Вторник
30.04.2024
12:40
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июль » 20 » ДӘРУМЕНДЕР
21:25
ДӘРУМЕНДЕР

ДӘРУМЕНДЕР

Тәнге ішкен ас-сумен келетін және тәнде түзiлетiн органикалық белсендi заттар. Олар денедегi зат алмасу, қан жасау үрдiсiне қатысады, келеңсiз жағдайларға қарсылықты күшейтедi. Дамуды жетілдіреді. Дәруменге қажеттiлiк жүктілік және бала емiзу кезеңiнде, сырқаттану және сауығу уақытында, ой және дене еңбегiмен көп шұғылданғанда, ұзақ уақыт суықта жүргенде, тағы басқа жағдайларда артады. Дәруменнiң тәнге сiңуi егде тартқан кiсiлерде нашарлау болады. Қалбырлағѕан, сақтау тәртiбi бұзылған, тұрып қалған, ұзақ кептiрiлген, пiсiрiлген ˜өнiмдердей емес, жаңа ˜өнiмде дәрумен жақсы сақталады. Үнемi бiркелкi және құнарсыз тамақтан жағдайда, тәннiң дәрумен сiңiруi бұзылғанда оның жетiмсiздiгi – гиповитаминоз не авитаминоз дамиды.

Емдi гиповитаминоз белгiлерiне оған қарсы шипалық қуаты бар тағамдарға тоқталып өтелік.

А дәруменi (ретинол) жетiспегенде көздiң түнгi көруi мен түстi ажыратуы нашарлайды, терi бозарып, құрғап безеу мен iрiңдi бөртпе басады, тырнақ сынып, шаш қиылып-үзiлiп, табиғи жылтырлығы жойылады, ринит, бронхит, пневмония, гастрит ауруларына бейiмдiк туады. А дәруменi малдың бауырында, балықта, сары май мен тортасын айырған майда, iрiмшiкте, жұмыртқаның сары уызында, сәбiзде, қызыл бұрышта, көк пиязда, қызанақта, қымыздықта, шырғанақта, өрiк, бүрген, шетен жемiстерiнде көп. 

D дәруменi (кальциферол) жетiспегенде терлегiштiк, терiнiң бозаруы, жалпы әлсiздiк, ұйқы бұзылу, сүйек сынғыштығы пайда болады. Балаларда кеуденiң, бас сүйектiң, омыртқа жотасының қисаюы, тiс түсуi мен бой ˜өсуiнiң баяулауы, мешел (рахит) ауруына шалдығу байқалады. Әдетте D дәрумені сары майда, жұмыртқаның сары уызында, балық майында кездеседi. В1 дәруменi (тиамин) жетiспесе кiсi тез шаршап, бұлшық еті әлсiзденіп, тәбеті жойылып, ас қорытуы бұзылып, iш қатуына ұрынады. 

В1 дәрумені сыра ашытқысында, бидай нанында жармада (әсiресе сұлы мен қара құмықта), бұршақ тұқымдастарда, бауыр, бүйрек, жұмыртқаның сары уызы, өрiк, алмұрт, апельсин, қарбыз, шие, пияз, картоп, сәбiз, жаңғақ, сарымсақ, орамжапырақ, сельдерей, қызылша, асқабақ, аскөк (укроп), қымыздықта кездеседi.

В2 дәруменi (рибофлавин) жетiспегенде ерiн құрғап, кезерiп, езу жарылып, қабыршықтанып ұшық шығады, тiл құрғап, ашық қызыл түске енедi. Терiге түскен жараның баяу жазылуы, асқазан-iшек жолының, бауыр қызметiнiң бұзылуы байқалады. В2 дәруменi нан ашытқысы, ет, бауыр, жұмыртқа, сүт, iрiмшiк, сүзбе, бұршақ, қызанақ, қызылша, қарақат, таңқурай, аскөк, орамжапырақ, қарбыз, картопта кездеседi. 

В3 дәруменi (пантотен қышқылы) жетiспегенде дерматит пайда болады, шаш ерте ағарады, аяқ-қол тартылады (құрысу), iшек пен бауыр зақымданады. В3 астық дақылдарында, бұршақ тұқымдас ˜өнiмдерде, саңырауқұлақ, ашытқы (дрожжи) картоп, жұмыртқа, ет, балықта кездеседi.

В6 дәруменi (пиридоксин) жетiспеуi құрғақ дерматитке, депрессияға, тiтiркенгiштiкке, ұйқының қашуына, қартаюдың жылдамдауына, бойдың өсуiнiң тежелуiне, жүкті әйелдердің бетiнде дақ пайда болуына әкеледі. В6 дәруменi ет, бауыр, балық, жұмыртқаның сары уызы, ашытқы, көк бұршақ, орамжапырақ, сәбiз, қызылшада кездеседi.

Вс дәруменi (фолий қышқылы) жетiспесе терi мен көзге көрiнетiн шырышты қабықтардың құрғауы, бозаруы, тәбеттiң төмендеуi, лоқсу, қаназдық етек алады. Бұл дәрумен бауыр, бүйрек, iрiмшiк, ашытқы, бидай, саңырауқұлақ, гүлдi орамжапырақ, шпинат, петрушка, аскөкте кездеседi.

В12 дәруменi (цианкобаламин) жетiспеуi қаназдыққа, ас қорыту қызметiнiң бұзылуына, жүйке жүйесiнiң зақымдануына ұшыратады. Цианкобаламин сүт, iрiмшiк, ет, бауыр, бүйрек, балық уылдырығында мол.

Е дәруменi (токоферол) жетiспесе бұлшық ет әлсiрейдi, жыныстық қабiлет төмендейдi (жыныстық гормондардың түзiлуi бұзылады). Е өсiмдiк майында, жаңғақта, бұршақта, салатта, шпинатта, орамжапырақта, бидайда, жүгерiде, сұлыда (овес), етте, бауырда, сүтте кездеседi.

К дәруменi (филлохинон) жетiспегенде қанның ұюы нашарлап, бiр ақса тыйылмауы пайда болады. Қалақай, сәбiз, қызанақ, асқабақ, орамжапырақ, бауырда кездеседi.

РР дәруменi (ниацин, никотин қышқылы) азайса, ерiн құрғап, бозарып, қол мен мойын қызарады, терi қабыршықтанып, дақ түседi. Тiл iсiнiп, тiлiнiп, қабықтанып, құрғап, ашық-қызыл түске енiп, ауырады. Iштiң өтуi, тiтiркенгiштiк, ұйқының қашуы, көңiл күйдiң бұзылуы, iс-әрекеттiң баяулауы байқалады. РР бауырда, бүйректе, ашытқыда, етте, сүтте, бұршақта, бидай ұнында, қара құмықта, саңырауқұлақта, картопта, таңқурайда, аскөкте, жүзiмде кездеседi.

С дәруменi (аскорбин қышқылы) жетiспесе терi құрғап, бозарып, ерiн, құлақ, тырнақ көкшiлденiп, қызыл иектен қан кетедi, ашуланшақтық, ұмытшақтық дамиды, бұлшық ет әлсiреп, иммунитет төмендейдi. С дәрумені, әсiресе, итмұрында (шиповник), қарақат жемiсiнде, қызыл бұрышта мол. Сонымен қатар апельсинде, грейпфрутта, жүзiмде, шиеде, таңқурайда (малина), шырғанақта (облепиха), жаңғақта, қызылқауданды орамжапырақта, көк жуада, сарымсақта кездеседi.

С. Каримова

 

Просмотров: 2707 | Добавил: Sakura | Теги: дәрумендердің жеткіліксіздігі, дәрумендер, емі | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июль 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Архив записей