Пятница
26.04.2024
05:27
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Каталог статей »
Меню сайта

Категории раздела
Мои статьи [12]

Главная » Статьи » Мои статьи

«Етігімен су кешкен ерлер қайда?»

«Етігімен су кешкен ерлер қайда?»

          Бәріміз білетін бір арна кейбірінің екі-үштен баласы, отағасы бар «жезөкшелерді» қойдай тізіп, көрсетіп жатыр. Жұмысы жоқ, бірақ, отбасы үшін «отқа түскен» аналар, әдемі киініп, оқу оқығысы, білім алғысы келген әсем бойжеткендер, түн жамылып, жұрттан қалмас күндізгі тірлігі үшін осылай «етегімен» нан таппаққа бел буған. Іштеріндегі тым батылдаулары шолақ шалбардан әдемі көрініп, ерекше көзге түсетін тоқ бөкселерін әрлі-берлі бұлтылдатып, жанарды суырып бағуда. Үйде жан бағып, ері әкелген несібенің күйін күйттеген ақжаулықтыларға қарағанда, бұл жүргендер өздерінің бәсі басымдығын, мұндағайлап жатыр. Енді қайтпек? Бүгінгі тұрмысқа қаржы көп керек қой. Жеңсіктік тоят аңсаған қалталы ерлерді өздеріне тарту мақсатында бір басына қаншама күтім жасап, қаншама қаражат жұмсайды десеңізші бұлар? Өте көп. Ендеше, өз тірлігіне де, өзге тірлікке де осылайша ақша таппақ керек. Бұлар бәлкім ауылдағы әлдебір ата-ананың үлкен қалаға білім алуға жіберген жалғызы болар, әлде ана бір әйелімен қосылып ән шырқайтын әнші жігіт айтқандай, «мәдениетті» жезөкшелердің бірі шығар, кім біліпті? Бірақ, кей нәзік жандардың тірлігінің осындай екеніне анық көз жеткізесіз. Мұндайда не демек керек? «Бұлай жасамаңдар, ұят болады» дей тұрып, қалтадан суырып беретін ештеңе болмаған соң, тек қынжыласыз, Құдай басқа бермесін, үрім-бұтақ, зәу-затым осындай пәледен аулақ болғай деп тілек тілейсіз, тап бізде басқа не амал қалды? Сосын, баяғы етігімен су кешкен, ел шетіне жау тисе, еңку-еңку жер шалған аталарымыздай ерлер қайда, әйелдер неге мұндай тірлікке барып жүр?- деп еріксіз өткенге елеңдейсіз. Бізге (көрерменге) паш етілген келіншектерді отағасысы «тәніңді сатып, ақша тауып кел!» деп, Сейфуллин даңғылына өздері жұмсап отыр ма? деген ой жетегіне енесіз амалсыз. Бұл арада не істеп тұрсыз?- деген сауалға әп-әдемі бойжеткен, еш қысылып- қымтырылмастан: «секспен» айналысып тұрмын» десе, «о, заман» демей, не дерсіз! Осындайда өмірге бірлі- жарым ұрпақтың келуіне ортақтасып, оларды асырап-бағуды міндеті санамай, әйелі мен баласын тастап кететін ерлердің көбейіп бара жатқаны ма?- деген сауал еріксіз ойға оралады. Өйткені, қай әйелді көрсеңіз де, отбасымды қайтіп асыраймын, балаларымның үстін қайтсем бүтіндеймін?- деп зар қағып (бірнеше жерде жұмыс істеп), ақша табу қамымен жан ұшырып жүргендері. Мұндайлар біреу емес, бірнешеу. Сонда бұл әйелдердің күйеулері, отағасылары қайда? Әйелінің тәнін сатып па, әлде жанын сатып па әкелетін ақшасын күтіп үйде отыра ма олар? Қазір ат ауыздықпен су ішкен заман емес, Құдайға шүкір, ел аман, жұрт тыныш, яғни, ер-азаматтар да елде. Мына біз көрген әйелдердің жүрісі қай жүріс, анасы тән саудасында жүрген баланың күйі қандай? Қазір отбасын ұстай алмаған ерлердің көбісі- ананы мынаны сылтау етіп әйелін, баласын тастай қашатыны жасырын емес. Бұл енді мүлде мұсылмандыққа жат қылық. Баласына алимент төлеуден қашып, әйелінен ажырасқан бойда, жазықсыз балаларынан да бас тарта қоятын әкелер бар. Бұларға не заң, не олар жұмыс істейтін еңбек ұжымдары «бұларың не, ұяттарың қайда?» деп айтпайды. Ерлер түк болмағандай, екінші, үшінші әйелді алып жатады. Ал, баласының келешек өмірін тәлкекке салудан қаймығатын аналардың екінші рет тұрмыс құруға батылдары бара бермейді. Бәлкім, теледидар көрсетіп, «сүйіншілеген» аналар, күйеулері «серілікпен» жан бағып жүрген нағыз «жезөкше еркектердің» жарлары шығар... Қалай десек те, бұл еріккеннен орын алған жай емес. Иә, баяғыдай етігімен су кешкен ерлер қайда? Әйелдер, қыздар неге тәндерін сатып жүр? Олар сатқан тәнді сатып алатын кімдер? Бұдан әрі «саудагермен» қоса, «тұтынушыны» да әшкерелей отырсақ болмас па? Тән саудалайтын жандардың ішкі дүниесіне үңіліп, бұларды осындай жағдайға душар еткен жағдайлардың беті ашылса, құба- құп... 

 

Сүмбіл АРЫН

Категория: Мои статьи | Добавил: Sakura (10.07.2014) | Автор: Сүмбіл Арын
Просмотров: 1051 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі