Вторник
14.05.2024
03:29
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Каталог статей »
Меню сайта

Категории раздела
Мои статьи [12]

Главная » Статьи » Мои статьи

ЖЕҢСІКТІК СӘЙКЕСТІК

Кейде әдемі әйелдің қасында ұсқынсыз еркекті көрген кезде біз бірден бұл некені есеппен жасалған неке деп ойлаймыз. Ал егер ерлі-зайыптылардың ерінің ешқандай байлығы жоқ екенін білгенде бұл әйел бұған не үшін шықты екен деп таң қаламыз. Маңайындағы жігіт біткеннің бәрі қызығатын сұлу бикештің таңдау мүмкіндігі мол бола тұрып, психологиялық-сексуальдық , қаражаттық мұқтаждығы жоқ бола тұрып, осындай сырт көзге тым қораш көрінетін осындай азаматтарды неге таңдайды екен? Өйткені, табиғат ол әйелдерге сұлулықтан басқа, ақыл мен жақсы сезімталдықты да (интуиция) сыйлаған. Ер адаммен ұзақ және бақытты, сексуальдық өмір сүргіңіз келсе, өзіңе тең еркекті таңдай білу керектігінің маңызы зор. Өзіңіздің болашақ жарыңызға мұқият қарап, мынандай жағдайларды ескеріңіз:

Бойы 

Сексуальді еркектер – көбінесе қысқа бойлы болады. Аяқ-қолдары ұзын ер адамдардың көбіне аса сексуальдығы байқалмайды. Бірақ алақандары мен табандары неғұрлым үлкен болса жақсы. 

Мұрын пішіні

Мұрынға қарап та ер адамның сексуальдық қуатын байқауға болады. Танауы кең, етегі желпілдеп тұратын мұрын оның иесінің сезімге бай екендігін байқатады. Мұрынның үсті томпайып (горбинак) тұрса, ол да потенцияның жоғары екендігінің көрсеткіші. Бірақ ол төбелестің нәтижесінде пайда болған томпаю болмауы керек.

Шаштары

Бастағы шаш неғұрлым сирек болса және беті мен денесінде түктері қалың болса, сіздің таңдаған адамыңыздың сексуальді тәбеті соғұрлым жоғары болғаны.

Сұлулық

Әйелдердің көбісі ерлерді сұлу болуы керек деп ойламайды. Әрине, кейде әйелдердің әдемі еркекпен бірге қол ұстасып, жүргісі де келеді. Ондайдың қасында жүргіңіз келсе жүре беріңіз, бірақ ол содан әріге бармаса, ренжімеңіз. Ондай адам өзін ғана жақсы көрсе, сіз оған төзе аласыз ба? Сол жағына көңіл қойыңыз... Ал осы саланы зерттеушілер сұлу еркектің төсекте де ең алдымен өз жағдайын ойлайтынын ескертіпті.

Киімі

Ер адамның киімі ыңғайлы, әрі қымбат болса, оның өзіне-өзінің сенімді екендігінің көрінісі. Жайлы тұрмыс пен дене ләззатын жақсы көретіндігін байқатады.

Иіс

Иістің ер мен әйел байланысында маңызы өте зор. Сіздің серігіңіз сізбен кездесу үшін дезодорант немесе одеколон пайдаланбаса, оның жағынан ерекше көңіл бөлушілікті күтпей-ақ қойыңыз. Бірақ, сіздің серігіңіз керісінше, жуынып, хош иіс сеуіп, сақал-мұртын қырынып дұрысталып келсе, оны қандай да бір тапсырма беріп, терлетуге тырысыңыз. Мысалы, ауыр шкафты орнынан қозғауға көмектесуін сұраныңыз. Оның денесінен шыққан иіс сізге жиіркенішті сезілсе, ол қандай керемет адам болса да, онымен бірге төсекте ләззатқа бөленуіңіз екі ұдай. Серігіңіздің терісінің исі сіздің басыңызды айналдырып, оны қайта-қайта иіскегіңіз келсе, онда ол сіздің адамыңызболғаны. Және онымен жақындасу сөз жоқ, сізді бақытқа бөлейді.

Тамақ ішу мәдениеті

Міндетті түрде болашақ жарыңыздың тамақты қалай ішетініне назар аударыңыз. Асты дұрыс шайнамай, оны тез жұтуға тырысатын немесе жиіркеніп, тарелканы шұқып, жеп отырғандай ниет білдірген ғана адам төсекте де өзін осылай немқұрайлы ұстайды. Кафеде немесе мейрамханада сіздің қалауыңызды сұрамай өзі таңдап алса, төсекте де сіз оның ыңғайына жығыласыз.

Психо-сексуальді сәйкестік

Адамдарда абсолютті жағымды немесе абсолютті жағымсыз қасиеттер болмайды. Кез-келген қасиеттің керісінше, екінші жағы да болады. Көбінесе, барлық жағдайда екі бірдей керемет, Құдай барлық жақсы қасиеттерді үйіп-төккен адамдардың некесі құлдыраумен, стресс-күйзелістермен аяқталады. Бір кемедегі екі капитан кемені тыныш жағаға дейін сәтті жеткізуі екіталай жағдай. Отбасындағы екі бірдей белсенді адам біріншілікке таласа жылдарын өткізіп, ең соңында бір-біріне жау болып ажырасуы мүмкін жағдай. Бірақ екі бұйығы адамдардың одағы да, бұдан жақсы болып шықпайды. Олардың әрқайсысы лидерліктің ауырлығын өзінің серігіне лақтырғысы келіп, отбасының бақытты өмірі үшін жауапкершілікті өз басы ғана арқалағысы келмейді. Сондықтан да, жақсы мен жаман (плюс және минус) принципі бойынша қосылған жұптардың некесі оларға қарағанда баянды болмақ. Бірақ, әр мәселе бойынша, сіздердің көзқарастарыңыз әр түрлі болса, егер сіз бір ортада көңілденіп, өзіңізді жақсы сезініп жүретін жерде-сіздің жұбайыңызға көңілсіз, қызық емес болса, екеуара ешқандай ортақ (төсектен басқа) мақсат, қығушылықтарыңыз болмаса, ондай байланыс та ұзаққа бармақ емес. 

Негізінен, ер мен әйелдің бір-біріне сексуальді қызығушылығынан басқа, екеуіне де бірдей ортақ өмірлік қызғушылықтары бар, негізгі мәселелер бойынша пікірлерінің бір жерден шығатын, бірақ, сонымен қатар, олардың дамуына көмектесетін пікір алуандығы да бар некені бақытты деп есептеуге болады.

Категория: Мои статьи | Добавил: Sakura (08.05.2014)
Просмотров: 510 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі