Среда
01.05.2024
17:29
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июль » 15 » БАУЫР ҚЫЗМЕТІ БҰЗЫЛУЫ
14:13
БАУЫР ҚЫЗМЕТІ БҰЗЫЛУЫ

БАУЫР  ҚЫЗМЕТІ  БҰЗЫЛУЫ

БЕЛГІЛЕРІ

*  Оң жақ қабырға асты аймағында ауру сезімі немесе жағымсыз сезінулер.

*  Бауырдың үлкеюі.

 

ДӘРІГЕРГЕ  ҚАШАН  ҚАРАЛУ  КЕРЕК?

Бауыр қызметі бұзылыстарының алғашқы белгілері байқалған кезден-ақ дәрігерге қаралу керек.

 

ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ

*  Құрамында көп мөлшерде крахмалы бар азықтарды жиі қолдану (ақ ұннан жасалған тағамдар, картоп).

*   Мөлшерден тыс тамақтану (әсіресе ұйықтар алдында).

*  Ас мәзірінде қуырылған және бұқтырылған тағамдардың көп болуы.

 

ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫН ҚАЛАЙ ЖОЮҒА БОЛАДЫ?

 *  Ас мәзірінен алкогольді, қуырылған және бұқтырылған етті алып тастау.

*  Қымыздық (щавель), рауғаш (ревень) және саумалдық (шпинат) қолдануды азайту (бұлар кальций мен темірдің сіңірілуіне кедергі жасайды).

*  Күнделікті сүт тағамдарын, балық, жұмыртқа жеп тұру керек.

*  Күн сайын сарымсақтың 1-2 тісшесін жеу.

*  Жалбыздың (мята) тұндырмасын - 1 стақан  қайнаған, ыстық  суға -2 шай қасық жалбыз салып, бір тәулік бойы ішу.

*  Ұйықтар алдында көп тамақ жемеу. 

*  Тамақтану арасында 2 л су ішу (2-3 жұтымнан).

*  Ұйықтар алдында 1 стақан салқындаған, қайнаған су ішу керек. Жатар алдында 1шай қасық бал және бірнеше тамшы лимон шырыны қосылған су (цитрустар мен  балға аллергияңыз болмаған  жағдайда) ішу. Сусынды ішер алдында 1-2 сағат тамақ  қабылдамау керек.

 

ЕМ КЕЗІНДЕГІ КӨМЕК

*  Аптасына 1рет жеміспен тамақтану: мәселен, 2 кг қиярды күніне 5 кезекпен  қабылдау, аптасына 1-2 рет 1,5 қарбызды 5 кезекпен қабылдау.

*  Ас мәзіріне асқабақ шырынын немесе асқабақ ботқасын, сұлы қайнатпасын, сәбіз қайнатпасын, қозықұйрық, теңіз қырыққабатын, қызылша қосу керек.

Просмотров: 2390 | Добавил: Sakura | Теги: бауыр ауруларының емі, бауырдың үлкеюі, бауырдың аурулары | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июль 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Архив записей