өздерінің құрыған өмірлеріне кінәліні іздей бастайды. Әке-шешесі үнемі өзара ұрысатын бала да бақытты болып өспейді. Нәтижесінде шаңырақ құлап, ортаға түсіп, жұбайлар бір-біріне өмір бойы жауығып өтеді. Өкінішке орай мұндай некелер де аз емес.

МАХАББАТПЕН ТҰРМЫС ҚҰРУ

Махаббатпен құрылған некелер ерлі-зайыптылардың мінездері сәйкес болмаса да, өте тұрақты болып келеді. Өйкені олардың негізінде ғашықтыққа ұқсас, бірақ ондай менменшіл емес, терең сезім жатады. Бірақ кейде ерлі-зайыптылардың бірі осы жолда өзінің "менін" саналы түрде құрбандыққа шалуы мүмкін. Бірақ бұл, әрине, жақсылыққа әкелмейді. Берерінен гөрі алары көп, ерлі-зайыптылардың бірі уақыт өте келе мұндай "құрбандықты" місе тұтпай, осылай болуға тиіс деп есептеп, қалт еткенді байқайтын, аяулы қамқор жардан үй ішінен шыққан нағыз "әзірейлінің" өзі болып шығуы да мүмкін жай. Кейде жұбайлардың енді істейтін ештеңе жоқ, тек жасалған шаруалардың жемісін жинайтын кез келді деп ойлай бастайды. Мұндай көзқарас, рухани бойкүйездікке әкеледі. Отбасылық өмір суы ақпай, тұрып қалған сасық тоғанға айналады. Оны қозғалысқа келтіріп, жан бітіру үшін, кейде оған үй-ішіндегі дауылдың қажет болатыны да бар. Бірақ сол дауылдан сап-сау, ештеңе жоғалтпай шығу оңайға соқпайды. Сондықтан, отбасылық өмірді сасық тоғанның сипатына жеткізбей, желдетіп отыру дұрысырақ болатыны сөзсіз. Ал ол үшін ер мен әйелдің екеуінің де, бірдей бір мақсатпен күш салулары керек.

Категория: Мои статьи | Добавил: Sakura (08.05.2014)
Просмотров: 1451 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі