<
 
Пятница
19.04.2024
19:59
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы »
Меню сайта

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы

     Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халық денсаулығын нығайтуда жаңа жетістіктерге қол жеткізу мақсатында ағымдағы жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Мемлекет басшысының №851 Жарлығы шықты.

    Сонымен қатар, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тиімділігін арттыру және оңтайландыру, ұқсас бағыттарын біріктіру мақсатында 2012-2012 жылдарға арналған ҚР Онкологиялық көмекті дамыту салалық бағдарламасы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен ықпалдастырылды.

   Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – аурулардың алдын алу, тиімді халықаралық технологияларды пайдалана отырып, азаматтардың денсаулығын сақтау және нығайтуда сектораралық өзара іс-әрекеттестікті күшейту.

   Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде іске асырылатын іс-шаралар бір ғана мекеменің құзіретіне кірмейді. Бұл салада бірқатар министрліктердің мүдделері тоғысады, атап айтқанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (әлеуметтік қызметтер көрсету, еңбекпен қамту, еңбек қауіпсіздігі), Білім және ғылым (тәрбие және оқыту), Ішкі істер (жарақаттанушылықты азайту) және т.б. Оған қоса, мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторларына жету үшін ел азаматтарының және жергілікті атқарушы органдардың белсенді қатысуы керек.

   Жалпы, денсаулық сақтау саласында сектораралық өзара іс-әрекеттестікке, мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулық үшін ортақ жауапкершілігіне негізделген мемлекеттік бағдарламаның табысты іске асырылуы 2020 жылға қарай қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Архив записей