Среда
15.05.2024
02:26
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Каталог статей »
Меню сайта

Категории раздела
Мои статьи [12]

Главная » Статьи » Мои статьи

Түрме демалыс орнына айнала ма?

«Тірілер - өлілерді күндейтін заман туады» - деуші еді, әжем жарықтық. Неге?- деген сауалға бүгінде сол ардақты әжем тірі болса: неге дерің бар ма, балам. Өлі жанға қазіргідей күнде қымбаттап жатқан отын- судың, электр жарығының, тұрғын үйдің, айлығы - шайлығына жетпейтін жұмыстың қажеті жоқ, екі аршын жері бұйырса, жетіп жатыр, мәңгілікке тыншиды,- дер еді. Солай деуін десе де, «мың күнгі жұмақтан, бір күнгі тірлік артық»- деп тағы да сабасына түсері сөзсіз-тін. Біздіңше де, дұрысы осы соңғысы екені рас. Бүгінде ақылға қонымсыз, естіген адамның есін тандыратын талай - талай әңгімелер айтылып, алқалы жиындарда талқыға ұсынылып жатады. Мәселен, сотталғандарға жағдай жасау мақсатындағы ұсыныстар, шын мәнінде, қызықтау болып шықты емес пе? Сотталғандарға сырттан келетін сәлем- сауқатты тыйып, оның орнына, мәселен, күн сайын сол олқылықтың орнын жас етпен, көкөніспен, өзге де жеңсік аспен толтыруды тілге тиек ету туралы әңгімені біздің шенділерден өзге кімнің айта алуы мүмкін? Бостандықта жүріп, бала - шағаларын асырауға шамалары жетпей, сорлары сопақ астаудай болып жүрген ер - азаматтардың не ойлағаны бар? Күні ертең түрмедегі жағдай күрт өзгеріп, ондағы тұрмыс жақсарып, абақты аста - төк тамағы бар, салулы төсек - салқын үйге айналып шыға келсе, ерлеріміздің бірі болмаса- бірі, сол «бақытты» өмірге еріксіз ынтығып жүрмей ме? Олай болса, оны түрме деп атау қалай болады? Дұрысы, мұны адам өлтіргендердің, ұрлық жасағандардың, зорлық пен зомбылық иелерінің, парақорлардың, халық үстінен күн көрген жемқорлардың, террористер мен жанкештілердің «демалыс аймағы» деп атаса болмас па еді? Рас, түрмелердің жағдайы гүлденіп, қалайда жайнайды деп әлдекімдер даурыққанмен, жұмысты да жұмыссыз да азаматтарымыз ондағы аста төк болғалы тұрған дәмді ас -су үшін, қылмыс жасап, арзан жұмыс күшіне айналып, қапасқа қамалып, құлқынды тойдыруды мақсат ете қоймас!- деп ойлаймын. Лайым, солай болғай. Аяулы жар, асыл аналардың қосақтарын мұндай қапасқа түсуден Алла Тағала әркез сақтасын! Келешегі кемел еліміздің ұл - қыздарының әкелері ешқашан отбастарынан ажырамасын! Бәле - жаладан аман болайық, ағайын. Әз - Наурыз, сіздердің ошақтарыңызды жағымды жаңалықтарымен қуантсын!                              

Бәтира ҚАРАҒҰЛОВА

Категория: Мои статьи | Добавил: Sakura (08.05.2014)
Просмотров: 579 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі