ҚР Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы шеңберінде онколог дәрігерлерлер жетекші шетелдік клиникадан тағылымдамадан өтті
Қазақстан Республикасында Онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – ұлттық және жетекші шетел клиникалары мен ғылыми орталықтарын, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қолдауымен де қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін көрсету дағдыларына ие болған онкологиялық қызмет мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып табылады.
Осыған байланысты, онкологиялық қызмет мамандары жетекші шетелдік клиникаларда тағылымдамадан өтеді. Халықаралық сарапшыларды тартумен мастер-кластар өткізіліп тұрады. Бұдан басқа, барлық өңірлерде дәрігерлер онкологиялық аурулардың профилактикасы және ерте диагностикалау мәселелері бойынша оқытылуда. Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы шеңберінде Қазақ онкология және радиология ҒЗИ дәрігерлері Париж қаласында Густав Русси атындағы обыр институты базасында оқытудан өтті. Аталған институт – Еуропадағы ең ірі ғылыми-зерттеу институттарының бірі. Жыл сайын обырдың 45 мың жағдайын емдейді және 200 мың жағдайға консультация өткізілді. Дәрігерлер жетекші еуропалық клиникада тағылымдама лекцияларға және комитет отырыстарына ғылыми-практикалық семинарларға қатысумен ғана шектелген жоқ. Олар француз әріптестерінің жұмысымен танысу, еуропалық мамандардың емдеу тәсілдерін біздің елімізде де қолдану мүмкіндіктеріне ие болды. Дәрігер онкологтар HIPEC (ішкі интра-операция гипертермиялық химиялық емдеу) инновациялық емдеу әдістерімен және т.б. танысты.