Суббота
27.04.2024
20:22
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Май » 6 » АУА РАЙЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕРІ
16:55
АУА РАЙЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕРІ

        Күн райы өзгерген сайын адам әлсіреп, ұйқысы келіп, жұмыс істегісі келмей, басы зеңіп, т.б. әуреге түседі. Осындай кезде созылмалы сырқаттардың өршуі де жиі байқалады.  Денсаулықтың ауа райына осылайша патологиялық тәуелділігі - метеопатология деп аталады.

Кісінің өзін нашар сезінуі жыл мезгілдері ауысқан кездері де байқалуы мүмкін. Осындайда ең қауіпті кезең - көктем мезгілі болып табылады. Көктемде әртүрлі ағзалар мен жүйелердің биоритмдері өзгеріске ұшырайды. Бұның өзі, сәуір - маусымда, жалпы белсенділіктің төменгі деңгейінен (биологиялық қыстан) жоғарғы деңгейіне (биологиялық жазға) өтуіне байланысты.  Әртүрлі жүйелердің қозғыштығы жоғарлауы нәтижесінде, ағзаның қабыну және аллергиялық реакциялары күшейеді.

                                   

МЕТЕОПАТИЯЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

 *     Иммунитеті төмен адамдарда суық тию сырқаттары пайда болады.

* Созылмалы науқастарда аурулары өршиді, инсульттар, инфарктар, стенокардия ұстамасы жиілейді, жүректің ишемиялық ауруы өршиді.

* Гипертониктерде жүрек аймағында ауру сезімі, ентігу, жүрек айну, қан қысымының жоғарылауы, тіпті гипертониялық криз болуы мүмкін.

* Тыныс жолдарының сырқаттары бар науқастарда жөтел, ентігу, терінің көгеруі күшейеді.

МЕТЕОПАТИЯЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

* Шаршамай, әркез демалысқа уақыт табу.

* Тәулігіне ең кемінде 7-8 сағат ұйықтау.

* Күніне ең кемінде 1 сағат таза ауада жүру. Бұл 1 сағатты жаяу жүруге, кез-келген физикалық жұмысқа немесе сауықтыру жаттығуларына арнаған абзал.

* Бөлмелерді жиі желдетіп отыру керек.

* Күнделікті душ қабылдау. Ең дұрысы контрасты душ. Моншаға жиі баратын адамдар (аптасына 1-2 рет), әдетте, ауа райының өзгерістерін сезінбейді. Олардың қан тамырлары әртүрлі температуралық тітіркендіргіштерге бейімделгендігімен ерекшеленеді.

* Ас мәзіріне (әсіресе, көктемде) құрамында дәрумендері бар әртүрлі аскөктерді, жеміс-жидектерді, көкөністерді қолдану керек. Немесе олар болмай қалған жағдайда, құрамында янтарь қышқылы бар қоспаларды, дәрумендерді, микроэлементтерді қолданған жөн.

* Бастың ауруын немесе буындардың сырқырауын жеңілдету үшін құрамында магний бар тағамдарды ас мәзіріне енгізу дұрыс. Күнделікті ет, йогурт, айран, қатық, балық, теңіз қырыққабатын, бұршақ, фасоль, қабығымен пісірілген картопты, алма, сәбіз, кептірілген жемістерден жасалған компотты пайдаланған абзал. Грек жаңғақтары мен кәдуілгі бал да өте пайдалы.

С. Каримова

Просмотров: 2336 | Добавил: Sakura | Теги: ауа райының денсаулыққа әсері, метеопатия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей