Понедельник
29.04.2024
08:50
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Блог »
Меню сайта

Главная » 2014 » Май » 12 » Әжімдер не дейді?
09:15
Әжімдер не дейді?

Адамның бет-бейнесінен орын тепкен әр бір әжімнің де өз айтары бар екен. Біреудің жүзіндегі әжімге қарап, оның жалпы жағдайының қандай екенін ажырату қиынға түспейді,-дейді адам жанын зерттеуші мамандар.

Енді әжімдерді оқылық, олардың не айтқысы келгенін аңдайық.

Ерін ұшынан, көз маңайын орын тепкен әжімдер кісінің өмір қуанышына тоймай жүрген, бақытты жан екенін көрсетеді.

Ауыз маңайында пайда болған әжімдер, әжім иесінің көрінген нәрседен сезіктеніп, қорқатынын көрсетеді. Қоршаған ортадан қорғаныш іздейді.

Көздің маңайынан орын тепкен әжім, әжім иесінің қандай да бір ұсақ-түйектің өзіне мән беретін жан екенін көрсетеді.

Қабақтың ішкі жағынан орын тепкен кішкентай әжімдер, адамның берілгендік пен шыншылдығын айғақтайды.

Екі көздің ортасынан тереңдей орын алған әжімдерді нағыз ибалы да, интеллигент жандар иеленеді. Мұндай әжімдер, сондай-ақ, төменгі қабақпен астасып келсе, ұялшақ адамдар мен шешуі қиын тауқыметі бастан асатын жандарға да тән әжімдер.

Маңдайдан орын теуіп, әрі ірі түскен әжім иелері жаны жайсаң әрі пейілі кең, алды-артын бажайлай алатын адамдар.

Маңдайдан орын тепкен ұсақ әжімдер - бастаған ісін аяқтауға дәті шыдамайтын, әрі өсекке бейім адамдарда кездеседі.

Мұрынның маңайынан орын теуіп, әрі төмен қарай салбырай біткен әжімдер өмірден көп таяқ жеген адамда пайда болады.

Сондай-ақ, көздің маңайындағы көп әжімдер - иесінің бүкіл мүмкіндіктерін тауысқандығының айғағы.

Қастың маңайына бұрыштана орналасқан әжімдер мен умаждалған бет терісі сол адамның үнемі алаң көңілде жүретінін көрсетеді.

Ауыз, көз маңайынан орын теуіп, төмен қарай сырғыған ұсақ әжімдер адамның нервісінің әлсіздігін, сондай-ақ, маңдайдағы бұрыштанған әжімдер, агрессияға бейімділікті көрсетеді.

Просмотров: 1125 | Добавил: Sakura | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей