Четверг
02.05.2024
18:08
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Блог »
Меню сайта

Главная » 2014 » Июль » 7 » Маскүнемдіктің қоғамға және отбасына әсері
20:45
Маскүнемдіктің қоғамға және отбасына әсері

Маскүнемдіктің қоғамға және отбасына әсері

 

    Маскүнемдік жөніндегі тақырыптың өзектілігі еш уақытта жойылмайды. Аталмыш дерт кеңестік заманнан жұққан, «... үйрен де -жирен» демекші, арақ құмарлыққа үйренгенмен, әлі күнге дейін жирене қойған жоқпыз, сол себепті қоғамда осы бір індеттен құтылғанша бұл мәселе көкейкесті болып қала бермек.

      Арақтың кесірінен қоғамда суицид, адам өлтіру, зорлау, ұрлық, жолдағы көлік апаттары, сондай-ақ отбасындағы жанжалдар, соның салдарынан ажырасулар болуда. Бала тәрбиесіне нұқсан келеді, атап айтқанда балада өзін-өзі бағалау төмен, қарым-қатынас жасау қабілеті нашар, жеке өмірін құруы қиын болады. Балалық шақта депрессия, фобия, үрейдің болуы бала денсаулығына зиян, тіпті толыққанды тұлға болуында психологиялық кедергілер көп.

   Араққа деген құмарлық қалай, қашан пайда болады?

    Мысалы, колледж студенттеріне сараптама жүргізілген, сауалнамада олардың 40 пайызы ішімдік ішуді оқудағы проблемасымен байланыстырады, сондай-ақ мұғалімдермен қарым-қатынасы дұрыс жолға қойылмағандықтан, үйде бақылаудың болмауы, теріс ықпал ететін ортаға түсіп кету, соларға еліктеу және оқуда алған «екіліктерге» көңілі толмаудан да туындайды.

    Арақты ерте бастағандар, яғни 15 жастан бастағандар екі есе көп ішуге тәуелді, ал 21 жастан бастағандар ерік-жігерінің арқасында әзәзілмен күресе отырып, олардың төрт есеге жуығы бас тарта алатындығы айқындалған.

Қандай факторлар әсер етеді?

   Олар әлеуметтік, психодинамикалық, биологиялық көзқарастар. Әлеуметтік көзқарастарды айтар болсақ, стресс жағдайында және арақ ішу отбасында жиі көрініс тапса ғана болады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы қиындық, жұмыссыздық та көп себептердің бірі екендігі даусыз. Жеткіншек жастағы баланың әке-шешесі немесе құрбылары арақ ішетін болса, бала сөзсіз соларға еліктейді.

   Биогенетикалық көзқарастарда тұқым қуалайтындық айтылады. Бас мидағы қанағаттану орталығындағы нейротрансмиттер кілті болып дофамин саналады. Егер дофамин жандандырылса, онда адам қанағаттану күйінде болады. Бас мидағы қанағаттану орталығындағы дофаминнің жандандыруын арттыратындығы анықталған.

  Психодинамикалық көзқарастар - егер әке-шешесі кішкентай баласына қамқорлықпен көңіл бөлмесе, қажеттілігін қанағаттандырмаса, уәде беріп оны орындамаса, онда қамқорлықпен көңіл бөлуді басқа адамдардан алады, басқаларға тәуелді болып, олардан көмек пен жұбаныш іздейді, себебі балалық кезде осылар жетіспеген. Зерттей келе білгеніміз, олар тұйық немесе қызба, жаңа нәрсені көруге құштар, депрессияға бейім. Жасында қызуқандылар ересек болғанда да қызба, ішімдікке әуес келетіндігі байқалған.

   Алкоголь – этил спирті қосылған кез-келген сусын, сыра, шарап, күшті спирттік сусындар. Күнделікті тұрмыстағы мына жағдайлар ішімдікке алып келеді: көңілі қалу, отбасындағы зорлық-зомбылық. Әйеліне қол жұмсайтындар ішімдікке тәуелділер. Спирттік ішімдік ішіп алғандардың 60 пайызы өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет етеді екен.

  Жүйелі және мөлшерден тыс ішімдікті қолданатындардың мінез-құлқындағы өзгерістер, отбасына зиян келтіреді. Ішімдікке физикалық тәуелділік артып, толеранттық пайда болады, егер ішімдікті ішпесе немесе мөлшерін азайтқан жағдайда, аяқ-қол тартылуы, үрейлену, қатты терлеу, жүрек айнуы пайда болады. Орталық жүйке жүйесінің белсенділігіне қысым түседі.

  Этил спиртінің адам ағзасына тигізетін әсеріне келетін болсақ, этил спирті мидың өзін-өзі бақылау және жағдайды сыни бағалай алатын қабілет бөлімдерін әлсіретіп, сол кезде көп сөйлеп, ашылып, айналасындағылардың бәрін дос санап, талғампаздығы азаяды. Тіпті өздеріне сенімді, бақытты сияқты көрінеді. Көп мөлшерде ішкен адам ойлау қабілетінен айрылып, түсініксіз сөйлеп, есте сақтау қабілеті кеміп, көпшілігі өте эмоционалды, айғай-шу шығарып, агрессивті келеді.

  Келесі кезеңде қимыл-қозғалысы бұзылып, көзінің көргіштігі, құлағының естуі нашарлайды. Ішетіндерде көлік жүргізуде қиындықтар туындайды. Әйелдерде асқазан ферменттері аз болғандықтан, олардың ағзасы улануға тез ұшырайды. Этил спиртін 0,09 пайыз мөлшерінде пайдаланған адам уланып, ал 0,55 пайыз шамада өліп кетеді.

  Маскүнемдік елес, сандырақ, көзіне бірдеңенің елестеуі – ішімдікке тәуелділіктен қиналып жүргендердің соңғы реакциясы, сананың шатасуы, алжасуы және қорқынышты елестер, қағыс есту, мұрынның дәмдерді айыра алмауы, галлюцинациялар немесе көз алдына түрлі елестерді туғызатын ауру (белая горячка) пайда болады.

  Араққа тәуелді адамда 3 күннен соң, кішкентай қорқынышты құбыжық нәрселер асқан жылдамдықпен бүкіл денесінде жүгіріп, оны аңдығандай көрінеді. Есінен айрылып, тіпті мерт болуы мүмкін. Араққа тәуелділік тұлға белгілерімен байланысты келеді. Ағзада толеранттыққа бойұсыну болады. Үзбей ішкендіктен, араққа тойғанша көп мөлшерде ішуге психологиялық және физиологиялық қажеттілік туады.

  Қолдары, тілі, қабақтары бірнеше сағат дірілдейді, жүрегі айнып, өзін әлсіз сезінеді, тер басып, жүрек соғысы жиілеп, сондай-ақ артериалдық қан қысымы жоғарылайды. Тынышсыз, ашуланшақ және ұйықтай алмай қиналады.

   Арақтың әйел адамға зиянын айтар болсақ, жүктілік кезінде ішімдік ішкен ананың бөбегі аз салмақпен, басының формасы және ақыл-есі кем, жүрегі ақаулы, бойының өсуі баяулап, дүние есігін әлсіз күйде ашуға душар болады... Тағы бір айта кететін жағдай, Корсаков синдромы туралы: адам есте сақтау қабілетін жоғалтып, өткен оқиға мен жаңа ақпаратты есіне түсіре алмайды. Сондықтан естің орнын толтыру үшін, яғни не істеп, не қойғаны есінде жоқ болғандықтан, оның орнына ойдан шығарылған оқиғаларды айтабастайды. Иммундық жүйе әлсірейді. Ішімдік тойып тұрған сияқты сезіндіргенмен, тәбеті төмендеп, тамақтану құндылығы жоқ болады. В1 дәрумені мен минералдық жетіспеушілік те психикалық бұзылуға әкеледі.

  Осы ретте бұл дерттен қалай құтылуға болады, емдеу жолдары бар ма?- деген сұрақтың туындауы заңды. Ең алдымен, психодинамикалық ем ұсынылады. Мұнда ішкі қарама-қайшылықтың себептерін ашуға талпынылады, олардың өмірін өзгертуге көмектесуге тырысылады.

  Екінші кезекте мінез-құлықтық терапия қолданылады. Сценалар құру арқылы: стақан ішінде қалқып жүрген құрттарды көріп, пациент жүрегі айнып, аузына жаман иіс келіп тұрғанын сезінгендіктен, еш уақытта ішпеуге бағыт ұсталады. Үшінші, арнайы бағдарламалар құрылып, онда өзіне-өзі көмектесу және емдеу орталығына көріну ұсынылады.

  Маскүнемдер қанағаттану дефициті синдромына шалдыққандықтан ішеді. Тіршіліктегі әсем әуен, тамылжыған күй, музыка; қадірлейтін, қастерлейтін, жаныңа жақын аяулы адамдарыңды қатты құшақтау, «болар елдің баласы, бірін-бірі батырым» дейді демекші, мадақтау да қанағаттану күйін тудыратындығын естен шығармауымыз керек. Осыдан шығатын қорытынды, қоғамдағы сауда орындарында еркін сатылымдағы ішімдікті қатаң бақылауға алу қажет.

 

               Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық  университеттің

              Жалпы педагогика және психология кафедрасының доценті,

             психология  ғылымының кандидаты Уақпаева Үміт Айтқазықызы

Просмотров: 2757 | Добавил: Sakura | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июль 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Архив записей