Понедельник
29.04.2024
16:56
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июнь » 4 » БОТУЛИЗМ
16:18
БОТУЛИЗМ

Ботулизмнің қоздырғышы - өте күшті улы зат бөледі. Ол улы зат асқазан мен ішекке сіңіп, осы ауруды шақырады.

Ауруды консервіленген тағамдарды (көбінесе үй жағдайында жасалған) қолданған кезде жұқтырып алу мүмкіндігі зор.

Жасырын кезең бірнеше сағаттан 2-5 күнге дейін созылады.

КӨРІНІСІ

Жедел гастриттің белгілерінен басталуы мүмкін ( іштегі ауру сезімі, құсу, лоқсу, жүрек айнуы). Көздің көруі нашарлайды. Көмей мен жұтқыншақ бұлшық еттерінің салдануы дамиды. Өте ауыр жағдайында тыныс алу бұлшық еттерінің салдануын шақыруы мүмкін.

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Үй жағдайында консервілеудің ережелерін қатаң сақталуы тиіс. Үй консервілерін пайдаланудың алдында оларды міндетті түрде қайнатқан дұрыс. Ең дұрысы, тұрмыс жағдайында дайындалған консервілерді қолдан сатып алмаған абзал. Қақпағы ісінген банкілердегі азықтарды ас ретінде қолданбаған жөн.

Аурудың алғашқы белгілері білінісімен, бірден дәрігерге қаралу керек. Ботулизм - өте қауіпті дерт.

Ауыр жағдайларда 3-5 күн аралығында тыныс алу бұлшық еттерінің салдануынан, емделмеген жағдайда, науқас адамның өліп кетуі де мүмкін.

С. Каримова

Просмотров: 690 | Добавил: Sakura | Теги: ботулизмнен сақтану, ботулизмнің емі, ботулизм | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Архив записей