2014 жылдың қыркүйек айында еліміздің 6 өңірінде қант диабетін ерте анықтау мәселелері бойынша 14,5 мың адамды қамтитын «Номад» әлеуметтік сауалнамасы жүргізіледі
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Вице-министр С.Р.Мусинов «Санофи» компаниясы өкілдерімен кездесіп, 2012 жылғы 24 мамырда қол қойылған Министрлік пен «Санофи» компаниясы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды орындау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар және болашақтағы жоспарлар туралы талқылады.
Меморандумға сәйкес «Санофи» компаниясы қант диабеті, қатерлі ісік сияқты әлеуметтік маңызды ауруларды басқаруда диагностикалау, емдеу және оңалту әдістерін жетілдіруге ықпал ете отырып, денсаулық сақтау жүйесіне қолдау көрсетеді. Кездесу барысында компания өкілдері «Қант диабеті» және «Сүт безі обыры» жобалары бойынша жоспарлардың орындалу жайын баяндады. Міндеттемелерге сай атқарылған іс-шаралар туралы есеп ұсынылды.
Тұрғындардың қант диабеті туралы ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында Министрлікпен бірлесе отырып, бірқатар әлеуметтік шаралар өткізілді. 2013 жылы халықаралық қант диабеті күніне қатысты. ҚР Диабет қауымдастығымен бірлесіп, «Диабетті асқындырмау үшін тексеруден өтіңіз» акциясына қолдау көрсетіліп, «Қант диабетіне тексеруден өтіңіз» атты әлеуметтік ролик әзірленді. Тұрғындар арасында ақпараттық шаралар және оқыту семинарлары өткізілуде. Компания 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздің 6 өңірінде қант диабетін ерте анықтау мәселелері бойынша 14,5 мың адам адамды қамтитын «Номад» атты әлеуметтік сауалнама жүргізеді.
Сүт безі обыры туралы ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында халық арасында шаралар ұйымдастырылуда. Министрліктің жұмыс тобымен бірлесе отырып, сүт безі обыры туралы әзірленген «Асыл Ана» жобасы бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда. Сүт безі обыры проблемалары бойынша арнайы веб-сайт іске қосылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс күшейтіліп, «Сүт безі обырын ерте диагностикалау» туралы тұрғындар арасында 30 мың брошюра таратылды. Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықты әрі қарай да арттыруға мүдделілік танытты. Республика азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған болашақтағы жоспарларды айқындады.