<
 
Среда
19.06.2019
19:41
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Баланы ана сүтімен тамақтандыру ұлттық апталығы »
Меню сайта

2014 жылғы 1-7 тамыз аралығында Қазақстанның барлық өңірінде баланы ана сүтімен тамақтандыру ұлттық апталығы өткізіледі

    Дүниежүзілік баланы ана сүтімен тамақтандыру апталығы шеңберінде еліміздің барлық өңірінде 2014 жылдың 1-7 тамызы аралығында «Ана сүтімен тамақтандыру: 10 қадам. Балаға тілектестік!» тақырыбында баланы ана сүтімен тамақтандыру ұлттық апталығы өтеді.

    «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың репродуктивтік денсаулығын нығайту, ана мен бала денсаулығын сақтау болып табылады. Осы бағытта ерте жастағы балалардың дұрыс дамуы үшін тиісті күтімді қамтамасыз ету бойынша тұрғындардың сауаттылығын арттыру қарастырылған. Шараны өткізудегі мақсат – алты айға дейін баланы тек ана сүтімен тамақтандыру үшін «Ана сүтімен тамақтандырудың 10 қадамы» қағидасын іске асыру; ана сүтімен қоректендіруге үйрету бағдарламаларын насихаттауда қоғамның күшін біріктіру болып табылады.

   Апталық шеңберінде болашақ аналарға және бала емізетін әйелдерге семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары, дәрістер және консультациялық кеңестер ұйымдастырылады және өткізіледі, босануға дайындық, отбасын жоспарлау, жас ана мектептерінде, дені сау бала кабинеттерінде болашақ ұрпақ үшін ана сүтімен тамақтандырудың маңыздылығы түсіндіріледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша баланы ана сүтімен тамақтандыру апталығы әлемнің 170 елде өткізіледі. ДДҰ баланы алты айына дейін тек ана сүтін емізуді ұсынады. Адамзат пайда болған кезден жаңа туылған балаларға ана сүтін емізу оның өмір сүруі мен физикалық және психологиялық дұрыс дамуын қамтамасыз ететіндіктен барлық халыққа ортақ болып табылады. ДДҰ ұсыныстары бойынша, бала денсаулығы ең алдымен дүниеге келгеннен кейін бірінші сағат ішінде ана сүтімен қоректендіре бастаудан, өмірінің алғашқы алты айында тек ана сүтімен тамақтандырудан және жұғымды азыққа бай қосымша тамақтарды бере отырып, екі жасқа дейін емізуге байланысты. Баланы ана сүтімен тамақтандыруды насихаттауға және қолдауға бағытталған іс-шара еліміздің кішкентай азаматтарының денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталады.

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июнь 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Архив записей