Понедельник
29.04.2024
19:00
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июнь » 4 » АРТЕРИАЛДЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ
16:29
АРТЕРИАЛДЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ

Артериалдық гипертензия - жүрек-қан тамыр жүйелерінде артериялдық қысымның ( АҚ) жоғарлауымен сипатталатын сырқат.

Жоғары АҚ инсульт, гипертониялық криз, жедел-жүрек жетіспеушілігі, миокард инфарктің, жедел бүйрек жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Ең қиыны, АҚ-мы жоғары адамдардың 50 %-ға жуығы өздерінің ауыратындығы туралы білмейді. Ал, білгендерінің өзінің көбісі АҚ-ын қалыпқа келтіру үшін ешқандай әрекет жасамайды.

Артериальдық гипертензия кезінде артериальдық қысым 130/90 мм с.б.б.-нан жоғары болады.

ҚАУІПТІ ФАКТОРЛАР

* Аз қимылдау.

* Дененің артық салмағы. Әрбір артық килограмм артериалдық қысымды 2 мм с.б.б.  жоғарлатады.

* Тұзды тамақтарды көп қолдану (тұздалған балық, тұздалған қияр мен қызанақ, тұзды саңырауқұлақ). Тағамдағы тұздың артық мөлшері гипертонияға ұшырау қаупін 7-11 есе жоғарлатады.

* Консервілерді, шұжықтарды, кофені т.б. пайдалану.

* Жүйкелік және физикалық шаршау.

* Жиі болып тұратын күйзелістер. Артериалдық гипертензиясы бар науқас міндетті түрде дәрігерге қаралып, ем қабылдауы керек.

 

ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ КРИЗ

Гипертониялық криз - артериялдық қысымның кенеттен күрт жоғарылауы. Артериалдық қысым толқудың, жүйкелік зорығудың, ұйқысыздықтың және ауа райының күрт өзгерунің нәтижесінде жоғарылайды.

 

БЕЛГІЛЕРІ

* Кенеттен пайда болған, ауру сезімін басатын дәрілік заттармен басылмайтын, бастың ауруы, бастың айналуы, жүрек айнуы, құсу. Ауру сезімі адам төзгісіз, солқылдаған сипатта, көбінесе қарақұс аймағында болады.

* Баста шу пайда болып, көз қарауытады.

 

ЕМІ

* Науқастың басына биік жасты қойып, төсекке жатқызу.

* Науқастың физикалық та, психикалық та тыныштықта болуын қамтамсыз ету.

* Сонымен қатар науқасқа таза ауамен тыныс алатындай жағдай жасау.

* Аяқ-қолдың ыстық ванналары.

* Дәрілік заттарды артериялық қысымды қадағалай отырып, қабылдату қажет.

* Бірден жедел жәрдемді шақыруды да ұмытпаған дұрыс.

С. Каримова

 

Просмотров: 2100 | Добавил: Sakura | Теги: артериалды гипертензияның алдын алу, артериалды гипертензияның емі, артериалдық гипертензия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Архив записей