<
 
Суббота
20.04.2024
12:52
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды »
Меню сайта

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, қазақстандық медициналық ЖОО мен Шотландияның Данди университеті

арасында Ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министр С.З. Қайырбекова Шотландияның Данди университетінің басшылығымен кездесті. Кездесуге Қазақстанның барлық медициналық жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Олар – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Астана медицина университеті, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы және Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті.

    

   Кездесу шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, қазақстандық медициналық ЖОО мен Шотландияның Данди университеті арасында Ынтымақтастық туралы 3 жақты меморандумға қол қойылды. Аталмыш Меморандумға қол қою медициналық білім беру саласындағы оқыту және ғылыми зерттеулер саласында халықаралық озық тәжірибені ілгерілетуге ықпал ететін болады. Ынтымақтастық медициналық білім беру сапасының жоғары стандарттарына қолжеткізу мақсатында академиялық ұтқырлықты дамытуды, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды әзірлеу және іске асыруды көздейді. 

   Меморандум шеңберінде барлық деңгейдегі білім беру бағдарламаларын жетілдірумен қоса, Ұлыбритания және Данди университеті тәжірибесінің негізінде қазақстандық жалпы тәжірибе дәрігерлерін дайындау жүйесін дамытуда консультативтік-әдістемелік көмек көрсетілетін болады. Бұл Меморандум денсаулық сақтау саласындағы білім беру жүйесін жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді және оның еуропалық білім кеңістігімен интеграциясын қамтамасыз етеді.

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Архив записей