<
 
Вторник
16.04.2024
23:00
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
22.10.2014 »
Меню сайта

      Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенде халықаралық үздік тәжірибелер есепке алынып, әлеуметтік әділеттілік қағидасы сақталады ҚР Президентінің «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысында жүрген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбекова бүгін Өскеменде №1 қалалық ауруханада, туберкулезге қарсы диспансерде, инсульттік орталықта, №1 емханада, дәріханада және диагностикалық орталықта болды. Облыстың Глубоковский ауданының Ушаново кентінде дәрігерлік амбулаторияның ашылуына қатысып, өңірдің медициналық қауымдастығымен кездесу өткізді. Кездесуде Салидат Қайырбекова еліміздің денсаулық сақтау жүйесі алдында тұрған мақсат-міндеттерге тоқталып, облыстық медициналық қауымдастығын толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді. Әңгіме барысында Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жайына ерекше көңіл бөлінді. Сақтандыру жүйесін енгізудегі негізгі мақсаттың бірі – азаматтар мен жұмыс берушілердің денсаулыққа деген ортақ жауапкершілігін арттыру болып табылады. Қазіргі уақытта бұл жауапкершілік тек мемлекетке жүктелген. Әрбір адам өз денсаулығын күтіп, салауатты өмір салтын ұстануы, ал жұмыс беруші әрбір жетекші өз қызметкерлерінің денсаулығын сақтауға мүдделі болуы керек. Өйткені, қызметкерлер - кез-келген кәсіпорын үшін табыс көзі екені белгілі. Осындай ортақ жауапкершілік тетіктері сақтандыру медицинасы кезінде барынша нақты жұмыс істейтін болады. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу көрсетілетін медициналдық қызметтер сапасын халықаралық тәжірибеге сай арттыруға мүмкіндік береді. «Қазіргі жұмыс істеп тұрған Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аталған қор үшін база болады» деген Елбасы сөзін еске салған Бірінші вице-министр 2010 жылдан бастап енгізіле бастаған Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің (БҰДСЖ) нәтижелеріне тоқталды. Қазіргі таңда стационарлық көмектің қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

            

      Азаматтардың ауруханаларды еркін таңдау құқығын іске асыратын «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы енгізілді. Биыл жоспарлы негізде ауруханаларға жатқызылған науқастар саны 2010 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артты. БҰДСЖ енгізу нәтижесінде «ақша науқаспен бірге жүреді» қағидасы іске асырылды. Қазір әрбір диагноздың өз құны бар және ол еліміз бойынша барлық жерде бірдей. Ауруханалар тиісті деңгейде сапалы қызмет көрсеткен жағдайда әрбір науқас үшін ақша алады. Қолайлы қаржылық жағдайлар мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы үшін мол мүмкіндіктер жасап, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің дамуына ықпал етті. Бүгінгі таңда мемлекеттік емес қызмет көрсетушілер үлесі 24% жетті. Көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы соңғы нәтижесіне қарай іске асырылады. Яғни, ресурстарды тиімді пайдалануға, сараланған еңбекақы төлеуге ынталандырады. Егер осыдан 5 жыл бұрын ағза органдарын транплантациялаудың санаулы операциялары жасалып, көпшілігі емдеуге шетелдерге жіберіліп келсе, қазір отандық дәрігерлер жылына 300-ден астам транплантациялау оталарын атқарады. Өз мамандарымыз жүрек, бауыр, бүйрек транплантациясы технологияларын табысты меңгергерген соң ол аурулар шетелдерде емделетін сырқаттар тізімінен алынып тасталды. Шетелдерде бауыр транплантациясының құны орташа алғанда 125 мың долларды құраса, Қазақстанда 3,7 млн. теңге шамасында. Ең бастысы, елімізде мұндай жоғары мамандандырылған медициналдық көмек азаматтарға мемлекет кепілдік берген көлем аясында тегін көрсетіледі. Менеджмент жүйесі енгізілуде. Денсаулық сақтау саласында басқарудың өзекті мәселелері бойынша соңғы 3 жылда 7 мыңдай менеджер оқытылды. 2014 жылдан бастап «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес БҰДСЖ амбулаториялық деңгейде енгізудің екінші кезеңі басталды. Бұл емханаларды қаржыландыру қағидалары түбегейлі өзгереді деген сөз. Егер емханалар бұрындары шығын сметасына қарай жүргізілсе, қазір қаражат емханаға бекітілген әрбір науқасқа бөлінеді. Тіркелген тұрғындардың ақпараттық базасы құрылды. Алғаш рет 17 миллион қазақстандық әрқайсысы ақпараттық жүйе арқылы телімдік дәрігерлерге бекітілді. Жалпы алғанда, денсаулық сақтау саласы міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайын. 

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Архив записей