Понедельник
29.04.2024
16:45
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июнь » 4 » ЕРЛЕРДІҢ БЕДЕУЛІГІ
15:57
ЕРЛЕРДІҢ БЕДЕУЛІГІ

Еркектердің бедеулігі, әйелдердегі сияқты, көптеген сырқаттардың нәтижесінде дамуы мүмкін. Көбінесе ол аталық бездердің ауытқуларының нәтижесінде (орналасу, сандық ауытқулары және т.б.), инфекциялық қабыну ауруларының, ағзаның созылмалы улануы, дұрыс тамақтанбау, иондық сәулелендіру, жыныстық ағзалардың зақымдануы, зат алмасудың бұзылуы, жүйке-психикалық жағдайлардың т.б. нәтижесінде дамиды.

Эндокриндік бұзылыстар - 21 % жағдайда, жыныс ағзаларының туа біткен және жүре пайда болған ауытқулары - 7 % және иммундық факторлар - 3 % жағдайда еркек бедеулігінің себебі болып табылады.

Ер адамдардың зерттеулерден өтуі мәлімет жинаудан, жалпылай қарап тексеруден және урогенитальді статусты бағалаудан басталады. Жыныстық бездердің қызметін бағалауда шәуқатты зерттеу нәтижесінің маңызы ерекше зор. Бұл зерттеу 3-7 күн бойы жыныстық қатынасқа түспей, 14-15 күндік үзіліспен, 2 рет жасалынады. Екі зерттеудің нәтижелерінің айырмасы өте айқын болған жағдайда, 3-ші сараптама жүргізіледі.

Сперматозоидтардың қозғалғыштығы 4 сипатта бағаланады:

* Жылдам сызылмалы алға қозғалу

* Баяу сызылмалы және сызылмалы емес алға қозғалу

* Алға қозғалмауы немесе орнында қозғалуы

* Сперматозоидтардың мүлде қозғалмауы.

- Нормозооспермияға сперматозоидтардың қалыпты мөлшері мен сапасы сәйкес келеді.

- Олигозооспермия - сперматозоидтар мөлшерінің аз болуы .

- Тератозооспермия - морфологиялық қалыпты сперматозоидтардың саны 50 % дан төмен.

- Астенозооспермия - морфологиялық қалыпты алға жылжитын сперматозоидтардың саны 25 % төмен.

- Олигоастенотератозооспермияға жоғарыда айтылған бұзылыстардың бірнешеуінің қосарласа келуі.

- Азооспермия кезінде эякулятта сперматозоидтардың болмауы.

- Аспермия - шәуқаттың мүлде болмауы.

Шәуқаттың биохимиялық зерттеуін шәуқаттың морфологиялық және функциональды қасиеттерін тексеріп болғаннан кейін жасайды. Қалыпты жағдайда шәуқаттың құрамында жалпы мырыштың мөлшері 2,4 мкмоль немесе одан да көп, лимон қышқылының мөлшері - 10 ммоль/л немесе одан да көп, фруктоза - 13 ммоль/л немесе одан да көп болады. Аталық бездің көлемі қалыпты бола тұра сперматозоиттардың мөлшері  5 млн / мл-ден төмен ер адамдарға гормональдық зерттеу жүргізіледі. Қан плазмасының құрамындағы ФСГ және тестостерон мөлшерін, ал жеңсіктік жетіспеушілікте - пролактин деңгейі анықталады.

Инструментальдық зерттеулер варикоцелені анықтау және хирургиялық емнің нәтижелілігін қадағалау үшін жасалады. УДЗ қуық асты безі мен ұрық көпіршіктерінің жағдайын бағалау үшін жүргізіледі. Сонымен қатар иммунологиялық зерттеу мен инфекциялық скринингті жүргізілсе құба-құп.

ЕМІ

Консервативті (отасыз) және хирургиялық болып табылады.

Медикаментозды (дәрілік) ем, сперматогенезі бұзылған ерлерге көрсетілген. Ал, хирургиялық ем, варикоцеле, крипторхизм, шап-ұма жарығы, зәр шығару өзегінің туа біткен ақаулары, обтурациялық (бітелген) азооспермиясы бар науқастарға көрсетілген.

С. Каримова

Просмотров: 1146 | Добавил: Sakura | Теги: андрологтың кеңесі, ерлердің бедеулігі, ерлердің бедеулігін қалай емдейді, урологтың кеңесі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Архив записей