Вторник
14.05.2024
21:06
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Каталог статей »
Меню сайта

Категории раздела
Мои статьи [12]

Главная » Статьи » Мои статьи

ӘЙЕЛ ҰРАТЫНДАР ӘЛI ДЕ БАР

Қосағын ұрып-соғу барып тұрған хаюандық. Қазiргi жастар баяғы ата-баба салтына бағып, елiктеп-солықтап әйелiн ұруға бейiм. Бiрақ ата-баба әйелi мен бiздiң ХХI ғасыр әйелiнiң парқы бiр деп кiм айтыпты оларға. Бүгiнгi әйелдер өздерiн-өздерi асырай алатын, оқыған-тоқығаны мол бiлiмдi, сұлу, ақылды әйелдер емес пе? Өз мiнездерi, ˜өзiндiк ойламдары бар әйелдер. Олар ˜өздерiн еркегiне қалай ұрғызып қоюға тиiс екен. Сол себептi күйеудiң қол қатуы көшедегi әлде кiмнiң зәбiр көрсетуiмен бiрдей қабылдануы тиiс қазiр. Менiңше солай. Ондайлар жазалануы тиiс. Бiрақ қалай?! Осы күнгi гендерлiк саясат дегендi ерлер ˜өздерiнiң әйелдерiн билеудегi билiк­терiне қол сұғу деп бiле­тiн сыңайлы. Бiреу әйелiн әз-әзiлдiк жасап, алып кетiп, саясаттың әйтпесе билiкке таластың соңына салып қоятындай көредi. Өткен ғасырдың соңына қарай әйел мен ерлер тең праволы деп ұғынып, ұғындырып келдiк. Бiрақ мүлде олай болған жоқ. Әйел-аналар, жоғары бiлiмi бар, дипломды бола тұрып, өзде­рiндей еркек кiн­дiктi­лерден әлде қайда төмен қызметтердi атқарып, жалақыны да ˜төмен деңгейде алып келдi. Немесе жұмыстың ең ауырын атқара жүрiп те ең аз жалақыны мiсе тұтуға мәжбүр болды. Сондағы әйелдердiң кiнәсi дүниеге жаңа ұрпақ әкелiп, соларды жеткiзуге уақыт жiбере­тiндiгi. Бұл кезде ерлердiң ойында ештеѓе жоқ, еңбектен де қол үзбейдi, айлық әкелiп те жарытпайды. Кәсiби жетiле түсетiн болар, бәлкiм. Ерлер әйелдерiн әркез де жеке қызметшiлерiндей көруден жаңылған емес. Тегiн аспаз, тегiн кiр жуушы, тегiн бала тәрбиешiсi дегендей, мiндеттер осы әйелдер мойнына жүктелiп келдi. Кеңседе қызмет атқарған әйелдер де осы маңдайына жазылған басты мiндет­терiн атқарудан еш жаңылған емес. Ерлер бұл айтылғандардың бәрiнен тыс тұратын, соған қарамай аттары үлкен әрiппен жазылатын – ОТАҒАСЫ. Қысқасы, гендерлiк саясат, сен қандайсың!? Әйелдердiң, оның iшiнде қазақ әйелде­рiнiң бағысың ба, әлде құр көңілiн елеңдетiп, үй­ренiскен соқпағынан жәй адастырып қана кететiн со­ры­сың ба?

БӘТИРА ҚАРАҒҰЛОВА, журналист

Категория: Мои статьи | Добавил: Sakura (08.05.2014)
Просмотров: 531 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі