<
 
Пятница
26.04.2024
10:06
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Электрондық денсаулық сақтаудың базалық стандарттары »
Меню сайта

Денсаулық сақтау министрлігі электрондық денсаулық сақтаудың базалық стандарттарын әзірледі

       Елбасының «Қазақстан 2050 Стратегиясы»- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында басты басымдылықтың бірі - электрондық медицина қызметін енгізу болып белгіленген. Осыған байланысты, 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтауды дамыту Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Министрлік Жол картасын әзірледі. Жол картасына сәйкес, ағымдағы жылы алғашқы басты стандарттар әзірленіп, бекітілді. Базалық стандарттарды дайындау барысында халықаралық консультанттардың ұсыныстары ескерілді.

   Стандарт жобалары жұртшылықпен алдын ала Министрліктің форумы мен ресми сайтында талқыланды. Тұжырымдамада бүгінгі таңда электрондық денсаулық сақтауды стандарттаудағы 4 негізгі бағыты анықталды. Олар - медициналық жазба мен электрондық денсаулық сақтау паспортына, қазіргі денсаулық сақтау тараптарының сәйкестендірілуіне; электрондық бағыттарды жүзеге асыру мен реттеуге және дәрілік заттардың бірыңғай жіктеушілеріне, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға стандартты талаптар; е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелермен қарым-қатынасына техникалық талаптар; ақпараттық қауіпсіздік пен қызығушылығы бар жақтардың қарым-қатынасын қамтамасыз етудегі регламенттер, сондай-ақ зертханалық зерттеулерді жеткізуші.

       Денсаулық сақтаудың электрондық төлқұжатына стандартты талаптар – электрондық денсаулық сақтау саласындағы өзара байланысты одан әрі жалғастыруда негізге алынатын басты құжат болып табылады. Электрондық медициналық жазбаға стандартты талаптар стационарлар бөлімдері, емханалардың консультативті-диагностикалық бөлімдері, жедел жәрдем қызметі мен бөлімдері, қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарының деңгейлерінде қалыптасатын электрондық денсаулық сақтау паспортының ажыратылмайтын бөлігіне деген талаптарды реттейді. Денсаулық сақтау саласының қолданыстағы жақтарын сәйкестендіруге қойылатын стандартты талаптар пациент, медициналық ұйым қызметкерлерінің және денсаулық сақтау ұйымдарының қарым-қатынасы үстінде медициналық көмек көрсету барысында электрондық денсаулық сақтау кеңістігіндегі мағлұмат пен ақпараттардың тұтастығын қамтамасыз етеді.

     Электрондық денсаулық сақтауды стандарттаудың қалыптасуындағы алғашқы қадам жасалды. Техникалық комитет жұмысы алдағы уақытта денсаулық сақтаудың электрондық паспорты мен электрондық медициналық жазбаға деген стандартты талаптарын Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттарының деңгейіне жеткізуі тиіс.

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Архив записей