Среда
19.06.2019
20:32
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Меню сайта

Главная » 2014 » Октябрь » 23 » СОЗЫЛМАЛЫ БРОНХИТ
14:24
СОЗЫЛМАЛЫ БРОНХИТ

СОЗЫЛМАЛЫ БРОНХИТ

     Бұл бронхиттің кілегей қабығының созылмалы түрде қабынып, гипертрофиялық содан кейін атрофиялық процестердің дамуы. Процесс бронхтың терең қабаттарына және өкпе тканіне тарайды.

      Дуниежузілік Денсаулық Сақтау Ұйымының ұсынысы бойынша созылмалы бронхит деп екі жыл қатар және әр үш жылда, кем дегенде, үш ай бойы қақырық тастауды айтады. Негізгі ce6eптерi микробтар - пневмококтар, стептококтар, вирустар т.б. Бронхитке мұрын-көмекей инфекциясымен (гайморит, ринит, тонзиллит) ауыратын адамдар бейім болады. Механикалық және химиялық, тітіргендіргіштердің (көмір, цемент, әктің шаңы, булар және дәрілер) әсерінен де болады. Бронхиттің дамуына организмнің бейімділігін тудыратын факторлардың (салқын тию, шаршау, темекі және ішімдік) да маңызы зор. Көрсетілген себептер бронхтың кілегей қабығына әсер етіп, оның кілегей жасау және сыртқа шығару (дренаж) функциясын бұзады. Осыған аллергиялық механизм қосылып, бронхтың туйілуін тудырады. Бұл бронхтың сыртқа шығару функциясының нашарлайтынына соқтырады. Бронх өзегінің өткізгіштік функциясы бұзылады. Бронхтың кілегей қабығы қызарып, гипертрофиялық процесс дамиды. Үдей келе ол атрофиялық процеске ауысады да бронх қабырғасында дәнекер ткані өсе бастайды. Бронх қабырғасының жұқарған жерлерінде бронх кеңіп, бронхоэктаздар пайда болады. Дәнекер тканінің өcyi, қабыну процесінің бронхтың сыртына және бронхтың айналасына ығысуы пневмосклероз дамуына жағдай туғызады. Бронх қабырғасында тыртықтар пайда болып, деформацияға ұшырайды. Бұл - өкпе эмфиземасын тудырады. Қабынудың өкпе тканіне тарауы созылмалы пневмонияның дамуына әкеледі. Созылмалы бронхиттің екі түрi болады: катаралды, қарапайым және ipiңді. Функциялық тұрғыдан олар обструктивті және обструктивсіз болады.

       Рентгенологиялық тексеруде деформацияланған өкпе суретінің фонын көреміз. Өкпе түбінен басталатын тартпа тәрізді көлеңке өкпенің шетіне қарай тарап, біртіндеп жойылып кетеді. Қабырға аралық кеңістіктер кеңейіп, диафрагма күмбезінің қозғалысы шектелген.

Х.Б. Умирбаева, жоғары санатты рентгенолог дәрігер,

жоғары санатты рентгенолог дәрігер, Ақтау қаласы, Маңғыстау обл.

Просмотров: 992 | Добавил: Sakura | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Октябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Архив записей